Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет365/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   521
ашық
болуы керек, яғни ол айнала қоршаған 
ортамен зат, энергия, ақпарат алмасуына түсуі қажет;
– жүйе термодинамикалық 
теңдіктен алшақ
болуы қажет. 


405
Іс жүзінде дүниедегі кездесетін жүйелердің бары де осындай. 
Классикалық физикадағы бөлініп қаралатын жабық жүйелер – жасанды 
және идеализацияланған.
Оның тікірінше, синергетика ғылымы ашық та тұрақтанбаған 
жүйелерде даму үдерісі күрделену мен ретке келудің өсуімен таны-
лады. Алғашқы сатысында даму үдерістері бірте-бірте, алдын ала 
болжауға болатын салдарлар әкелуі мүмкін. Бірақ жүре келе, дами-
тын жүйе өзінің тұрақсыздық, аумалық (бифуркация) жағдайына келіп 
тіреледі. Міне, осы сәтте секіріс арқылы зат өзінің жаңа, бұрынғыдан 
да гөрі күрделенген, ретке келу деңгейі өскен сатысына ауысады. 
Тек бұл арада назар аударатын нәрсе – зат өзінің аумалы, тұрақсыз, 
бифуркация нүктесіне келген кезде, «ұлы мәртебелі кездейсоқтық» 
арқасында көп мүмкіндіктердің біреуі ғана іске асады. Олай болса, 
бұл жүйелердің дамуын алдын ала болжау мүмкін емес. Әрине, 
қазіргі компьютерлік есептерге сүйене отырып, әртүрлі нұсқалардың 
мүмкіндігін шығаруға болады. Бірақ олардың қайсысы жеңеді, оны тек 
кездейсоқтық шешеді.
Осындай күрт даму, күрделену сатысындағы жүйе айнала қоршаған 
ортадан зат, энергия, ақпарат алып пайдаланады да, оның құлдырауын, 
бейберекеттігін өсіреді. Тәртіптің деңгейін көтеру үшін оған «төлем» 
жасалуы қажет: энергия мен ақпараттың өсуі осыған байланысты. 
Мысалы, АҚШ – өте қатты дамыған, ары қарай күрделену жолындағы 
ел. Ал оны қамтамасыз ету үшін жыл сайын энергия қажеттіктері өсіп, 
сонау мыңдаған шақырым алыстағы Парсы шығанағын, соңғы кезде 
Каспий теңізін олар «ұлттық мүдделілік» аймағы деп отыр.
Белгілі бір биік ұйымдасу дәрежесіне көтерілген зат, я болмаса 
құбылыс айнала қоршаған ортадағы неше түрлі үдерістердің ықпалында 
болып, оған қарсы «шаралар» қолданады. Бірақ оның мүмкіндіктері 
шектелген, ал айнала қоршаған ортадағы үдерістер шексіз. Сондықтан 
ертелі-кеш қандай биік дәрежеде ұйымдасқан нысан болса да сыртқы 
ықпалдарға қарсы тұру мүмкіндіктерін сарқыған кезде, құлазып, 
соңынан хаосқа айналады. Бірақ хаостың шеңберінен тағы да тұрақты, 
ұйымдасқан, күрделенген заттар мен құбылыстар дүниеге келіп жатады 
да, соңынан хаосқа қайта өтеді. 
Сонымен, синергетика ғылымы дамуды тек тіршілік әлеміне 
ғана жатқызбай, бүкіл әлемдегі өлі және тірі табиғат, қоғам, рухани 
өмір – бары де өзара даму мен хаосқа айналу үдерісінде деген 
тұжырымға келеді. Бұл үдерісте «кездейсоқтықтың» мәні күрт өсіп, 
ешкім, ешқашанда дүниенің болашағын анықтай алатын болжамдар 
жасай алмайды. Дүние ешқашанда өзінің кемеліне келмейді, соның 
арқасында ол өне бойы даму мен ыдырау үдерісінде. Оны қазақ халқы 
«жалған», «арман» деген сияқты ұғымдармен сезінген. 


406


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет