248
этикалық сатыда жалпылықты iске асыруға тырысады. Осы арада
үлкен қайшылықтар пайда болады – адамның iшкi өзiндiк сезiмдерi
оны бiр жаққа жетелесе, қоғамдағы этикалық
нормалардың талаптары
оны екiншi жаққа сiлтейдi. Парыз талаптарына сай келуге тырысып,
адам бiржақты, сезiмi сарқылған, машинаға ұқсас пендеге айналады.
Бұл бағыт барған сайын тереңдей түсiп,
қайғылы қайшылықтарға
әкеледi, өйткенi уақытқа тәуелсiз моральдық сана өтпелi адамның
сезiмдiк iңкәрiнен өзiнiң iргетасын, тұрақтылығын таба алмайды.
Адам моральдық жағынан алып қарағанда өз-өзiне жеткiлiктi пенде
бола алмады.
Кьеркогер оның себебiн, Августин сияқты, адамның туа
күнәлiгiнен көредi.
Бұл арада «әлде-әлде» принципi таңдау мәселесiн шешпейдi, өйткенi
екi сатының да үлкен кемшiлiктерi бар, сондықтан «ол да емес, бұл да
емес» деген тұжырымға өмiр диалектикасы әкеледi. Олай болса, адам
үшiншi, соңғы
сатыға өту шешiмiне келiп, қасіретті секiрiстен өтедi.
Бұл саты
дiни шеңберде
өтпек. Кьеркогер өз заманындағы адамдарға
ренжiп, олардың ғылыми танымның кереметтiгiне сенiп, адамның өмiр
сүруi мен iшкi рухани тебiренiстерiнен пайда болатын мәселелердi
ұмыт қалдырғаны туралы айтады. Тек қана дiни сатыға көтерiлген адам
ғана ол мәселелердi өзiнiң өмiрiнiң негiзiне айналдырады. Адам күнәлi
пенде ретiнде
өзiнiң кiнәсiн мойындап, Құдайдың өзiмен сұхбатқа
түсiп, өз-өзiн табады. Ал мұның өзi үлкен зардап шегу арқылы келмек.
Дiни сатыны айқын суреттейтiн – Киелі кітаптағы Ибраһимнің
бейнесi. Ол Құдайға сенуiнiң кепiлi ретiнде өзiнен туған сүйiктi
жалғыз баласын құрбандыққа шалуға дайын. «Үрей мен қалтырау»
деген еңбегiнде Кьеркогер осы Киелі кітаптың сюжетiн толығынан
егжей-тегжейлі талдап, дiни және этикалық сатылардың арасындағы
шешiлмейтiн терең қайшылықтарды көрсетедi. Расында да, мораль-
дық жолмен талдағанда, Ибраһимнің iсi адамгершiлiктен өте алшақ,
ол моральдық
парызды ғана бұзып қойған жоқ, үлкен кешiрiлмейтiн
қылмысқа шейiн баруға дайын. Ибраһим мен Сократтың ниеттерiнiң
арасындағы қашықтық – шексiз. Сократ у iшiп, өзiнiң өмiрiн моральдық
принциптi орындау жолында қияды. Ал Ибраһимге болса, ол Құдайдың
әмiрiн орындау жолында, соған
сенгендiктiң кепiлi ретiнде, өз туған
баласын бауыздап, содан пайда болатын бүкiл ауыр моральдық жүктi,
күнә мен кiнәнi мойнына алуға дайын. Мұндай өте қиын қайшылықтар
өмiрдiң
Достарыңызбен бөлісу: