Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 1. И.Канттың өмiрi мен шығармашылық жолы



Pdf көрінісі
бет141/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   422
Байланысты:
2 (1)

§ 1. И.Канттың өмiрi мен шығармашылық жолы
Иммануил Кант (1724-1804 жж.) Шығыс Пруссиядағы Кенигсберг 
(қазiргi Калининград) қаласында дүниеге келiп, бар өмiрін сол жерде 
өткізген. Жастайынан әлсiз бала болып, өзiнiң денсаулығына мұқият 
қарауға мәжбүр болған. Өмiрiнiң аяғына шейiн қатаң тәртiптiң негiзiнде 
өмiр сүрiп, денсаулығын сақтап қалу үшiн тiптi отбасын құрудан да бас 
тартқан.
И.Кант 1745 ж. жергiлiктi университеттi бiтiргеннен кейiн жараты-
лыстану мәселелерiмен айналысады. Тек 1770 ж. бастап өмiрiнiң соңына 
дейiн философиямен шұғылданады. И.Канттың бұл өмiр кезеңiн 
зерттеушiлер «сындық кезең» деп атап кеткен. Себебi, И.Канттың бұл 
уақытта жарыққа шығарған негiзгi үш еңбекгi «сын» деген сөзден 
басталады. «Таза зерденi сынау», негiзiнен, дүниетаным мәселелерiне 
арналған, «Практикалық зерденi сынау» мораль мәселелерiне, 
ал «Пайымдау қабiлетiн сынау» табиғат философиясы мен өнер 
мәселелерiне арналған.
Өзiнiң «сындық кезеңге» дейiнгi өмiр сатысында И.Кант Күн 
жүйесiнiң пайда болуы жөнiнде болжам жасайды. Оның ойынша, 
ғарышта тараған әртүрлi материалдық бөлшектер тарту күшi арқылы 
үлкен бұлттарды құрайды, ал оның iшiндегi тарту және оған қарсы 
бағытталған итеру күштерi үлкен дауылдарды тудырып, шарға 
ұқсайтын ұсақ бөлшектердiң үйкелісiнiң негiзiнде қызып жанатын 
нысандар дүниеге келедi. 
Ғарышта бiр жұлдыздық жүйелер пайда болып, екiншiлерi сөнiп 
жатады. И.Канттың ойынша, бiз өмiр сүрiп жатқан жер планетасы 
сияқты ғарышта сан алуан нысандар бар. Ал олардың көбi бiз сияқты 
саналы пенделердi тудыруы мүмкiн. Табиғат, жалпы алғанда, мәңгiлiк 
iс-әрекет пен жаңару жолында өмiр сүредi, ол өзiнiң бiтпейтiн қайта 
құру әрекетiн тоқтатпайды.
Өмiрiнiң «сындық кезеңiнде» И.Кант өзiнiң алдына бiрнеше көлемдi 
философиялық сұрақ қойып, соларға жауап беруге тырысады. Олар: 
«Мен ненi бiле аламын?», «Менің не iстеуiм керек?», «Мен не нәрсеге 
үмiттене аламын?», «Адам дегенiмiз не және ол өзi не бола алады?».
И.Канттың гносеология (таным) саласында жасаған «копер-
никандық төңкерісі» «мен нені біле аламын?» деген сұраққа жауап 


204
беруiнен шығады. Бiрiншiден, И.Кант бiлiмдi екiге бөледi. Олар тәжi-
рибелiк (апостериорлық) бiлiм және априорлық (яғни тәжiрибеден 
бұрын, таза, оны тiптi туа бiткен деген мағынада да түсiнуге болады, 
өйткенi ол тәжiрибеге дейiн бiзге берiлген).
Өзiнiң практикалық философиясында, яғни моральдық iлiмiнде, 
априорлық деп дүниедегi барлықты емес, болуға тиiс, керектiгiн 
көрсететiндi айтады.
И.Канттың таным теориясындағы тағы да жиi кездесетiн санаттар – 
ол трансцендентальдық және трансценденттiк.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет