Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет206/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   422
Байланысты:
2 (1)

алғашқы бастаған тұлға десек, артық айтпаған болармыз:
«Шығарсам арық қазып, Сырдан бойлап,
Ел болсақ отырысты болар едi-ау,
Қыстасақ Алатауды жазда жайлап.
Бiр жағымыз қалалы диқан болсақ,
Көшпелi, бiр жағымыз бие байлап,
Елдерден қатар жатқан үлгi алайық,
Болашақ келер ұрпақ қамын ойлап», – деген даналық ойлар 
айтады. Алайда әлсiреген халық көшпендiлiктiң шеңберiнен өз iшкi 
күшiмен шыға алмады: оған «ұлы мәртебелi Тарих» та уақыт бермедi, 
тек Ресей империясының құрамына кiрiп, сан қилы қиындықтардан 
өтiп барып, оның бүгiнгi егемендiкке қолы жеттi. Сондықтан әрбiр 
саналы жас өзiн қазақ халқының бейбiт, бақытты өмiрiн арман еткен 
бабаларының өсиетiн жадында сақтап, елдi қорғауға, оның бiрлiгi мен 
iргетасын нығайтуға белсендi атсалысуы қажет. Ол үшiн ең алдымен 
терең де сапалы бiлiм алып, оны шынайы өмiрде пайдалану жолда-
рын игерген жөн сияқты.
§ 5. ХIХ ғ. ағартушылық философия
Қазақ халқының тарихындағы ХIХ ғ. келер болсақ, Ресей империя-
сының бодандығына өткен елде, сол алып мемлекеттiң шеңберiнде 
жаңаша, негiзiнен, жерде отырып өмiр сүру жолдарына икемделу, осы 
күрделi де қиын жағдайда халықтың өзiн-өзi сақтап қалу мәселесi 
өмiрдiң алғышарттары ретiнде тарихи сахнаға шығады. Халықтың 


298
тарихында бұрын-соңды болмаған мұндай өткiр бетбұрыс философия 
саласында ағартушылық ағымды тудырады.
Бұл арада айтып кететiн нәрсе – әрбiр халық өзiнiң өмiрiнiң шешушi 
кезеңдерiнде Тарихтың қойған жаңа талаптарына сәйкес жауап 
қайтаруы керек. Ол үшiн ескi құндылықтар жүйесiн өзгертiп, дүниеге 
деген жаңа көзқарас енгiзу қажет. Мұндай күрделi iстi зиялылар 
қауымының алдыңғы қатарлы өкiлдерi жасап, халықтың сана-сезiмiн 
өзгертуге тырысады, оны бiз «ағартушылық саты» деп атаймыз. Ондай 
кезең уақытында барлық елдерде болған. 
Отандық ағартушылықтың негiзгi ерекшелiктерiнiң бiрi – рулық, 
одан әрi асса, ерте феодалдық қарым-қатынастағы көшпендiлiк өмiр 
салтын ұстаған халықты жаңа әлеуметтiк-экономикалық, саяси-
құқықтық жағдайда болуы мүмкiн апаттан аман сақтап қалып
оның сана-сезiмiне жаңа құндылықтарды енгiзу арқылы оны жерге 
тұрақтандыру болды. Өйткенi көшпендiлiк өмiр салтының негiзгi фак-
торы – жер көлемi кедейленген орыс шаруаларын қазақ жерiне әкелiп 
отырғызу саясатының негiзiнде жылдан-жылға қысқара бастады. Ал 
мұның өзi күйзелiсте тұрған көшпендi мал шаруашылығын толығынан 
күйретiп, елде аштықпен қатар мыңдаған жылдар бойы созылып кел-
ген өмiр салты, әдет-ғұрып құндылықтары адамдардың жан-дүниесiнен 
ажыратыла бастады. Бұл бiздiң ата-бабаларымыздың мыңдаған 
жылдардағы тарихында болмаған «зар заманды» тудырып, адам-
дар өз өмiрiнiң мән-мағынасын жоғалтып, қазiргi тiлмен айтқанда, 
экзистенциалдық вакуумге келiп тiрелдi. Халықтың өзiн-өзi жоғалту 
қаупі туды. Мұндай ахуалда көп жыраулар бұрынғы өткен өмiрдi 
көкседi (қазiргi кеңес қоғамын көксеп жүрген кейбiр саясаткерлер 
сияқты). 
Алайда Тарих өткен жолдарын қайталамайды, сондықтан өткендi 
көксеу – тарихи тұйықтыққа әкелiп тiрейдi. Мұны түсiнген халық 
ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет