Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет23/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   422
панлогизмді (pan – бәрі, logos – білім, ілім, ақыл-ой) тудырады.
ХIХ ғасырдың өзінде-ақ рационализмнің, соған негізделген ағарту 
идеяларының көбі сынға алынып, олардан күткен көп сенімдер жоққа 
шықты, өйткені ақыл-ойға негізделген тамаша қоғамнан адамдар үміт 
үзе бастады.
Осы кезде рационализмді сынға алған, панлогизмге қарсы 
бағытталған философияның түрлері дүниеге келді. Олардың бірі – 
иррационализм бағыты. Егер А.Шопенгауер «Ерік философиясын», 
ал Ф.Ницше «билікке деген ерікті» алға қойса, З.Фрейд адамның 
«бейсаналық» күштерін зерттей бастады.


34
Марксизмде «эмпиризм мен рационализмнің арасындағы қайшылық 
праксеологиялық жолмен шешіледі, яғни адам мен қоғамның қажет-
тіліктері, соларды өтеу үшін жасалатын адамдардың іс-әрекеттері 
қайсыбір таным үдерістерінің қайнар көзі және ақиқаттың анықта-
масы» деген пікір айтылады.
Соңғы жылдары танымның өте күрделі үдеріс екендігі, оны прак-
сеологиямен ұштастырып қоймай, сонымен бірге аксиологиялық 
(әлеуметтік-мәдени, моральдық т.с.с. құндылықтар) тұрғысынан қарау 
керектігі анықталды.
Енді жоғарыда қойылған келесі сұраққа – дүниені тану дәрежесіне 
келетін болсақ, оған да екі түрлі жауап алуға болады.
Жаңа дәуірдегі әртүрлі таным теориялары көп ғасырлар бойы 
«ғылымдардағы ашылған жаңалықтар мәңгілік сол күйінде қалады, 
егер болашақта ол теріске шығарылса, онда оның алғашқы ашылған 
кезінде-ақ қате болғаны» деген пікірде болды. Яғни ғылымдағы 
тану үдерісіндегі табылған білім әрқашанда толық, кемеліне кел-
ген, ары қарай мазмұнын өзгертпейтін құбылыс ретінде қаралды. 
Гносеологиядағы мұндай пікірге «догматизм» (dogma – грек сөзі, 
шешім, ілім) деген атақ берілді.
Келесі гносеологиялық ілімдер қайсыбір ғылыми жаңалықты
білімді толық емес, салыстырмалы, тарихи, жүре келе тереңдетілетін 
құбылыс ретінде қарайды. Яғни ғылымдағы жетістіктерді де ары қарай 
шексіз дамытып, тереңдете беруге болады. Сондықтан ғылым ары 
қарай дамыған сайын, ғалымдар өткен уақыттағы ашылған білім сала-
ларына жаңа көзқараспен қарап, оның шындық жағын кеңейтілген жаңа 
теорияның құрамына кіргізіп, ал жалған жақтарын сырттатады.
Танымдағы мұндай бағытқа «релятивизм» (relatіvus – латын сөзі, 
салыстырмалы) деген атақ берілді.
Сонымен, тіпті маркстік философияның шеңберінде біз гносео-
логиялық мәселелерге праксеологиялық шешімдердің кіргенін 
байқадық.
Мұның өзі бізді философияның негізгі мәселесін одан ары талдап, 
«адам дүниені не үшін таниды?» деген сұраққа әкеледі. Мүмкін, ол 
дүниеге таңғалып, соған қызығушылық сезімнің негізінде оны танып-
білетін болар? Әлде ол адамның өмірлік мұқтаждықтарымен байла-
нысты ма? Мысалы, Аристотельдің айтқанындай, «философияның 
негізінде адамның дүниеге деген таңғалуы жатыр». Сөйтіп, адам 
дүниені танып-білудің негізінде оны өзгерте ме, я болмаса өзінің табиғи 
өмірге деген қызығушылығын қанағаттандырып қана қоя ма?
Басқаша айтқанда, адамның дүниетанымы, санасы, рухы айнала 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет