Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет2/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   521
Алғы сөз ретінде. 
Философияны оқу біз үшін неге керек?
Философия дүниеге адамзат өркениеті қалыптасып жатқан шақта 
келген-ді. Алғашқыда бұл пәнді Платонның Академиясы, Аристотельдің 
лицейінде оқытты, XIII ғ. бастап алғашқы университеттер ашылғаннан 
бері күні бүгінге дейін Жер бетіндегі әрбір елдегі жоғары оқу орында-
рында философия пәні оқытылып, одан емтихан тапсырылады. «Фило-
софиясыз жоғарғы білім жоқ», – деген пікір дүниеде кең тараған.
Бір қарағанда, философия жөнінде әр адамның өз түсінігі бар 
сияқты. Өйткені адам – жануар емес, оның ішкі түйсіктері сөніп, 
тарихи даму барысында олардың орнына ақыл-ой, зерде келіп, тұл-
ғаның дүниені пәлсәпалауына, яғни толғауына мүмкіндік береді. 
Алайда толғаудың өзі де әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, біреу күнбе-
күнгі өмірде пайда болатын ұсақ мәселені таудай қылып көрсетіп, оны 
философиялық деңгейге көтергісі келеді. Ал екінші адам адамзаттың 
бүгінгі таңда қорланған келелі де өткір мәселелері жөнінде ойланып, 
терең философиялық ойдың шеңберінен шығудың жолын іздейді. 
Сондықтан да болар, ХХ ғ. ұлы ойшылы М.Хайдеггер бүгінгі адамзатқа 
көңілі толмай: «Біз әлі де болса ойланбаймыз», – деген тосын пікір 
айтқан болатын. Расында да, бір мереке қарсаңында жақын достар 
біреуінің үйіне жиналып, бірнеше жұтым шарап ішкенде, оның түсі, 
иісі, дәмі, мөлдірлігі және т.б. қасиеттеріне көңіл аударып, одан ләззат 
алғысы келеді. Дегенмен де олар осы ішіп отырған шарап олардың 
дастарқанында қалай пайда болды деген сұрақты өздерінің алдына 
қоймайды. Ал ол жөнінде ойлансақ, жүзім шыбығын бір адам ертеде 
құнарлы жерге отырғызған болатын. Оның тамаша күтімінің арқасында 
ол тамырларын тереңге жіберіп, әсем де жалпақ жапырақтарын жайды. 
Бір жағынан, жапырақтарымен Күн сәулесінің энергиясын бойына 
сіңіріп, екінші жағынан, тамырларымен жердің нәрін алып, оларды 
бір-бірімен қосып, жүзімнің ішіне құйды. Ал мұның «Ұлы мәртебелі 
Табиғаттың» өзі адамға берген сыйы емес пе? Ары қарай шарап 
жасаушының өте нәзік жұмысы басталады – ол жүзім шырынынан 
хош иісті шарапты тудырады... Енді сол шарапты ішкендер өздерінің 
сол сәтте ғарышпен, осы дүниенің негізінде жатқан, Жер бетінде сан 
алуан өмір формаларын тудырған бір сиқырлы рухани күшпен байла-
нысты екенін, өкінішке қарай, сезбей де қалады... Осы сияқты қайсыбір 
зат жөнінде терең ойлануға болады. Сондықтан да болар, М.Хайдеггер 
бүгінгі адамзатқа көңілі толмай, қазіргі адамның «Болмыстың шақыру 
үнін» мұқият тыңдамай, оның қойған сұрақтарына дұрыс жауап бере 
алмай отырғанына қынжылады.


4
Расында да, егер бүгінгі адамзат философиялық деңгейде ойлан-
ғанда, біз қазіргі экологиялық дағдарыстың шегінен анағұрлым алшақта 
болмас па едік?! Мыңдаған жылдар бойы Сарыарқаның көркі, ерекше 
нышаны болған ақбөкендер қайда? Көк түтіннен тұншығып жатқан 
қаншама қалаларымыз бар! Оның сыртында, бүгінгі адамзат қаржы-
экономикалық дағдарыстан шыға алмай, рухани азғындау үстінде, 
сүйіспеншілікке негізделген нағыз адами қатынастар оның жаттанған 
түрлеріне ауысуда. Біршама артта қалған елдерде бүгінгі таңда басқа 
адами қажеттіліктерін өтемек түгіл, аш-жалаңаш жүрген адамдар 
қаншама? Егер адамдардың, ең болмағанда, қарапайым қажеттіліктері 
өтелген жағдайда, бүгінгі адамзатты шарпып кеткен экстремизм мен 
терроризмнің ауқымы (ал ол өмірден түңіліп, ашынып, торынған 
адамдардың ісі емес пе?), сөзсіз, анағұрлым аз болар еді. Мұндай 
деректердің сан алуанын әлі де келтіре беруге болады.
Философия жөнінде қоғам өмірінде әртүрлі пікірлер бар. Енді 
солардың кейбіреуін талдап көрелік. Кейбіреулер философияны 
өте дерексіз, өмірдің «жанып тұрған» мәселелерінен алшақ жатқан 
ілім деп есептейді. Мүмкін, ол ой өрісі таяз топтардың «ойыны» 
болар, ал философтардың өздеріне келсек, олар жерден гөрі аспанда 
қалқыған «қиял әлемінің» тұрғындары сияқты. Бірақ та олар оқтын-
оқтын адамзатпен өз үрейлерін бөлісіп, бүгінгі рухани дағдарыстан 
шығу жолдарын көрсеткісі келеді. Мысалы, өткен ғасырдың 60 ж.ж. 
«Рим клубы» деп аталатын қоғамдық ұйымның өкілдері адамзатқа 
индустриалдық дамудың шегін көрсетіп, жақындап қалған эколо-
гиялық апат жөнінде айтқан болатын. Алайда ол жер бетінде 
алғашқыда үлкен қобалжу тудырғанмен, көп ұзамай ұмытылып 
қалды. Одан да ерте, 50 ж.ж. Францияның ұлы діни ойшылы 
П.Т. де Шарден өзінің атақты «Адам құбылысы» деген еңбегінде 
әулиелікке тең келетіндей болжам жасаған болатын. Оның ойынша, 
ғылыми-техникалық өрлеу болашақта адамзаттың орасан зор күш-
қуатын босатып, оны қай бағытта жұмсау керектігі негізгі мәселеге 
айналады. Оның пікірінше, ол күш-қуат өмірдің жаңа формаларын 
тудыруға, адамзаттың рухани жаңаруына, «Омега нүктесіне», яғни осы 
жер бетіндегі тіршілікті тудырған рухани бастамаға жақындата түсуі 
керек. Алайда адамзат басқа жолды таңдады. Бүгінгі таңда стадионға 
жиналған жүз мың әулекінің күркіреген дауысын, сондағы адамдардың 
өліміне әкелетін төбелестерді, «супер-жұлдыздардың» мыңдаған 
жастардың тағы түйсіктерін оятып, ессіз жағдайға жақындататуын, 
«ережесіз ұрыстарды» т.с.с. теріс құбылыстарды көргенде, біз сол бойда 
бүгінгі қоғам жастардың энергетикасын қайда «төгіп», қай бағытқа 
«итеріп» жатқанын байқаймыз.
Екінші дамыған елдерден келіп жеткен жол – «тұтыну қоғамын 
қалыптастыру», көп ақша тауып, мейлінше көп заттар сатып алып, 


5
солар арқылы өз «кереметтігіңді көрсету», өмірдің терең мәнін 
неғұрлым қымбат, басқаларда жоқ заттарды иелену арқылы іздеу... Ал 
мұның өзі адамзаттың мыңдаған жылдар бойғы ізденісіне, қайсыбір 
діндегі «жалғыз нанмен ғана емес» деген қағидасына қайшы келеді...
Екіншілердің ойынша, философияны оқымай-ақ «әр адам өзінше 
философ», өйткені оның санасы бар, ол өмір жөнінде ойланып толғана 
алады. Мұндай көзқарас ғасырлар бойы сақталып келеді. Енді оның 
жалғандығын дәлелдеп көрелік. Уақытында Г.Гегель адамның миымен 
қатар, аяқкиімнің өлшемі ретінде аяқтарының да бар екенін мысқылдап 
айтқан болатын. Бірақ етікшіден басқа адам: «Мен етікшімін», – деп 
айта алмайды. Ол үшін бұл мамандықты игеру, терінің, басқа керек 
материалдардың қасиеттерін білу, дизайнерлік талант қажет.
Сонау көне заманда гректер адамның 25-ке қарай физикалық 
пісіп жетілетінін, тек 40-қа қарай рухани жетіліп, дүние жөнінде 
терең ойланатын дәрежеге көтерілетінін айтқан болатын. Оны олар 
«акме» жасы деген. Алайда философияны оқымаған адамның дүниеге 
деген көзқарасы бұрмаланған, әлсіз, нағыз адами құндылықтарға 
негізделмеген де болуы мүмкін емес пе? Мысалы, біреу құйттай ғана 
«Құдай да ұмытқан ауылда» кедей адамның отбасында дүниеге келіп, 
дұрыс толыққанды білім ала алмай, ересек өмірге аттанады, талай 
зардаптан өтеді, қатыгездіктің талайынан дәм татады... Оның «адам 
адамға – қасқыр» екен ғой деген көзқарасы қалыптасады, қалаға кел-
генде, оны «тастан салынған джунгли» екен деп есептеуі мүмкін емес 
пе? Мұндай көзқараспен осы адам бұл дүниеде бақытты бола алар 
ма екен? – Әрине, жоқ, – дер едік. Мұндай адам жүре келе ішімдікке 
салынып, я болмаса қылмыстық жолға түсіп өзін тұлға ретінде құртуы 
мүмкін. Тіпті өз Құдайын іздеп, бір діни сектаға кіріп кетуі де ғажап 
емес...
Мәселенің екінші жағы – адам өмірінің тым қысқалығы, оның 
кірпік қағысқа тең екендігі. 40 жас – адам өмірінің ең биік шыңы, оның 
барлық қабілеттерінің ашылып гүлденуі. Ары қарай адам өмірі бірте-
бірте әлсіреп, өз соңына қарай кете барады...
Олай болса, біз ең тиімді үшінші көзқарасқа келіп тірелдік. Ол –
философияны оқудың жастарға, жалпы алғанда, әр адамға деген маңыз-
дылығы. Сондықтан да бірде-бір мемлекет азаматтарының бейберекет 
жолмен қашан пісіп-жетілуін күтпейді, ол өз жастарына философия 
шеңберінде соңғы 2,5 мың жылда жиналған рухани құндылықтарды, 
даналықты, дүниетанудағы ізденіс жолдарын саналы түрде студент-
терге уағыздайды. Жоғары мектепті бітіргенде, жас азамат ересек 
өмірдің есігін ашып, қоғам өмірінің барлық саласына белсенді қатысуға 
даяр болуы қажет. Жас дос, олай болса, философияның қақпағын аша, 
даналық әлеміне саяхат жасап, одан ләззат алайық.


6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет