Серік Мырзалы философия оқу құралы


Аристотель және оның философиялық жүйесі



Pdf көрінісі
бет72/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   521
Аристотель және оның философиялық жүйесі
Аристотель
(384-322 б.з.д.) – көне заманның ең ұлы философы
заманының ең дарынды, жан-жақты білімі бар тұлға болған. Аристо-
тель сонымен бірге өз заманының ұлы қолбасшысы, үлкен империя 
жасаушы Ескендір Зұлқарнайынның оқытушысы ретінде де тарихта 
аты қалған.
Аристотельдің тағы да жасаған бір үлкен жұмысы – ол Афина 
қаласында даңқы бүкіл әлемге әйгілі мектеп – Ликейді ашады (қазіргі 
лицейлердің аты содан шыққан). Мектептің жанында үлкен бақ, ал онда 
адамдар серуендейтін үсті жабық жолдар болған, оларды грекше «пери-
патос» дейді. Тарихта Аристотельдің философиясын қолдап, ары қарай 
жалғастырған мектепті 
перипатетиктер
дейді.
Аристотель жан-жақты терең білімді тұлға болғаннан кейін, оның 
мұрасын ғалымдар бірнеше топқа бөледі.
Логикалық еңбектері (негізгі кітап 
«Органон», «Категориялар»
т.с.с.
Табиғат философиясына арналған еңбектері: 
«Физика»
8 кітап, 
«Аспан жайлы»
4 кітап, 
«Аспандағы құбылыстар жайлы»
т.с.с.).
Жан дүниесі философиясына арналған: 
«Жан дүниесі жөнінде», 
«Өмір мен өлім туралы», «Тыныс алу туралы»
т.с.с.
Тіршілік философиясына арналған: 
«Жануарлардың дене мүшелері 
жайында», «Жануарлардың дүниеге келуі туралы»
.
Бірінші физика
14 кітаптан тұратын. Соңынан 
«Метафизика»
деген атаққа ие болды.
Моральдық философияға арналған: 
«Никомахтың этикасы», 
«Үлкен этика».


84
Саясат пен экономикаға арналған: 
«Саясат», «Экономика», «Афи-
наның саяси өмірі».
Көркем сөйлеу мен көркем сөзге арналған: 
«Риторика өнері», «Өлең 
сөз жөнінде».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет