Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет430/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   521
барлық ұлы революциялар
рухтың 
өмір алдына қойған талаптары мен шынайы өмірде қалыптасқан 
жағдайдың арасындағы 
қайшылықтың шегіне жетіп, өршіген кезде
пайда болатынын біз жақсы білуіміз керек. Бірақ тарихта болған бірде-
бір революция өзінің алдына қойған мақсат-мұратына толығынан жете 
алған жоқ. Көп жағдайда ол қантөгіске, зардап шегуге, сәтсіздікке 
әкеліп, зұлымдықтың кейбір өршіп кеткен түрлерін жойғанмен, 
олардың орнына оның жаңа түрлерін дүниеге әкелді. 
Бұл арада біздің зұлымдық мәселесіне тоқтала кеткеніміз жөн болар. 
Өлі табиғат пен жануарлар өміріне, әрине, зұлымдық ұғымын қолдану 
мүмкін емес. Ол – қоғам өмірінде пайда болатын құбылыс. Ұлы 


525
Гегельдің ойынша, оның қайнар көзі – өмірде 
болып жатқан
мен 
болуға 
тиістінің
арасындағы 
қайшылық
. Тек қана адам өмірінде шынайы 
өмірде жоқ, бірақ болуға тиістіні қажет ету бар. Ал орындалмаған бұл 
қажеттілік адамның зардап шегуіне, қайғы-қасіретіне әкеледі.
Біздің ойымызша, зұлымдық материалдық ресурстардың әрқашанда 
шектелгендігінен, соның нәтижесінде кейбіреулердің жеке мүддені 
асыра күйттеп, қоғамдық біртұтастыққа қарсы қою іс-әрекетінен пайда 
болса керек. Ол жеке адамның өзімшілдік мүддесін іске асырудағы 
пиғылынан шығуы мүмкін, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік 
топтың да іс-әрекетінен пайда болуы ғажап емес. Мысалы, уақытында 
фашистік Германияның басшылары неміс халқын ерекше биік орынға 
қойғысы келіп, басқа халықтарға қарсы қойып, сол саясатты жүргізу 
барысында адамзатты қандай қасіретке әкелгенін білеміз. Бүгінгі таңда 
АҚШ басшылары өз күшін пайдаланып, басқа халықтардың мүддесіне 
сай келмейтін өркөкіректік саясат жүргізіп, ондаған мың шақырымдағы 
жерлерді сол елдің «өмірлік мүдделері» бар аймақтары деп бағалауда. 
Ал одан шыққан іс-әрекеттерді біз жергілікті қантөгістер жүріп жатқан 
жерлерден көріп отырмыз.
Енді жоғарыда талданған шынайы өмір мен құндылықтар әлемінің 
арасындағы қайшылықтарға тағы да оралсақ, Л.Фейербах діннің 
қайнар көзін дүниенің өтпелілігі мен кемшіліктерінен, содан шығатын 
адамның зардабынан, табиғаттың орасан зор күштеріне тойтарыс 
бере алмай, үрейленуінен көреді. «Сондықтан адамның қиял-арманы 
о дүниені, жетілген мәңгілік рухани өмірді, Құдай идеясын дүниеге 
әкеледі», – дейді ұлы ойшыл. 
Егер дүние кемеліне келіп жетілсе, онда ол барлық қайшылықтарды 
жойып, яғни өз-өзін жоқ қылатынын біз ақыл-ой арқылы түсінеміз. Ал 
мәңгілік бақытты өмір, осы тұрғыдан алғанда, тозақтың ең жаман түрі 
болар еді. Жас дос, өзіңіз ойлап қараңызшы, егер мәңгі өміріңіз болса, 
сіз саусағыңызды да қозғалтпаған болар едіңіз, өйткені алда шегі жоқ 
мәңгілік бар. Ал дүние кеңістік пен уақыт арқылы беріліп, өзіңіздің 
болашақта өмірден кететініңізді білгеннен кейін, сіз белсенділік 
көрсетесіз, алдыңызға үлкен мақсат-мұрат қойып, соны іске асыруға 
ұмтыласыз, осы фәниде өз ізіңізді қалдырып кетуге тырысасыз, өмірдің 
әрбір шағының тамаша жақтарына сүйсіне қарап, оның ғажабына той-
майсыз т.с.с.
Алайда ақыл-ой оны түсінгенмен, рух оған қанағаттанбайды, ол 
қол астындағы кемшілікке толы болмысты Ізгілік пен Әсемдік, Ақиқат 
пен Сүйіспеншілік т.с.с. құндылықтардың негізінде қайта өзгертіп, 
жетілдіргісі келеді. Қайсыбір дін осы жолда ертелі-кеш зұлымдыққа 
тойтарыс беріліп, жақсылық, ізгіліктің болашақтағы жеңісіне сенуді 
уағыздайды. Әрине, ол адамның көңілінен шығады. Сондықтан көп 


526
жағдайда нақтылы өмірде зұлымдық өз тойын тойлағанмен, ақырында, 
жақсылықтың жеңетініне адамзаттың көпшілігі сенеді. 
Сонымен қатар адам рухының кемеліне келген дүниеге деген 
ынтызарлығы мыңдаған жылдардың шеңберінде орасан зор 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет