Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет424/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   521
ә) саясат философиясы
Қоғам өмірінің келесі саласы – саяси-құқықтық сала. Ол сонау 
көне цивилизация дүниеге келген кезде пайда болды. Ұлы Аристо-
тель адамды «Zoon Polіtіcon» – саяси жануар деп сол кезде-ақ атап 
кеткен болатын. Сол заманнан бері осы уақытқа дейін адам саяси 
пенде, өйткені ол – әрқашан белгілі бір таптың, я болмаса ұлттың т.с.с. 
үлкен топтың өкілі. Әрбір әлеуметтік топ қоғам өміріндегі өз орнын 
анықтауға тырысып, өз мүдделерін қорғап, осы жолда басқа топтар-
мен қарым-қатынасқа түседі. Олай болса, саясат миллиондаған ортақ 
мүддесі бар адамдардың мақсат-мұраттарын шыңдап, қоғам өміріне 
әкеледі. Саясаттың екінші жағы – әртүрлі мүддесі бар топтардың 
басын біріктіріп, қарым-қатынастарын ретке келтіріп, қоғамның 
біртұтастығын сақтап қалу болмақ.
Олай болса, заңды сұрақ туады: саясаттың қандай қасиеттері 
қоғамның біртұтастығын сақтап, әртүрлі топтардың мүдделерін бір-
бірімен ретке келтіреді? Оны біз биліктен табамыз. Бірақ саяси билік – 
жалпы әлеуметтану категориясы ретіндегі биліктің бір түрі ғана. 
Расында да, біз тұлғаның өз-өзін билейтіні, адамның табиғатты, әкенің 
баланы, қылмыскердің банданы т.с.с. билейтіні жөнінде айтамыз. 
Тіпті, керек десеңіз, жануарлар үйірінің шеңберінде де билікке ұқсас, 
зоологиялық күшке негізделген ретке келтірушілік бар. Сондықтан да 
болар, уақытында Ф.Ницше «билікке деген ырықты» субстанциялап, 
жалпы дүниенің негізінде жатқан құбылыс деп есептеді.
Әрине, қоғам күрделі дәрежеде ұйымдасқан жүйе ретінде әрқашанда 
белгілі бір тәртіпсіз өмір сүре алмайды. Олай болса, билік – адамзаттың 
мәңгі серігі. Шындап келсек, алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінің 
өзінде демократияның алғашқы қайнар көздері пайда болады, өйткені 
рудың ішіндегі қарым-қатынастарды, басқа рулармен қатынастарды, 
қайшылықтарды өне бойы ретке келтіріп отыру қажет болды. Оноре де 
Бальзактың гүлдер ботаникадан ерте өмір сүрген дегені сияқты, саналы 
түрде алғашқы демократия өмірде болғанымен, санаттық дәрежеде 
әлі пайымдалған жоқ-ты. Тек жеке меншік пайда болып, тарихқа 
таптық қоғам келген кезде дәулеті асқандар өз мүддесін қорғау үшін 
саяси жолмен бүкіл қоғамға өз ырқын таңа бастайды. Осы тұрғыдан 
алғанда, саяси билік дегеніміз қоғамды басқарған субъектінің адам-
дарды, әлеуметтік топтарды өз ырқына – тіпті олар қарсы шыққанның 
өзінде, – көндіру болып табылады. Расында да, қоғам өмірі сан алуан 
қайшылықтардан тұрады, мыңдаған адамдардың мүдделері бір-біріне 
соқтығысып, қарсы келеді. Мұндай жағдайда әрқашанда қоғамның 
ауытқуына, құлдырауына, тіпті құрып кетуіне мүмкіндіктер ашылады. 


507
Сондықтан биліктегілер қоғамның біртұтастығын сақтап, үстем таптың 
мүдделерін қорғау үшін шынайы күш-қуатқа ие болулары керек. Көп 
халықтардың тілдеріндегі «билік» және «күш-қуат» деген ұғымдардың 
бір түбірден шыққанын байқаймыз. Мысалы, ағылшын сөзі «power» 
билік, күш-қуат деген мағына береді, қазақтың «билік», «білік», «білек» 
(күш), орыстың «власть», «владеть» деген сөздері де бір түбірден 
шыққан.
Алайда бұл арада үлкен сұрақ туады. Билектігілер өз ырқына 
халықты қалайша көндіре алады, ол мүмкіндік қайдан пайда болады? 
Ол арнаулы әлеуметтік ұйымды құру арқылы іске асады екен. Оны біз 
мемлекет дейміз. Олай болса, мемлекет саяси-құқықтық саланың өзегі 
болып табылады.
Мемлекет – қоғам өміріндегі негізгі қатынастарды заңға негіз-
делген билік арқылы ретке келтіріп, өмірде пайда болатын әлеуметтік 
қайшылықтарды шешетін, қалыптасқан экономикалық, саяси тәртіпті 
қорғайтын құрылым. Оның негізгі ерекшеліктері:
а) мемлекет арнаулы құрылған неше түрлі мекемелер мен 
ұйымдардан тұрады. Онда арнаулы дайындығы бар қызметкерлер 
(шенеуніктер) мемлекет атынан неше түрлі шешімдер дайындап, оларды 
іске асырады.
ә) мемлекет белгілі бір тарихи қалыптасқан жерді және сонда 
қоныс тепкен халықты біріктіріп, өз билігін жүргізеді. Мемлекеттің 
билігінен тыс қалатын ешбір топ, я болмаса жеке тұлға жоқ. Сонымен 
қатар Қазақстан мемлекеті Өзбекстанда, я болмаса Ресейдің жерінде 
өз билігін жүргізе алмайды. Оның билігі тек қана өз елінде жүреді. 
Керісінше, ешбір басқа мемлекет біздің мемлекеттің шеңберінде өз 
билігін жүргізе алмайды. Ғылыми тілде оны мемлекеттің прерогати-
васы және суверенитеті дейді.
б) мемлекеттік билік әрқашанда заңдардың негізінде іске асуы 
керек. Ал қайсыбір заң санкцияларға (заңның талабын орындауға 
мәжбүр ету) негізделген. Олай болса, тек қана мемлекеттің заңның 
талабын орындамағандарға зорлық жасау құқы бар. Оны іске асыратын 
мемлекеттің арнаулы мекемелері (сот, полиция, армия, түрме, тергеу 
т.с.с.).
в) мемлекет болған жерде халыққа салынатын салық та бар. Өйткені 
мемлекет қызметкерлерін, армия т.с.с. құрылымдарды қаржылай 
қамтамасыз ету керек. Оның сыртында қазіргі мемлекеттер көп 
әлеуметтік мәселелерді шешеді. Оған да қаражат керек.
Мемлекет – өте көне құрылым. Оның дүниеге келуі жөнінде 
әдебиетте сан қилы болжамдар бар.
Теологиялық қағидаларға келер болсақ, олар мемлекетті Құдайдың 
шығармашылық жолдағы тудыруымен байланыстырады.


508
Патриархалдық тұжырымдар мемлекетті ру, тайпа, фратрияның 
(туысқан тайпалардың бірігуі) жалғасы деп түсінеді.
Қоғамдық келісім теориялары мемлекетті тарихтың белгілі бір саты-
сында адамдардың саналы түрде жасаған келісімі арқылы құрылғаны 
жөнінде айтады.
Зорлық-зомбылық теориясы мемлекеттің тайпалардың арасындағы 
соғыс, зорлық арқылы жеңілгендерді көндіріп, оларға салық салу 
арқылы пайда болғанын көрсетеді.
Маркстік теория өндіргіш күштердің тарихи даму негізінде жеке 
меншік пайда болып, үстем таптар өз мүддесін қорғау барысында 
мемлекетті құрғаны туралы айтады. 
Әрине, мемлекеттің дүниеге келуі – өте күрделі құбылыс. Онда 
зорлық-зомбылық та, келісім де болуы мүмкін. Бірақ негізгі фактор – 
тарихи жеке меншіктің дүниеге келуі болса керек.
Енді мемлекеттің функцияларына (қызметіне) келер болсақ, оларды 
ішкі және сыртқы деп екіге бөлуге болады. Ішкіге мемлекеттің эконо-
микалық (шаруашылық) іс-әрекетін жатқызуға болады. Ол, негізінен, 
заңдар арқылы шаруашылық субъектілерінің белсенді іс-әрекеттеріне 
жағдай жасау, елдің негізгі шаруашылық бағыттарын жоспарлау, шетел-
ден инвестициялар тарту, кейбір шаруашылық салаларына жеңілдік 
жасау т.с.с. арқылы жүреді.
Келесі – мәдени-тәрбие жұмыстарын жүргізу (мектеп, жоғары оқу 
орындары, ғылыми кешендер, клубтар, кино, театр, ақпарат тарату 
жүйелері арқылы т.с.с.).
Үшінші – әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру (кемтарларға, 
қарияларға, жетімдерге, жастарға, жас аналарға т.с.с. көмек беру, білім 
мен денсаулық салаларын дамыту, әртүрлі әлеуметтік топтардың 
мүдделерін үйлестіріп дамыту т.с.с.
Төртінші – қоғам өміріндегі тәртіпті бақылау, азаматтардың 
қауіпсіздігін қадағалау, әлеуметтік ауытқушылықтармен күресу.
Бесіншіден, жоғарыда көрсетілгендердің бәрі негізгі мемлекеттің 
мақсаты – қоғамның біртұтастығын қамтамасыз ету болмақ.
Енді мемлекеттің сыртқы істеріне келер болсақ, негізгі мәселе – 
қоғамның экзистенциалдық (өмір сүру) мүдделерін қамтамасыз ету 
(дербестік, ұлттық қауіпсіздік, даму, сырттан қол сұғуға үзілді-кесілді 
тосқауыл қою т.с.с.).
Екіншіден, басқа елдермен өзара теңдік және тиімділіктің 
негізінде экономикалық, саяси, мәдени қарым-қатынастарды орнату. 
Халықаралық келісімдерді ұлттық заң жүйесінен гөрі жоғары ұстап, 
бұлжытпай орындау болмақ.
Бүгінгі адамзат мемлекеттік түрде ұйымдасқан қоғамдарда тұрып 
жатыр. Уақытында Гегель айтқандай, мемлекет – ізгілік идеясының 


509
шынайы көрінісі. Расында да, қай халық болса да, өзінің мемлекеттігін 
құрып, басқа халықтармен терезесі тең жағдайда өмір сүргісі келеді. 
Біздің бабаларымыз сонау ерте заманда V-VI ғғ. Түрік қағанаты атты 
мемлекет құрған болатын. Шыңғыс ханның заманында теңдесі жоқ, 
бұрын-соңды тарихта болмаған сонау Қытайдан Балқан тауына дейін 
созылған алып империя құрылып, жүздеген халықтардың басы бірікті. 
Бұл, шамасы, көшпенділердің алтын ғасырлары болған сияқты. Жаңа 
дәуірде көшпенділер өмір салты сарқылып, олардың мемлекеттігі 
ыдырап, ақырында қазақ халқы Ресей империясының қол астына 
өтті. Алайда «Ұлы мәртебелі Тарихтың» үдерісі ХХ ғ. аяғында біздің 
халықтың мемлекеттігін тағы да қайтарып берді.
Бүгінгі таңда айтатын негізгі тұжырым – қазақ елі тәуелсіз мем-
лекет ретінде орнықты. Дүниежүзілік қауым оны мойындады. Қазақ 
халқының жүздеген жылдар бойы армандаған бостандық, еркіндікке 
деген ынтасы мен ұмтылысы іске асты.
Өтпелі қоғамдағы елімізде қалыптасқан жаңа мемлекет басқару 
жүйесіне анықтама берсек, оны демократиялық құндылықтар жолын 
таңдаған зиялы авторитаризм деуге болар еді. Елдің зиялы көсемі 
бұрынғы қоғамға қайта оралу мүмкін еместігін, қоғам өмірінде 
түбегейлі жүйелі өзгерістерді жасау керектігін түсінген миллиондаған 
отандастардың тілегі мен ынтасына сүйене отырып, нарықтық 
экономикаға негізделген демократиялық құқықтық-әлеуметтік мем-
лекет құруға бағытталған тиімді саясат жүргізуде. Бұл жолда біз 
қаншалықты жетістіктерге жеттік деген сұрақ қойсақ, оған қомақты 
жауап беруге болатын сияқты.
Біріншіден, адамдар тоталитарлық қоғамға тән неше түрлі 
утопиялық, мессиандық көзқарастардан (болашақта жер бетінде комму-
низм орнатамыз, Коммунистік партия – дәуірдің ақыл-ойы, ар-намысы, 
адамзатты құтқарушы т.с.с. мифологемалар) арылды. Қарапайым 
адамдарды айтпай-ақ, алғашқыда бұрынғы қоғамның ішінен шыққан 
саяси дегдар топтың өзі-ақ «тез арада «Оңтүстік-Шығыс Азияның аку-
лалары» сияқты гүлденген елге айналамыз», «Біз Азияның барысы 
боламыз» деген романтикалық көзқараста болды. Бірақ біржақты 
шикізат өндіруге бағытталған экономиканы қайта құру қиындықтары, 
дүниежүзілік мұхитқа шығу арнасының жоқтығы т.с.с. «төмендегілер» 
мен «жоғарыдағылардың» тез арада мессиандық көзқарастардан арылу-
ына көмектесті.
Егер бұрынғы тоталитарлық қоғамда бүкіл билік партияның 
қолында болып, оның қоғам өмірінде бақыламайтын нәрсесі қалмаса, 
бүгінгі мемлекет билігі адамдардың ынталы белсенді іс-әрекетін 
қолдап, төмендегі болып жатқан үдерістерге аса көп қол сұқпайды.


510
Қайсыбір тоталитарлық мемлекеттің субъективті бағытталған 
мүдделері болады: фашистік Германияда болған «арий нәсілінің мүд-
делері», Кеңес Одағындағы «жұмысшы табының мүддесі» т.с.с. Бүгінгі 
мемлекет барлық әлеуметтік топтар, ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің 
мүдделерін тең түрде қорғауға тырысады.
Егер тоталитаризм тұлғаны тобырдың ішіне «сіңіріп», әлеуметтік 
айырмашылықты жойып, дәстүрлі әлеуметтік байланыстарды үзуге 
тырысса, зиялы авторитаризм, керісінше, халықты қайта топтап 
(рестратификация), ұлттық қауымдастықтардың төл мәдениетін сақтап 
дамытуға, қазақ халқының мәдениетін қайта түлетіп гүлдетуге атсалы-
суда.
Егер тоталитарлық мемлекет экономика саласын қатты бақылауға 
алып, тіпті Кеңес Одағындай, өз қолына өткізіп жіберуге дейін барса, 
біздің жас мемлекет ұлттық байлықтың пілдей бөлігін жекешелендіру 
арқылы халыққа таратты. Ал оның өзі – билік пен ықпалдың біршама 
бөлігін үкіметтен алып қоғамға тарату деген сөз.
Қайсыбір тоталитарлық тәртіп халықты оқтын-оқтын репрессияға 
ұшыратып, жүрегіне қорқыныш ұялатады. Жас мемлекет өзінің күш 
құрылымдарын нығайтқанмен, саяси репрессиялардан үзілді-кесілді 
бас тартып, уақытында қуғын-сүргінге ұшыраған боздақтарды ақтап 
шығарды.
Тоталитарлық қоғам мемлекет билігін атқару мекемелеріне 
толығынан беріп, заң шығару билігін қуыршақ ретінде ұстайды. 
Қазақстан мемлекеті алғашқыдан билікті бөлу принципін мойындап, 
оны іске асыру саласында біршама нәтижелерге жетті: кәсіби екі пала-
тадан тұратын парламент заң шығару ісімен айналысуда, атқару билігі 
күнбе-күнгі елдегі пайда болатын мәселелерді шешіп, басқаруда, сот 
тәуелсіз билік ретінде өзгерістерге түсіп, жаңа түрде қалыптасуда.
Тоталитарлық жүйе, негізінен, өкіметті қолдайтын бірпартиялық 
жүйеге негізделсе, бүгінгі таңда біздің ел көппартиялық қоғамға 
айналды, жеке меншікке негізделіп жұмыс жасап жатқан жүздеген 
ақпарат құралдары бар.
Дегенмен де тарихи қорланған көп әлеуметтік мәселелердің баяу 
шешілуі, тәуелсіз елден күткен, бірақ осы уақытқа дейін үміті ақталмай 
келген тұлғалар мен топтар тарихи төзімсіздікке бой алдырып, халықты 
демократизациялау ұранымен саяси белсенділікке, биліктегілерге 
қысым жасауға шақырады. Сондағы мақсат – кейбір билікті 
аңсайтындардың шиеленіскен әлеуметтік ахуалды пайдаланып, соның 
арқасында билікке келуі болмақ. Бірақ біз мына жағдайды ескеруіміз 
қажет. Қай елдің де тұрғындарының белсенділік көрсетіп, шынайы 
саяси өмірге қатынасатындары 1%-дан 10%-ға дейін ғана жетеді, орташа 
алғанда – 3-5%. Шынына келгенде, саяси өзгерістер өкілдік институт-


511
тар – партиялар, басқа да қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, парламент 
т.с.с. арқылы, парасатты деңгейде келісімге келу арқылы жүруі қажет. 
Халықтың өте биік саяси белсенділігі оның қирату түйсіктерін оятып, 
саясатты тұрпайыландырып, бейсаналық жолға қоюы мүмкін. Тарихи 
тәжірибе талай рет көрсеткендей, ақырында, мұндай үдерістерге жол 
ашылса, ол кезекті диктатураға, қантөгіске әкеледі. 
Саяси саланы талдағанда, біз мына нәрселерді естен шығармауымыз 
керек. Біріншіден, саяси билік әрқашанда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет