Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 2. Француз ағартушылары



Pdf көрінісі
бет132/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   422
Байланысты:
2 (1)

§ 2. Француз ағартушылары
Дүниежүзiлiк философия тарихында француз ағартушыла-
рының орны ерекше. Бұл философиялық-саяси бағыттың негiзiн 
қалаған Вольтер мен Монтескье болды. Олардың еңбектерi француз 
ағартушыларының екiншi буынының қалыптасуына зор әсерiн тигiздi. 
Оларға Ламетри, Дидро, Кондильяк, Руссо, Гольбах сияқты ойшылдар 
жатады.
Француз ағартушылары философияның деңгейiн өте биiк дәрежеге 
көтердi. Адамзатты тебiрентетiн барлық мәселелер философиялық зерде 
тұрғысынан шешiлуi қажет, бұл – олардың негiзгi қағидасы. Ой ерiктiгi 
бұрын-соңды болмаған дәрежеге көтерiлдi: дiн, табиғатты түсiну, 
қоғам, мемлекеттiң құрылымы мен басқарылуы – бәрi де үзiлдi-кесiлдi 
сыннан өттi, бүкiл бұрынғы қалыптасқан көзқарастардың көпшiлiгi 
терiске шығарылып, дүниеге деген жаңа таным қалыптаса бастады.
Француз ағартушыларының еңбектерiнде табиғат және ондағы 
адамның орнына материалистiк көзқарас қалыптаса бастады, әсiресе 
олардың әлеуметтiк-саяси көзқарастары сол кездегi қоғамдағы ахуалға 
өзiнiң зор әсерiн тигiздi. Егер ағылшын ағартушыларының көбi король 


191
билiгiн жақтап, я болмаса аристократияны қолдаса, француз ойшыл-
дары феодалдық тәртiпке үзiлдi-кесiлдi қарсы шығып, саяси-құқықтық 
мәселелердi күн тәртiбiне ашық та айқын қоя бiлдi.
Монтескьенiң философиялық көзқарастары
Шарль Луи де Монтескье (1689-1775 жж.) француз ақсүйектерiнiң 
отбасында дүниеге келедi. Сол кездегi беделдi оқу орындарында оқып, 
бiлiм алады.
Негiзгi еңбектерi: «Персиялық хаттар», «Заңдардың рухы 
жөнiнде», «Римдiктердiң өрлеуi мен құлдырауының себептерi».
Өзiнiң ең алғашқы «Персиялық хаттар» атты еңбегiнде Мон-
тескье монархиялық тәртiптi, ақсүйектердiң дүние шашуын, дiни 
қызметкерлердiң екiжүздiлiгiн айыптап, сынға алады, оларды 
Шығыстағы «азиаттық озбырлықпен» салыстырады.
Әсiресе ол христиан дiнiн қатты сынайды. Христиан дiнi сүйiс-
пеншiлiк дiнi болуға тырысқанымен, өзiнiң тарихында талай-талай 
қақтығыс пен соғыстарды әкелдi. Христиандарда ақылға сыймайтын 
мәселелер көп: оларға үш бiрмен тең, жеп отырған нандары – нан емес, 
iшкен шараптары – шарап емес т.с.с. Бiрақ ол христиан дiнiн сынағанмен, 
Құдай идеясын толығынан терiске шығарған жоқ. Ол бұл мәселе 
бойынша деистiк көзқараста болды. Құдай өзiнiң құдiреттi күшiнiң 
негiзiнде табиғатты және оның заңдылықтарын тудырды, ал содан 
кейiн Ол табиғаттың ары қарай өмiр сүруiне килiкпейдi. Екiншiден, ол 
дiнге гуманистiк-өмiрлiк бағыт бергiсi келдi. Мысалы, оның ойынша, 
егер Құдай дiндi адамдарға iзгiлiк үшiн берсе, онда адамдардың осы 
дүниедегi бақытқа ұмтылуы күнә емес. Егер Құдай адамдарды сүйсе, 
онда адамдар да бiр-бiрiн сүюi керек, бiр-бiрiне бақытқа жету жолында 
көмектесуi қажет.
Монтескье өз заманының күрделi мәселелерiн терең түсiну үшiн 
адамзат тарихына үңiлiп, «Римдiктердiң өрлеуi мен құлдырауының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет