259
Ендi Н.А.Бердяевтiң тарих философиясына келер болсақ, онда
«уақыт» санаты үлкен орын алады. Егер дүниедегiнiң бәрi шектел-
ген болса, соңы бар болса, тек шығармашылық арқылы ғана оның
ар жағына өтiп кете аламыз.
Шығармашылық
мәңгiлiкке әкеледi,
бiрақ ол шексiз уақыт емес, –
уақытты аттап өтетiн жаңа сапа
.
Осы себептi тарихтағы шексiз жоғары өрлеудi қабылдауға болмайды.
Тарихтағы соңғы «жұмақта» өмiр сүретiн буындар өткен
шексiз санды
адамдардың өмiрiн
сол мақсатқа жетудiң
құралына
айналдырады.
Мұндай жағдайда адамзат тарихының мән-мағынасы жойылатыны
хақ. Өткен дәуiрдi, оның мәдениетiн толыққанды
қабылдамай, дұрыс
болашақты
да орнату мүмкiн емес. Шiркiн, Н.А.Бердяевтiң терең
тарих жөнiндегi осындай ойларын саясаткерлер жете бiлсе ғой!!! Сонда
реформа барысындағы қателiктер де аз болар едi.
Жалпы алғанда, Н.А.Бердяевтiң тарихи көзқарасын өмiршеңдi
деп атауға болады: адамзат рухани жаңарудың негiзiнде қайта
өрлеуге мүмкiндiк алады. Болашақ қоғам екi принципке негiзделедi:
аристократиялық – тұлғаның толыққанды шығармашылық дамуын
көрсетедi, ал демократиялық – әдiлеттiлiк пен достыққа шақырады.
Тарих философиясындағы Н.А.Бердяевтiң талдап, өзiнiң шешiмiн
берген екi санатын көрсетпей болмайды – олар мәдениет пен цивили-
зация.
Достарыңызбен бөлісу: