31
Олай болса, адамның дүниетанымының шындығын қалай дәлелдеуге
болады деген сұрақ пайда болады. Субъективті идеализм оған шарттық
тұжырымдама арқылы жауап береді. Егер біздің дүниетанымымыз
басқа адамдардың сезіміне сәйкес келсе, онда ол рухани болмыстың
шындығын дәлелдейді. Ал рухани ортақ болмыстың болуының өзі оны
тудырған Құдайды мойындауға әкеледі. Сөйтіп, субъективті идеализм
өз шеңберінен шығып, ақырында, объективтік идеализммен ұштаса
кетеді.
Қорыта келе, идеализмнің қай түрі болса да, рухты алғашқы күш
ретінде мойындайды. Ал бұл ағымның әлсіз жағы – қалайша жоқтан
бар нәрсе туады деген сұрақ, өйткені бүкіл адамзаттың тәжірибесі
жоқтан барды туғызуға болмайтынын көрсетеді. Әрине, мұндай
көзқарас қазіргі көзі ашық адамды толығынан қанағаттандырмайды.
Бұл арада біз материализм және идеализм деген ұғымдардың
жай
Достарыңызбен бөлісу: