Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет297/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   422
Байланысты:
2 (1)

Рефераттар тақырыптары:
1. Философиядағы болмыс ұғымы.
2. Көне Шығыстағы болмыс мәселесі.
3. Парменидтің болмыс ілімі.
4. Жалқылық пен жалпылық.
5. Тәуелсіздіктің болмыстық мән-мағынасы.
6. Сан мен сапалық өзгерістер.
7. Өтпелі қоғамдағы секіріс көріністері.
8. Биологиялық қозғалыс формасының ерекшеліктері.
9. Кеңістік пен уақыт жөніндегі субстанциялық көзқарас.
10. Әлеуметтік кеңістік пен уақыт мәселесі.
11. Даму ұғымы.
12. Даму мен қозғалыс.


449
13. Синергетика ілімі.
14. Жүйе және элемент.
15. Мүмкіндік пен шындық.
16. Детерминизм ілімі.
17. Сана мен тіл.
18. Сана мен ми.
19. Сана және компьютер.
20. Философиядағы «рух» ұғымы.


450
ХIV тарау. Эпистемология. Таным мәселелері
§ 1. Таным дегеніміз не?
Жоғарғы тарауда болмыс мәселелерін талдап: «Дүние қалай 
құрылған?» – деген сұраққа жауап беруге тырыстық. Енді уақыт екінші 
үлкен сұраққа жауап беруді талап етеді. Осы өзімен-өзі өмір сүріп 
жатқан дүниені адам танып-біле ала ма? Әрине, біз бұл сұраққа оң 
жауап қайтарамыз. Тек болмыс шеңберіндегі заттар мен құбылыстардың 
ішкі сырын ашу арқылы ғана адам оны ерікті түрде шығармашылық 
жолмен қайта өзгерте алады. Бізді айнала қоршаған «екінші табиғат» – 
неше түрлі машиналар мен механизмдер, электр стансалары, байла-
ныс жүйелері т.с.с. – адамның дүниетаным мүмкіндігі, рух құдіретінің 
шынайы көріністері.
Таным деп біз адамның айнала қоршаған ортаны зерттеудегі ерекше 
рухани іс-әрекетін айтамыз. Ол әрқашанда даму үдерісінде. Егерде көне 
замандағы адам найзағай жарқылдап, күн күркіреген кезде зәресі кетіп, 
оны аспан Құдайының іс-әрекетіне теңестірген болса, қазіргі уақытта 
оның физикалық сырын 8-9-сыныптарда оқитын әрбір оқушы айта 
алады.
Адамзаттың мыңдаған жылдарға созылған тарихы танымның 
өте күрделі көпдеңгейлі құбылыс екенін мойындайды. Миллион-
даған адамдардың дүниетану әрекетінің негізінде әртүрлі жырақтар 
мен бұлақтардан қосылған өзен арнасы сияқты, қоғамдық мағынасы 
зор таным үдерісі қалыптасады. Алайда жеке адамның санасында 
қалыптасқан кейбір түсініктер жалған болуы, я болмаса, кейбіреулері 
өз заманының арнасынан шығып, бүгінгі өмірдің сұранысын тудыр-
мауы да мүмкін. Сондықтан нақтылы тарихи қоғамның сұранысына 
байланысты «табиғи таңдауға» ұқсас үдерістердің негізінде жеке 
адамның санасындағы ойлар қоғамның рухани байлығына айналады. 
Ол үшін адамдар өз білімдерін бір-бірімен бөлісуі қажет. Ол, негізінен 
алғанда, университтердің мінбелері, басылып жарық көрген мақалалар 
мен кітаптар арқылы, олардың мазмұнын сынау, тиімді және тиімсіз 
жақтарын қоғамдық санаға көрсету т.с.с. жолдармен жүріп отырады. 
Қайсыбір тіршілік сияқты, адам да айнала қоршаған ортаның 
шеңберінде өмір сүреді. Алайда оның өмір сүру тәсілі басқа 
тіршіліктерден мүлде өзгеше. Егерде қайсыбір жануар өзінің дене 
құрылысы мүмкіндігіне сай айнала қоршаған ортаға бейімделген, 
дүниедегі сан алуан құбылыстардың ішінде тек өз тіршілігіне тікелей, 
я болмаса жанама қатысы бар заттар мен құбылыстарды ғана сезініп, 
тек соған сәйкес өмір сүретін болса, адам дүниеге өз санасы арқылы 
жан-жақты қарай алады. Сонымен қатар айнала қоршаған орта нақтылы 


451
тарихи өмір сүріп жатқан адамдардың таным мүмкіндіктері мен оны 
игеру деңгейінен әрқашанда асып түседі. Олай болса, ол адамдардың 
дүниені зерттеп игеру жолындағы шексіз мүмкіндіктерін тудырады. 
Дүниетанудағы негізгі мақсат – зерттеліп жатқан заттар мен 
құбылыстардың ішкі сырын ашу, яғни оларды білу. Білім – әрқашанда 
шындықтың идеалдық бейнесі, өйткені бірдемені білу дегеніміз – сол 
жөнінде идеалдық түсініктің болуы. Олай болса, танымды күрделі 
үдеріс, ал білімді белгілі бір нәтиже ретінде қарауымыз керек. 
Тарихи ғылыми білім дүниеге келместен бұрын, күнбе-күнгі өмір 
тәжірибесінен пайда болған күнделікті қарапайым білім дүниеге 
келеді. Ол адамның кәсіби танымдық іс-әрекетінен емес, күнделікті 
өмірдің қажеттіліктерінен (аң аулау, балық ұстау, еңбек құралдарын 
жасау, үй салу, бала тәрбиелеу, жеміс-жидек жинау т.с.с.) пайда 
болады. Оған күнбе-күнгі өмір тәжірибесінен қорытылған халық 
даналығын көрсететін мақал-мәтелдерді, адамгершілік нормаларды, 
әдет-ғұрыптарды т.с.с. жатқызуға болар еді. Осындай өмірлік білімнің 
негізінде адамдар айнала қоршаған ортаны бағдарлай алатын дәрежеге 
жетеді. Ал ғылыми білімге келсеқ, ол арнаулы білімді меңгеру мен оны 
шығармашылық жолмен дамытудың негізінде пайда болады. Оның 
қайнар көзі бертінде, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуінен басталады. 
Жүре келе, ғылыми зерттеудің тақырыбына байланысты білімнің 
әртүрлі салалары пайда болады. Табиғатты зерттеудің барысында 
астрономия, механика, физика, химия, геология, биология т.с.с. 
ғылымдардың негіздері қаланады. Олардың басын біріктіріп, жара-
тылыстану ғылымдары дейміз. Адам мен қоғамды зерттейтін білім 
салалары гуманитарлық, қоғамдық пәндерді тудырды. Оларға фило-
софия, психология, саясаттану, мәдениеттану т.с.с. пәндер жатады. 
Гуманитарлық білімдердің ерекшеліктері – олардың мазмұнында 
нақтылы-тарихи өмір сүріп жатқан әлеуметтік топтардың мүдделері 
мен мақсат-мұраттарының бейнеленуі. Сондықтан белгілі бір қоғам 
өміріндегі құбылысқа әрбір әлеуметтік топ өзіндік баға беруі мүмкін. 
Сонымен қатар бұл пәндердің бәрінің басын біріктіретін құндылық-
тар – адамды сүю, ізгілік, жақсылық, жетілгендік, әсемдік, әділеттілік, 
еркіндік, теңдік т.с.с. 
Гуманитарлық білім саласында көркемдік танымды ерекше алып 
қарауға болады. Оған әдебиет, поэзия, қылқалам, әуен т.с.с. өнер 
саласындағы туындыларды зерттеуді жатқызамыз.
Сонымен қатар бүгінгі адамзаттың рухани-адамгершілік дағдарысқа 
түсуіне байланысты, дінтану мәселелері ерекше өзекті болып отыр.
Дүниетану – өте күрделі құбылыс, ол үшін адам барлық жан-тәнінің 
мүмкіндіктерін пайдаланады. Нақтылы-тарихи өмір сүріп жатқан 
қоғамдағы құндылықтар, солардың негізінде қалыптасатын қоғамдық 


452
қатынастар, өндіргіш күштердің деңгейі т.с.с. таным үдерісінде өз 
орнын алады.
Ендеше, дүниетану негізінде жатқан негізгі құбылысты анықтамай 
болмайды, сонда ғана оның терең мәнін ашуға болады. Сана, рух 
болмысының өзегі білімде болғаннан кейін, мыңдаған жылдардың 
шеңберінде ойшылдар танымның негізін адамның санасынан 
көрді: «таным үдерісін дамытатын ақыл-ой жаттығуы, жетілуі», 
«шығармашылық ізденіс», «білімге деген құштарлық», «туа біткен 
табиғи дарын» т.с.с. Әрине, аталған факторлардың танымдағы орнын 
терістеуге болмайды. Бірақ олардың негізінде толыққанды таным тео-
риясын жасау мүмкін емес. Ол үшін біз адамның басқа тіршіліктерден 
бөлек, тек өзіне ғана тән өмір сүру тәсілін анықтауымыз керек. Ал 
оның өзі бізді адамның «таза табиғатқа» қанағаттанбай, оны қайта құру, 
өзгерту іс-әрекетіне әкеліп тірейді. Оны философия тілінде «практика» 
дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет