42
туғызатындығын, сонымен қатар сол дәуірдің шеңберінде шекте-
летіндігі, келесі дәуірдегі ойшылдардың өз заманына сәйкес бұрынғы
көзқарастарын дамытатындығын айқындады.
XIX ғ. екінші жартысында пайда болған марксизм ілімі философия
тарихын таптық тұрғыдан қарап, бұл пәннің шеңберінде қалыптасқан
материализм және идеализм ағымдарының күресін осы ғылымның өзегі
деп есептеді. Қоғамды материалистік тұрғыдан түсінудің негізінде,
олар «философия ой-өрісі дамуының ең түпкі қайнар көзі – өндіргіш
күштер, соған сәйкес ғылым мен техниканың дамуында» деген терең
пікір айтты.
XX ғасырдағы ойшылдардың көпшілігі философия тарихындағы
тарихи сабақтастықтан гөрі, әрбір қалыптасқан философиялық жүйенің
ерекшеліктеріне, соны тудырған тарихи тұлғаның қайталанбауына,
оның дүниетанымы мен сезімінің оқшау тұрған рухани құндылық
екендігіне аса көңіл аударды.
Әрине, философия тарихының қалыптасуы мен дамуының ішкі
заңдылықтары бар. Әр философ, қайсыбір адам сияқты, өз дәуірінің
тұлғасы, сондықтан оның ой-толғауында сол заманның мұң-
мұқтаждықтары, философиялық ой-өрісі көрінбей қоймайды.
Әрбір географиялық аймақта тұратын халықтардың сол жерге
мыңдаған жылдардың ішіндегі бейімделуінің негізінде өзінің дүние-
танымы мен дүниені түйсінуі, өзінің философиясы қалыптасады. Оны
ғылымда менталитет деген ұғыммен береді (mental – ағылшын сөзі,
ой-өріс). Сондықтан біз Шығыс, Батыс философиясы, Африка, Америка
т.с.с. философиясы деп оларды ерекше қараймыз.
Сонымен бірге философияның келесі күрделі ерекшелігі оның тари-
хына өз әсерін тигізбей қоймайды. Ол –
дүниеге деген көзқарастың
Достарыңызбен бөлісу: