Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет339/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   422
Байланысты:
2 (1)

а) тіршілік құндылықтары
Енді жоғарыдағы айтылған ойларды нақтылай түссек, онда, әрине, 
бірінші орынға өмір, бүкіл тіршіліктің құндылығын жатқызуға болар 
еді. Ал оның ең биік шыңы – сана сезімі, рухы бар адам. Сондықтан 
ұлы И.Канттың моральдық императивтерінің бірі – адамды әрқашанда 
мақсат-мұрат тұт, оған ешқашанда құрал ретінде қарама деген терең 
ойы еді. Ал бұл талаптан адам бүкіл тіршіліктің патшасы болуы керек 
деген тұжырым шықпауы керек. Керісінше, ол бүкіл тіршіліктің ең 
жетілген түрі болғаннан кейін, бәрін өзімен бірге көтеріп (коэволюция), 
гүлдетіп, үйлесімді өмір сүруі қажет. 
Әрине, бүгінгі таңда адамды құрал ретінде пайдалану – өмірде жиі 
кездесетін құбылыс. Адам өмірде кейбір кезде өз орнын таба алмай, 
қиналып, зардап шегеді, тіпті өмірден түңілуі де мүмкін. Уақытында 
М.Монтень айтқандай, «кімның басына сартылдап бұршақ ұрып жатса, 
сол бүкіл жер бетін найзағай мен дауыл алып кеткендей көреді». 
Ол, әрине, сол адамның әлсіздігін, тіпті ақыл-ойының тайыздығын 
көрсетеді дер едік. Әрине, біз бұл өмірге сұранып келген жоқпыз, бірақ 
осы ғажап дүниенің бір кішкентай да болса бөлігі ретінде бармыз. 
Одан артық құндылық бар ма екен?! Өмір қиындықтары, кездесетін 
сәтсіздіктер – уақытша, оларды жеңе білу керек, өйткені сен адамсың. 
Түнде сансыз жұлдыздар жымың қағып, ғарыштың ақылға сыймайтын 
тереңдігін, сонымен қатар оның бізге жолдап отырған жылы сәлемін 
көрсетпей ме? Күннің алқызыл атуы мен батуы, асқар таулардың 
жарқыраған шыңдары, бұлақтан сылдырлап аққан мөлдір су, мойнын 
бізге қарай бұрған аққудың әсемдігі, бұлбұл құстың әндері, құмнан 
қашқан ақбөкеннің секіргені, сүйген жардың әр қимылы мен қылығы 
т.с.с. – бәрі де ғажап емес пе?!! Тағы да М.Монтень бізге мынадай ақыл 
тастайды: «Өмірді әрқашанда қуанышты сезіммен қабылда, ол сенің 
даналығыңды көрсетеді».


534
Адам өмірінен шығатын келесі құндылық – денсаулық, оны дана 
бабамыз «бірінші байлық» деп кеткен. А.Шопенгауер айтқандай,
«адамның бақытты болуының 9/10-ы оның денсаулығына байла-
нысты». Расында да, тек денсаулықтың арқасында ғана өмірде кездесетін 
ауыртпалықтарды еңсеріп жеңуге, ішкі табиғи дарындарды дамытып, 
шығармашылық деңгейге көтерілуге болады. Сондықтан денсаулыққа 
саналы түрде қарап, спортпен шұғылданып, уақытында тамақтанып, 
өз дене ахуалыңа зәбірлік жасамау керек. Маскүнемдік, шылым 
шегу, нашақорлық жолына түсу – ең зор байлық – денсаулығыңды өз 
қолыңмен жоюмен тең.
Сонымен қатар, өкінішке қарай, өмірде мүгедек, табиғатынан әлсіз 
туған жандар да кездеседі. Мұндай жағдайда олар өз рухының күші 
арқылы өмірдің мәнділігі мен құндылығын, қанша қиын болса да, 
аша білуі керек, ол үшін, әрине, жақындары, жалпы қоғам, мемле-
кет тарапынан көмек қажет. Дүниежүзілік тарих мұндай адамдардың 
өмір қиындықтарын жеңіп, шығармашылық дәрежеге көтеріліп, өзінің 
өшпес ізін қалдырғаны жөнінде мыңдаған айғақтар келтіреді. Қайсыбір 
қоғамның адамгершілік келбетін сол кемтарларға жасаған ізгі істерінен 
көруге болады. Өкінішке қарай, біз бүгін бұл жағынан мақтана алмай-
мыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет