Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет79/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   521
Эпикур философиясы
Эпикур (342-270 б.ғ.д.) – Демокриттің қолдаушысы. Ол 306 ж. Афина 
қаласында өзінің мектебін ашты. Ол кейіннен «Эпикур бағы» деген 
атақ алды. Мектептің қақпасында мынандай жазу бар екен: «Жолаушы, 
мұнда саған жақсы болады: мұнда ләззат алу – ең биік ізгілік».
Эпикур ілімі үш құрамдас бөліктен тұрады. Ол – каноника (таным 
теориясы), физика (табиғат жөніндегі ілім) және этика (мораль, әдет-
ғұрып).
Эпикурдың каноникасында сезімдік танымға көп көңіл бөлінген. 
Дүниені қабылдаудың негізінде заттардың үстіндегі жеңіл атомдардың 
біздің денемізге кіруі жатыр. Біздің түйсіктерімізге кіріп, олар шынайы 
қабылдауды туғызады, ал біздің басқа мүшелерімізге кірсе, онда неше 
түрлі қиялдар пайда болады. Олай болса, сезімдік таным бізді ешқашан 
алдамайды. Жалғандықтың қайнар көзі ақыл-ойда, тұжырымда. 
Өйткені ақыл-ой сезімдік танымға неше түрлі қосындылар жасайды. 
Ал ой дегеніміз – ол сөздердің мән-мағынасы. Сондықтан ойлауда қате 
жібермес үшін, сөздердің алғашқы мағынасынан таймау керек. Эпи-
кур адамдар, жалпы алғанда, дүние және адамдардың жүріс-тұрысы, 
іс-әрекеттері жөнінде түсініктер жасайтынына күмән келтірмейді. 
Ал жеке ғылымдағы мәселелерге келер болсақ, онда әртүрлі пікірлер 
болуы мүмкін, тек әр адам өзінің ойын жақсы дәлелдей білуі керек.
Эпикур физикасына келер болсақ, оның негізгі қағидалары мынан-
дай:
Еш нәрсе жоқтан пайда болып және жоққа кетпейді. Ғарыш 
әрқашанда осындай болған және болашақта да осындай болады, өйткені 
басқаға айналатын еш нәрсе жоқ.
Ғарыш денелер мен кеңістіктен тұрады, денелер жөнінде біздің 
сезімдеріміз айтады, ал кеңістік болмаса денелердің қозғалысы болмас 


92
еді. Денелер бөлінбейді және тұрақты (атомдар), және солардан әртүрлі 
заттар құрылған.
Ғарыштың көлемі шексіз – атомдар мен денелер жағынан да; кеңістік 
жағынан алғанда да, Ғарыштағы дүниелердің саны шексіз.
Оқырманның байқағанындай, мұндай көзқарас Демокриттің іліміне 
өте жақын. Тек Эпикурдың көзқарасының айырмашылығы – атомдарға 
көлемі мен бітімінен тыс салмақ қосылады. Екінші негізгі Эпикурдың 
жасаған жаңалығы – өзінің салмағы арқылы кеңістікте құлдырап бара 
жатқан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет