580
тудырып, болашақта Жер бетіндегі барлық халықтарға тамаша өмір
әкеледі деген ой тастады. 80 жж. Д.Бэлл, Ж.Фурастье, А.Тофлер сияқты
ғалымдар «ғылымның негізгі өндіргіш күшке» айналуына байла-
нысты, барлық жер бетінде қорланған мәселелерді компьютерлік тех-
нологияларды өмірге енгізу арқылы шешуге болатынын айтты. Алайда
жақын арада-ақ ҒТР-дың теріс салдарлары да айқындала бастады. Көп
елдер экологиялық дағдарысқа ұшырады. Шикізат қорларының шексіз
еместігі анықтала бастады. Дамыған елдер мен артта қалған елдердің
арасында қайшылық өсе бастады т.с.с. Әрине, бұл теріс өзгерістер
технопессимистік көзқарастарды тудырды.
Достарыңызбен бөлісу: