192
жүйесiнiң болуымен байланысты.
Монтескьенiң
«Заңдардың рухы жөнiнде» деген еңбегiнде
ойшылдың әлеуметтiк-философиялық көзқарастарын байқаймыз.
Қоғамның өмiр сүруi мен дамуын Монтескье заңдардың сапалығымен
байланыстырады. Егер белгiлi бiр қоғамның ерекшелiгiн түсiнгiңiз
келсе, онда сол елдегi қабылданған заңдарды зерттеңiз. Қоғам жөнiндегi
мұндай түсiнiктi жүре келе ғалымдар «заңдық көзқарас» деп атап кеттi.
Монтескье қоғамдағы заңдарды екiге бөледi. Бiрiншiден, ол –
«табиғи заңдар», олар адамның биологиялық табиғатынан шығады.
Екiншiден, әлеуметтiк заңдар.
Табиғи заңдардың негiзгiсi – өмiр сүру, ол үшiн азық табу керек.
Егер Т.Гоббс ол үшiн адамдар тартысқа түсiп, «бәрi бәрiне қарсы
соғысатынын» айтса, Монтескье, керiсiнше, жалғыз адам әлсiз
болғандықтан, басқалардан көмек iздейдi, басқалармен бейбiт өмiр
сүруге тырысады деген пiкiрге келедi. Сонымен бiз Монтескьенiң
адам алғашқы сатысынан бастап, әлеуметтiк пенде болды деген ойда
болғанын көремiз.
Қоғам өмiрiндегi қайшылықтардың пайда болуының негiзiнде
адамның басқалардың есебiнен пайда табу ұмтылысы жатыр. Ал мұның
өзi адамдардың қарым-қатынасын заңмен ретке келтiру керектiгiн
туғызып, дүниеге мемлекет келедi.
Монтескье құқықтың үш түрiн анықтайды. Бiрiншi, халықаралық
құқықтар – мемлекет, халықтар арасындағы қарым-қатынастарды ретке
келтiредi.
Екiншi, саяси құқықтар – мемлекеттегi басшылар мен халықтың
арасындағы қатынастарды ретке келтiредi.
Үшiншi, азаматтық құқықтар – адамдардың өзара қатынастарын
ретке келтiредi.
Монтескье мемлекеттi басқарудың үш түрiн анықтайды. Олар
Достарыңызбен бөлісу: