Серік Мырзалы философия оқу құралы


Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет163/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   422
Байланысты:
2 (1)

Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар:
1. Маркстiк философияның негiзгi қағидасы қандай?
2. Қоғамды материалистiк тұрғыдан түсiну дегенiмiз не?
3. Марксизмдегi «қоғамдық болмыс» пен «қоғамдық сана» ұғым-
дарын салыстырыңыз.
4. Маркстiк философия таным мәселесiне қандай жаңалықтар 
енгiздi?
5. К.Маркс дамудың қайнар көзiн неден iздейдi?
6. Әлеуметтiк мәселелердi таптық тұрғыдан қарау қандай салдар-
ларға әкелуi мүмкiн?
7. К.Маркстiң қоғамды формациялық жолмен талдауы дұрыс па?


238
8. Марксизмдегi адам мәселесiнiң ерекшелiктерi неде?
9. Маркстiң коммунизм теориясын сынай аласыз ба?
10. Марксизмнiң гуманистiк-адамгершiлiк жақтарын көрсетiңiз.
Рефераттар тақырыптары:
1. Маркстiк философиядағы материалистiк көзқарастың ерекшелiк-
терi.
2. Диалектика және коммунизм идеясы.
3. Ф.Энгельстiң «Табиғат диалектикасы».
4. К.Маркстiң қоғамдық-экономикалық формация теориясы.
5. ХХ ғ. марксизмнiң тағдыры.


239
IХ тарау. ХIХ ғ. мәдениетіндегі 
бейклассикалық философия
Сонымен, жоғарыдағы тарауларда көрсеткенiмiздей, ХVIII ғ. бастап, 
Батыс философиясында рационализм бағыты өзiнiң кемелiне келiп, 
философияның негiзгi iргетасына айналады. Материализм мен идеа-
лизм бағыттарының арасындағы үлкен айырмашылықтарға қарамастан, 
осы екi негiзгi ағымның негiздерiнде адамның ақыл-ойына деген 
сенушiлiк, адамзаттың болашақ өрлеуiне күмән келтiрмеушiлiк, ал 
маркстiк философияны алар болсақ, онда тiптi ақыл-ойдың негiзiнде 
болашақ коммунизмге қарай жылжуда адамзат тек жағалай ортаны 
күрт өзгертiп қана қоймай, сол iс-әрекеттiң негiзiнде адамның өзiнiң 
табиғаты өзгеретiндiгiне сену байқалды.
Бiрақ сол кездегi өмiрдегi қоғамдық қатынастар мұндай оптимистiк 
өмiршеңдiк көзқарастарға бiрте-бiрте күмәндануды туғызды. Бiрiншiден, 
Күннiң жарық сәулесiнiң шығуын асыға күткендей сияқты, шаттықпен 
қарсы алынған ұлы француз революциясы үлкен төңкерiстерге ғана 
әкелiп қоймай, сонымен бiрге зор қантөгiс, зорлық-зомбылыққа ұласып, 
одан күткен үмiттердi жоққа шығарды. 1848-49 жж. Еуропаның бiршама 
елдерiн дүр сiлкiндiрген буржуазиялық-демократиялық революциялар 
да олардан күткен үмiттi ақтамады, ал 1871 ж. Париж коммунасының 
тәжiрибесi марксизмнiң «жұмысшы табы диктатурасының қажеттiгi» 
жөнiндегi идеяларды тудырып, көп ойшылдардың жалпы ағарту, 
адамзаттың өрлеуiне деген көзқарастан, ақыл-ойдың құдiреттi күшiне 
сенуден бас тартып, олардан түңiлуiне әкелiп соқты.
Осы көрсетiлген және басқа себептер рационализм ағымына, яғни 
жалпы классикалық философияға, дискурсивтiк (discursus – латын сөзi, 
ақыл-ойға, қисынға негiзделген тұжырымдар) ойлау әдiсiне деген терiс 
пiкiрлердi оятып, оларға қарсы бағытталған философиялық ағымдарды 
тудырды. Бұл көштi бастаған немiс философы А.Шопенгауер мен Дания 
ойшылы С.Кьеркогер болды. Бұлардың екеуi де Гегельдiң панлогистiк 
көзқарасын сынаудан бастады. 
Кьеркогердiң ойына қарағанда, Гегельдiң философиясы ақыл-
ойға негізделген, онда бүкіл дүниенiң шындығы ашылғандай. Бірақ 
оның философиясында адам абсолюттік идеяның танымдық құралына 
айналады. Кьеркогер Гегельдiң болмыс пен ойлаудың тепе-теңдiгi 
туралы негiздемесiне қарсы шығады, өйткенi ол болмыстың не екенiн 
бiзге түсiндiрмейдi, сондықтан ол – «абстракциялық құбыжық» қана. 
Философияның негiзгi пәнiне, сондықтан тек қана жеке адамның өмiр 
сүруi, оның қайғысы мен қуанышы, үрейi мен зардабы, өз-өзiнiң рухына 
үңiлуi т.с.с. жатуы керек. Соңынан мұндай көзқарастардың негiзiнде 


240
ХХ ғ. экзистенциализм философиясы пайда болады. Ол бағытты 
талдаған кезде, бiз Кьеркогердiң идеяларына қайтып ораламыз.
Рационализм бағытына қарсы шыққан екiншi философ А.Шопен-
гауер болды. Оның ойынша, дүниенiң негiзiнде материя, я болмаса 
сана, рух жатыр деген көзқарастар – жалған пiкiрлер. Философияның 
тарихындағы мыңдаған жылдарға созылған iс-әрекеттер – оны ғылыми 
дәрежеге көтеруге бағытталған ұмтылыс – оны үлкен дағдарысқа әкелiп 
соқтырды. Шынына келгенде, философия – ғылым емес, өнердiң бiр 
түрi. Өйткенi дүниенiң негiзiнде жатқан нәрсе – ол ессiз, бейсаналық 
әлемдiк ерiк. Ендi, мiне, Шопенгауердiң философиясына толығынан 
тоқталуға мүмкiндiк келдi, екiншi жағынан, ойшылдың көп идеялары 
бүгiнгi дағдарыстағы қоғамдағы адамдардың сана-сезiмiнде бiршама 
қызығушылық тудырып отырғаны құпия емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет