Серік Мырзалы философия оқу құралы


республика, монархия және деспотия



Pdf көрінісі
бет134/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   422
Байланысты:
2 (1)

республика, монархия және деспотия.
Деспотиялық басқару ешқандай заңдылықты мойындамайды. Оның 
өзi елдi бақытсыздыққа әкелiп, неше түрлi зорлық-зомбылыққа жол 
бередi.
Республикалық басқару саяси заңмен бекiтiлген бостандықтардың 
негiзiнде iске асады.
Монархиялық басқару жүйесi жоғарыда көрсетiлген басқарулардың 
екi ортасында орналасқан.
Монтескьенiң саяси философиясындағы жасалған және бүгiнгi таңға 
дейiн өзектi жаңалығы – ол мемлекет билiгiн бөлу идеясы.
Шынайы саяси бостандық болуы үшiн республика, я болмаса монар-
хия басқару жүйесiнде заң шығару, атқару және сот билiктерi бiр-
бiрiнен бөлiнуi қажет.


193
– Ал ендi «заңдардың рухына» келер болсақ, олардың әрбiр елдер-
дегi ерекшелiктерi көп жағдайларға байланысты. Олар: жердiң 
құнарлылығы, ауа райы, таулы-жазықтығы, әдет-ғұрыптар, дiни 
сезiмдер, халықтың саны мен материалдық хал-ахуалы, заң шыға-
рушылардың мақсаты, саяси билiктiң, елдегi жалпы тәртiптiң көрi-
нiстерiне байланысты, – деп қорытады ұлы ойшыл.
Мұндай көзқарасты әдебиетте «географиялық детерминизм» 
(себептiлiк) деп айтады. Өйткенi жоғарыда көрсетiлген жағдайлардың 
iшiндегi негiзгiлерi деп, ол «жердiң құнарлылығын, ауа райын және 
таулы-жазықтығын» атайды.
Мысалы, ыстық ауа райы адамдарды әлсiретiп, енжар қылады, ал 
суық ауа райы ой мен дененiң күшеюiне, олардың өмiрге деген қажырлы 
еңбегiне, ұлы iстердi жасауға мүмкiндiк бередi. Сондықтан ыстық ауа 
райында өмiр сүретiн халықтар құлдыққа келдi де, суық жерде өмiр 
сүретiн халықтар өздерiнiң бостандығын сақтап қалды, – деп ойлайды 
Монтескье. Әрине, бүгiнгi таңдағы адамдар мұндай көзқарасқа күлкiлi 
көзбен қарауы әбден мүмкiн. 
Дегенмен қоғамның дамуында географиялық жағдайлармен 
санаспаудың өзi, таза технократиялық көзқарастар қандай салдарларға 
әкелетiнiн бiз бүгiнгi таңда ауылдағы осы уақытқа дейiн жүргiзiлген 
реформалардың терiс жақтарынан көрiп отырмыз.
Кең түрде алғанда, бiздiң ата-бабаларымыздың мыңдаған жылдар 
бойы көшпендiлiк өмiр салтын ұстауының өзi (жаңа дәуiрге дейiн) 
сол айнала қоршаған ортаға байланысты болатын. Әрине, Жаңа дәуiр 
тарихқа келiп, машина техникасы пайда болған кезде, көшпендiлiк 
өмiр салтының мүмкiншiлiктерi сарқылып, қазақ халқы жаңа өмiр 
құндылықтарына өтуге мәжбүр болды.
Монтескьенiң ойынша, жоғарыдағы көрсетiлген жағдайлармен 
қатар, жер көлемi және оның таулы-жазықтығы да қоғамның саяси 
бiтiмiне өзiнiң зор әсерiн тигiзедi. «Бiрiншiден, таулы елдер көлемi 
жағынан үлкен бола алмайды. Ал кiшi елде азаматтар қоғамдық 
мәселелердi талдап шешiп, қабылдауға жиі қалыптасады. Ал орта 
көлемдi елдерде көбiнесе монархиялық басқару жүйесi орнайды. Жерi 
жазық және өте көлемдi елдерде деспотиялық басқару жүйесi қажет, 
өйткенi тек күш жұмсау мен қорқыту арқылы ғана алыста жатқан 
елдердi орталық билiкке көндiруге болады», – деп қорытады Монте-
скье.
Әрине, бiз ұлы ойшылдың географиялық факторлардың қоғам 
өмiрiне деген рөлiн асыра көрсеткенiн байқаймыз. Бiрақ бұл көзқарастар 
өз заманының мәселелерiн жаңаша түсiнуде, дiни түсiнiктерге тойтарыс 
беруде кеңiнен пайдаланылды.


194


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет