143
Сонымен, Пика делла Мирандолла адамның еркін тек қана күнәға
апаратын жол деп түсінген Ортағасырдағы ойшылдарға қарсы шығып,
керісінше, ол адамға берілген құнды сый деп түсінді.
Мұндай гуманистік көзқарас философия тарихында ұмыт болып
қалмай, керісінше, оның ары қарай дамуындағы негізгі мәселенің біріне
айналады.
§ 3. Николай Кузанский – Қайта өрлеу заманы
философиясының ұлы тұлғасы
Николай Кузанский
(1401-1464 жж.) жас кезінде Падуя универ-
ситетінде (Италия) оқып, соңынан діни қызметпен айналысады.
Ол өзінің ой-санасында ортағасырлық философия мен Қайта өрлеу
заманындағы гуманистік ой-пікірді ұштастырды. Ұлы ойшылдың діни
еңбектерінен басқа философиялық туындылары да біршама. Солардың
ішіндегі ең таңдаулысы «Ғылыми білімсіздік» деп аталады.
Енді сол «ғылыми білімсіздік» деген қайшылықты ұғымның мән-
мағынасына тоқталайық. Белгілі бір нәрселер жөніндегі ақиқатты іздеу
жолында біз анықталмағанды – анықталғанмен, белгісізді белгілімен
т.с.с. салыстырамыз. Сондықтан бұл өмірдегі шектелген заттар жөнінде
белгілі бір пікірлер айту онша қиын емес. Ал енді
шексіздікті
зерт-
теген кезде, біз басқаша жағдайға кез боламыз. Шексіздікті біз көз
алдымызға елестете алмаймыз, оның көлемі бізге белгісіз, біз оны еш
нәрсемен салыстыра алмаймыз. Бұл адамның (әрқашанда
Достарыңызбен бөлісу: