Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет5/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   521
социоморфи-
зациялаудың
нәтижесі деп түсінуіміз керек (socіetas – лат. сөзі, қоғам, 
morphe – грек сөзі, форма, түр).
Әрине, мифтердің орасан үлкен бөлігі – батырлар хиқаялары (Қобы-
ланды, Шора, Алпамыс, т.с.с.). Батырлар – бұрынғы заманда өмір 
сүрген бабалар, олар өздерінің өжеттігімен, зор күш-қуатымен ерекше 
бейнеленеді. Олар өздерінің ғажап істерімен халыққа жасаған ізгі 
жақсылықтары арқылы адамдарды неше түрлі қиындықтардан аман-
есен алып шығып, бақытты өмірге жетелейді.
Мифологиядағы тағы бір ерекшелік – ол адамның жан дүние-
сін, сезімдерін ерекше 
Құдайдың іс-әрекетінен
шығаруы. Бұл сонау 


9
көне заманда пайда бола бастаған діннің, адамның өз ішкі рухани 
өміріне үңіліп, таным жолына қоя бастағанының кепілі болып табы-
лады. Мысалы, грек мифологиясындағы кейіпкерлер ғашық сезіміне 
шомылса, ал Афродита: «Ғашықтық – Құдайдың ісі», – деп түсінеді. 
Егер еске түсіру Құдайы – Мнемосина көмек берсе, адам есіне өткен 
оқиғаларды түсіреді, егер Муза Құдайлары көмектессе, онда адамға 
шабыт бітіп, ол өнерде шығармашылық туындыларын жасайды.
Сонымен, мифология, қай халық болса да, оның мәдениетінің 
түпнұсқасы ретінде бүгінгі заманға дейін сақталып, қазіргі жазушылар 
мен күйшілердің, мүсіншілер мен өлеңшілердің шабыт қиялын оятып, 
шығармашылығына зор әсерін тигізеді. Және әр заманның өкілдері 
мифтегі мазмұнға өз уақытына сәйкес баға беріп, осы уақытқа шейін 
ашылмаған сыр іздейді. Мысалы, Прометей жөніндегі мифті алсақ, 
ол Зевсті алдап, адамдарға от әкеліп, оны қалай пайдалану керектігін 
түсіндіріп, әртүрлі қолөнерге үйретті. Өз еркіне көнбегені үшін Зевс 
оны Колхидадағы биік таудың тасына шынжырлап тастады. Күндіз 
үлкен бүркіт келіп, оның бауырын шұқып жейді, ал түнде оның ба-
уыры бұрынғы қалпына келіп үлгіреді, келесі күні бүркіт тағы да 
ұшып келеді… Тарихтағы Қайта өрлеу дәуірінен бастап осы уақытқа 
шейін Прометей кейпі өнер адамдарының, философия, әдебиет 
қайраткерлерінің шығармаларында әртүрлі ойларды туғызып отыр. 
Солардың басымы – Прометейді адамды сүюдің, риясыздықтың, 
ізгіліктің, ержүректіктің нышаны десе, соңғы кездегі адамзаттың 
экологиялық дағдарысқа келіп тірелуі, рухани азғындауы Прометейдің 
кейпіне кейбіреулердің керісінше қарап, оны Құдайдың көрсеткен 
алғашқы жолынан тайдырушы, тәкаппарлықтың белгісі деп түсінуде.
Гректің келесі Сизиф жөніндегі мифін алсақ (Sіsyphus – латын сөзі, 
адамның аты), онда оған берілген Құдайдың жазасы: үлкен тасты дома-
латып, таудың басына шығарып орнату керек. Бірақ ол тас таудың 
басында орнықпай, төменге қарай домалап кетеді. Ал Сизиф болса 
тағы да төменге түсіп, оны жоғарыға итеруге тиіс… Бірақ ХХ ғасырда 
өмір сүрген француз ойшылы А.Камю гректің бұл мифінен адамның 
Құдайдың өзіне парапарлығын байқаған. Күнбе-күн үлкен тасты 
таудың басына шығарып, қайта-қайта төменге домалаған тасқа бара 
жатқан шағында ол көкке көз жіберіп, Құдайдың әділетсіз жазасына 
қанша қиналса да, өзінің көнбегенін көрсетеді… 
Бүгінгі өмірде ғылым мен техниканың, гуманитарлық (humanіtas – 
латын сөзі, адамгершілік, адамзат) пәндердің дамуына қарамастан, 
мифтерге сену, олардың жаңа түрлерін тудыру осы уақытқа шейін 
жалғасып келе жатыр. Мысалы, адамдардың ғарыштағы басқа саналы 
пенделермен кездесуге деген бітпес құштарлығы аспаннан ұшып келген 


10
неше түрлі тәрелкелер жөнінде, ондағы жандардың адамға ұқсас екені, 
жер қызының ғарыштан келген жігітке ғашық болғаны жайындағы 
мифтерді атап өтуге болады. Сөйтіп, бүгінгі таңда, сонау мыңдаған 
жылдар өткен замандағы сияқты, қазіргі мифтің мазмұнынан біз 
жоғарыда көрсетілген антропоморфизациялауды байқаймыз.
Әсіресе қазіргі замандағы әлеуметтік-экономикалық қиындықтар, 
адамның рухани өмірінің өзегін құрайтын құндылықтардың күрт 
өзгеруі қоғам өмірі жөнінде, билік басында отырған адамдар, олардың 
отбасылары, өмір салты туралы неше түрлі мифтерді тудырып отыр. 
Әрине, оларды тудыратын – халық, бұл мифтерде адамдардың жақсы 
өмірге деген ұмтылысы, өмірдегі болып жатқан көп әділетсіздіктерді 
қабылдамауы байқалады.
Уақыт өте келе, мифологияның шеңберінен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет