Серік Мырзалы философия оқу құралы


«біржақты» дамыған, тек өз саласын ғана жақсы



Pdf көрінісі
бет402/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   521
«біржақты» дамыған, тек өз саласын ғана жақсы 
білетін
мамандардың дүниеге келуіне себеп болады. Қарап отырсақ, 
Батыс елдеріндегі рухани дағдарыстың себептерінің бірі осында болса 
керек. 
Жалаң технократизм
дұрыс нәтижеге әкеледі деп айту қиын. 
Екі-ақ мысал келтірейік. Қытай елінде (5 мың жылдық өркениеттігі бар) 
мыңдаған жылдар бойы мемлекеттік жұмысқа өтерде конфуциандық 
этикадан емтихан
қабылданады. Тұлғаның моральдық қасиеттері 
егжей-тегжейлі тексеріледі. Әрине, жемқорлықты түбегейлі жою, 
қай елде де, мүмкін емес. Бірақ ол елдегі жағдай, бұл жағынан алып 
қарағанда, мүлде өзгеше. Біздің елде Конституция мен екі-үш заңды 
білсең болғаны, мемлекет саласында жұмыс істеуге жол ашылады. 
Көп жағдайда жоғарғы лауазым иелерінің халық алдында берген анты 
үстірт рәсімге айналып отыр. Бірде-бір антты бұзған шен иесі туралы 
ақпарат естіген жоқпыз: мүмкін, ондай мемлекет қызметкерлері біздің 
елде болмаған шығар?!
Екінші мысал ретінде Англия премьер-министрі Тони Блеердің 
қазан айындағы (2005) парламент алдындағы сөйлеген сөзін айтсақ та 
болғаны. Ол Еуропа жоғары білім беру жүйесін реформалау керектігін, 
Қытай мен Үндістан елі жоғары мектептерінің 
олардан озып кету 
мүмкіндігін
басып айтты. Ал біздің Еуропа стандарттарын жалаң 
еліктеушіліктің негізінде қабылдап жатқан жағдайымыз бар. Шығысқа 
қарай «мойнымызды бұрып», ондағы жиналған тәжірибені де игерсек 
дұрыс болмай ма? Мұндай жағдайда біздің телеэкранда араларында 
жантүршігерлік кадрларды көрсетіп, «Биллды өлтіру-1», «Биллды 
өлтіру-2», «Биллды өлтіру-3» деген жарнамалар болмас еді.
Әрине, білім беру жүйесі бүгінгі заманда өне бойы өзгерісте болуы 
керек. Сонда ғана біз арттақалушылықпен мәңгілік қоштасамыз. 
Электрондық, мультимедиалық құралдар да кеңінен пайдалануы керек. 
Неше түрлі тестілерді де оқу барысында қолдану қажет. Бірақ қай елде 
болса да, тек қана мыңдаған жылдар бойы өзгермеген бір нәрсе бар: ол – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет