Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет162/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   422
игеруiмен тең.
Маркс танымның негiзгi мәселелерiнiң бiрi – ақиқат жөнiнде де 
тың ойларды ұсынады. Өмiрден, іс-тәжірибеден сырт қалған ақиқат 
жөнiндегi дау-дамайлар бiтпейтiн схоластикалық мәселеге айналады. 
Ақиқат, яғни ойлаудың шындығы мен күшi шынайы өмiрде өзiн 
көрсетуi керек. «...философтар тек қана әртүрлi жолдармен дүниенi 
түсiнуге тырысты, ал шынайы мақсат – оны өзгертудiң керектiгiнде», – 
деп қорытады ұлы ойшыл. 
Маркстiк философияның келесi ерекшелiгi – осындай толыққанды 
материалистiк көзқарасты диалектикамен ұштастыруында. Егер, 
Гегельдiң ойынша, «Ай астындағы дүниеде» тек бұрынғы өткен 
сатыларды қайталау ғана, шынайы даму тек рух саласында болса, ал 
оның өзi абсолюттiк идеяның өзiн-өзi тануы жолындағы адамзатты 
құрал ретiнде пайдалануында болса, Маркс дамудың қайнар көзiн 
сол материалдық дүниенiң iшкi қайшылығынан көредi: заттың iшкi 
қайшылығы оны бүгiнгi болмыс шеңберiнен шығарып, басқа затқа айна-
луына әкелiп соғады. Олай болса, қоғам өмiрiнiң де негiзгi қайшылығы 
материалдық өндiрiстегi өндiргiш күштер мен өндiрiс қатынастарының 
арасында жатыр. 


236
Маркс пен Энгельс өз уақытындағы қоғам өмiрiндегi капиталистiк 
қатынастардың аса қатыгездiгiн көрдi. Энгельс «Англиядағы жұмысшы 
табының жағдайы» деген зерттеуiнде қарапайым жұмысшылардың 
өмiрiнiң асқан қиыншылықтарын ашық та айқын көрсетiп, сол кездегi 
қоғамдық пiкiрге зор әсерiн тигiздi. Олардың ойынша, мұндай жағдай 
iшкi терең қайшылықтардың негiзiнде өзгеруге тиiс. Егер Гегель 
қоғамдағы диалектикалық өзгерiстiң бәрiн ұлттық iс-қимылдан көрсе, 
Маркс оны әлеуметтiк таптан көредi. ХIХ ғасырдағы көп ойшылдар 
сияқты, олар қоғамның прогрессивтiк өрлеуiне кәмiл сенедi, ал ол – 
жарқын болашаққа жеткiзетiн негiзгi күш – пролетариат, жұмысшы 
табы. Өйткенi олар қоғамға керек негiзгi материалдық қажеттiктердi 
өндiредi, сан жағынан алып қарағанда, әлеуметтiк топтардың ең 
көлемдiсi, сонымен қатар олар жеке меншiктiң шырмауына байланбаған 
әлеуметтiк әдiлеттiлiктi жақтайтын таза тап. Егер мыңдаған жыл-
дар бойы созылған цивилизацияның қозғаушы күшiн ойшылдар 
шығармашылық аз топ – ой еңбегiмен айналысатын интеллигенция-
дан көрсе, Маркстiң жоғарыда келтiрiлген пiкiрi өзiнiң кенеттiгiмен сол 
кездегi қоғамды дүр сiлкiндiрдi. Жаңбырдан кейiнгi саңырауқұлақтар 
сияқты, көптеген жұмысшылар қозғалысы пайда бола бастады. Бiрақ 
осы кезде өмiр сүрген революцияшыл орыс ойшылы М.А.Бакунин 
Маркстiң идеяларына қарсы шығып, олар өмiрге енсе, онда дүниеге 
қандыбалақ тоталитаризмнiң келетiнiн болжаған болатын. Тарих соңғы 
болжамның растығын дәлелдедi.
Бұл оқу құралында бiз марксизмнiң әлеуметтiк-саяси көзқарас-
тарына, социализм және коммунизм мәселелерiне толығынан тоқталып, 
талдамаймыз. Алайда айтып кететiн бiр нәрсе – ол қазiргi дамыған 
елдердiң көбiндегi әлеуметтiлiктiң жыл өткен сайын алатын орнының 
өсуi. Ал социализм ұғымының ең жалпы алғандағы мағынасы – 
әлеуметтiлiк. Дамыған елдерде жұмыссыздықты жоюға, ақысыз бiлiм 
беруге, денсаулықты сақтауға, мүгедектерге көмектесуге т.с.с. арнаулы 
әлеуметтiк бағдарламалар жасалып, iске қосылуда. Ал бұлардың өзi 
Маркстiң жасаған болжамын дәлелдегендей. Бiрақ олар таптық күрес, 
революцияның, озбырлықтың, қантөгiстiң негiзiнде емес, сол қоғамның 
iштей эволюциялық жолмен бiрте-бiрте өзгеруi арқылы iске асып отыр.
Ал коммунизм идеясына келер болсақ, онда оны сынға алуға тура 
келедi, өйткенi ол жер бетiнде жұмақ орнатқанмен тең. Жалпы алғанда, 
бұл идеяны Батыс еуропалық екі мың жылға созылған ой толғауының 
логикалық түрдегi соңғы нүктесi деп айтуға әбден болады. Сонау көне 
грек дәуiрiнен бастап, Протагордың айтқан «адам – барлық нәрсенiң 
өлшемi» деген идеясы ғасырлар бойы дамып, ақырында комму-
низм идеясын тудырған болатын. Маркс утопистердiң көзқарастарын 
сынағанмен, өзiнiң ғылыми жұмыстарында одан толығынан арыла 


237
алмады. «әрбiр адамнан – қабiлетiне қарай, әрбiр адамға – қажеттiгiне 
қарай» деген принциптiң өзiнде утопиялық қиял жатқан жоқ 
па?! Егер барлық адамдардың қажеттiліктерi толығынан өтелсе, 
онда қоғам сол сәтте iрiп-шiри бастар едi, өйткенi тек толығынан 
өтелмеген қажеттiліктер адамдардың соларды өтеуге бағытталған 
шығармашылық iс-әрекеттерiн тудырады, ал өтелген қажеттiліктер сол 
сәтте бұрынғыдан да биiк жаңа қажеттiліктердi тудырады...
Маркс Фейербахтың «адам – толығынан биологиялық-табиғи 
туынды» деген пiкiрiн қатты сынға алғанмен, оған қарама-қарсы 
бiржақты «әлеуметтiлiк» тұжырымға өтiп кеткенiн аңғара алмай 
қалған болатын. Сол себептi, Маркстiң ойынша, болашақ коммунистiк 
қоғамда жаңарған әлеуметтiк ахуалға сай «жаңа адам» дүниеге келiп, 
қылмыстық, озбырлық, дүниеге қызығушылық т.с.с. адамдардың 
кемшiлiктерi толығынан жойылып, құқық мекемелері, тiптi мемлекеттiң 
өзi керек болмай қалады деген ойларын да қиялға жатқызуымызға әбден 
болады. Жуықта ғана дүниеден өткен Кеңес қоғамында қаншалықты 
«жаңа адамды» тудыруға бағытталған сан алуан тәрбие жұмыстары 
жүргiзiлсе де, бiз бүгiнгi таңда оның бәрiнiң сәтсiздiкке ұшырағанын 
көрiп отырмыз. Адам биологиялық, я болмаса әлеуметтiк пенде емес, 
ол – био-әлеуметтiк, тек осы жолда ғана оны терең түсiнуге болады. 
Әрине, Маркс пен Энгельс – өз заманының тұлғалары. Маркстiң 
өзi уақытында: «Ешқандай адами нәрсе маған жат емес», – деп айтқан 
болатын. Мiне, осы тұрғыдан бағалап, бiз олардың ғылыми жетiстiктерi 
мен адасуларын таразыға сала келе, оларды өз заманының ғажап ұлы 
тұлғаларына жатқызуымызға әбден болады. Маркстiк философия-
мен Батыс Еуропа топырағында пайда болған ақыл-ойға негiзделген 
(рационалдық) философияға қанағаттанбаушылық оның орнына неше 
түрлi бейклассикалық ой-пiкiрлердi дүниеге әкеледi. Ендi соларды 
талдауға көшейiк.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет