Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет370/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   521
§ 15. Мазмұн және форма
Келесі талдайтын санаттар – мазмұн және форма, өйткені біз бол-
мысты талдауда ары қарай тереңдей түсеміз. Мазмұнға зат, я бол-
маса құбылыстың барлық құрамдас бөліктерінің жиынтығы, олардың 
қасиеттері мен байланыстары, қайшылықтары жатады. Форма деп 
мазмұнның өмір сүру тәсілін, оның ішкі ұйымдасу тәртібін айтамыз.
Мысалы, М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын алсақ, оның 
мазмұнына қазақ халқының сайын даласындағы ХІХ ғ. сан қилы 
оқиғалар, Абайдың өмір кезеңдері, оның философиялық толғаулары 
т.с.с. жатады. Романның формасына келер болсақ, оған әртүрлі 
тараулардың бір-бірімен байланысы, автордың стилі, көркем сөзінің 
ерекшеліктері т.с.с. жатады. Ол – романның ішкі формасы.
Сонымен қатар роман баспадан оқушыларға арналып, арзан қағазға 
басылып, жұмсақ мұқабамен түптелуі мүмкін, ол – оның сыртқы фор-
масы. Ол басқаша да болуы мүмкін: қымбат ақ қағазға басылып, ішінде 
суретшінің жасаған құнды түрлі түсті суреттемелері де болуы мүмкін. 
Заттың сыртқы формасы кейбір жағдайда өте мәнді болып келеді. 
Мысалы, ұшақтың, сүңгуір қайықтың, автомобильдің т.с.с. сыртқы фор-
масы мақсатқа лайықты болмаса, ол өз қызметін дұрыс атқара алмас 
еді. Сондықтан ғалымдар құстың қанатын, балықтың дене формасын 
зерттеп, оны осы өндірістерде пайдаланады.
Тарихи форма спнптын философияға енгізген ұлы Аристотель 
болды. Оның ойынша, материя, енжар, өзіндік дамуға мүмкіндігі жоқ, 


419
езілген саз сияқты. Оны дүниеге келтіретін, дамытатын – форма ғана. 
Материя – формасыз, форма материясыз өмір сүре алмайды.
Жаңа дәуірде материяның ішкі өзіндік күш-қуатын мойындап, 
оның белсенділігі мен форманың оған тәуелділігін көрсеткен Ф.Бэкон 
болған-ды.
Тарихи түрде Гегель алғашқы рет мазмұн санатын философияға 
енгізіп, оны материя мен форма арасындағы дәнекер ретінде қарайды.
Маркстік философияда мазмұн мен форма даму үдерісін анықтауда 
пайдаланылатын санаттар ретінде қаралады.
Бүгінгі таңдағы нәтижелерге келер болсақ, мазмұн мен форманы 
бір-бірінен айыруға болмайды, қайсыбір мазмұн формаланған, форма – 
мазмұнды; олар қайшылықты бірлікте, даму үдерісінде бір-біріне өтуі 
мүмкін; бір-біріне сай келгенде ең тиімді даму үдерісі жүреді.
Мазмұн мен форманың арақатынасын талдауда бір-біріне қарсы 
екі пікір бар. Сонау Аристотельден келе жатқан көзқарас – форманың 
белсенділігі.
Екінші, негізінен алғанда, маркстік философиядағы көзқарас – 
мазмұнның бастаушылығы мен форманың тұрақтылығы. Заттың 
мазмұны басқалармен өне бойы байланыста болғаннан кейін өзгеріске 
ұшырап, белгілі бір кезеңде ескі формаға сыймай, оны өзгертеді, жаңа 
пайда болған форма мазмұнның ары қарай дамуына жағдай туғызады.
Біз, жалпы алғанда, екінші пікір дұрыс па деген ойдамыз. Сонымен 
қатар қоғам өмірінде саналы адамдар өмір сүргеннен кейін, олар жаңа 
формаларды тудырып, мазмұнды соған сай етіп өзгертеді. Ол әсіресе 
айқын өтпелі даму кезеңдерінде көрініп отыр. Экономика саласындағы 
жаңа меншік формаларын өмірге енгізу шаруашылық үдерістерінің 
күрт дамуына жағдай жасады. Муниципалдық, зейнеткерлік рефор-
малар жаңа формаларды енгізу арқылы жүруде, соның арқасында бұл 
салаларда да үлкен өзгерістер байқалады; қоғам өміріне жаңа форма-
ларды енгізу, негізінен алғанда, жаңа заңдарды қабылдау арқылы іске 
асып жатыр.
Мұндай мысалдарды көбейте беруге болар еді, оның бәрі де қоғам 
өміріндегі форманың белсенділігін, оның мазмұнға қарағанда алда 
жүретінін көрсетеді.
Сонымен қатар форманың мүмкіндіктерін асыра бағалау формализм 
деген теріс құбылысты тудырады. Ол әсіресе басқару жүйесіндегі шен 
иелерінің қызметіне байланысты. Ондай адамдарды халық «қағаздан 
жасалған жан» (бумажная душа) деп атайды. Олар мәселені мазмұнына 
қарап шешудің орнына, неше түрлі ұсақ-түйекке арқа сүйеп, тежейді.
Реформа барысындағы көп өзгерістер өмірге жаңа заңдар, форма-
ларды енгізуге байланысты екенін жоғарыда көрсеттік. Бірақ, сонымен 
қатар барлық енгізілген жаңалықтар жақсылыққа әкелді деп айту да 


420
қиын. Мысалы, бұрынғы совхоздар мен колхоздарды жою, тіпті жақсы 
пайдалы жұмыс істеп тұрған кейбір шаруашылықтарды жасанды түрде 
банкрот ету, әрине, ауыл шаруашылығын дамытуда жасалған үлкен 
қателіктердің бірі болды. Тиімді саясат арқылы сол ескі формаларға 
жаңа мазмұн беріп дамытуға, әрине, болар еді. Қазіргі уақытта 
кішігірім фермерлер өндірісті дамытуға күштері жетпей, қайта бірігіп 
жатыр. Алып жерлерді игеріп жатқан қаланың лендлордтары тек өз 
қамын ойлауда, бұрынғы ауылдың құрылымы әсіресе әлеуметтік сала 
жан аярлық халде. Олай болса, әңгіме тек жаңа формаларды енгізуде 
ғана емес, сонымен қатар жаңа жағдайда дамуға мүмкіндік жасай ала-
тын ескі формаларды да ұқыпты пайдалануда болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет