Шефтсберри мен Мандевиль. Моральдық мәселелер
Антони Шефтсбери (1671-1713 жж.) философия тарихына жазушы-
моралист ретiнде кiрдi.
«Адамдардың, әдет-ғұрыптардың, пiкiрлер мен уақыттың
мiнездемелерi» деген еңбегiнде ол: «Әсемдiк пен iзгiлiк – бiр», – деген
пiкiр айтады.
А.Шефтсбери моральдық құндылықтарды адамның iзгi табиғатынан
шығарады. «Әсемдiк, әдiлеттiлiк, адалдық жөнiндегi түсiнiктер мен
принциптер адамның табиғатынан шығады, басқа олардың қайнар көзi
жоқ», – деп ашық айтады. Бұл мәселе бойынша ол Т.Гоббс пен Д.Локқа
қарсы шығып, «Iзгiлiк пайда табу жолында, я болмаса марапаттау мен
жазалау мүмкiндiктерiнен пайда болатын қорқыныш сезiмнен емес,
ол өз-өзiн тудырады, iзгiлiк жолындағы адам өзiн бақытты сезiнедi.
Iзгi адам өзiнiң сана-сезiмi, iс-әрекетiмен өзi мүше болып отырған
әлеуметтiк топтың, қоғамның жетiлуiне бар күшiн салуы керек.
Iзгiлiк адамның iшкi табиғатында орын алғаннан кейiн, әрине,
ол Құдайға сенуге тiкелей байланысты емес. Керiсiнше, дiннiң
қағидаларының өзi моральдық сананың сынынан өтуi қажет. Өйткенi
адамзат тарихы дiннiң көп жағдайда моральдық санаға тигiзетiн терiс
ықпалын көрсетедi.
Кiмде-кiм iзгiлiкке Құдайдың мейірбандығы тиюi үшiн, я болмаса
жамандыққа Оның жазалауынан қорқып бармаса, оны моральдық пенде
деп атауға болмайды. «Ондай адамда адамгершiлiк, iзгiлiк, әулиелiк
шынжырға байлап қойған арыстанның момындығынан көп емес», – деп
қорытады А.Шефтсбери.
Алайда бұл келтiрiлген пiкiрлер ол Құдайды мойындамаған екен
деген пiкiрге әкелмеуi керек. Оның ойынша, «Құдай – әсемдiктiң
негiзгi қағидасы, себебi, қайнар көзi». Оның негiзгi рөлi – сондай
әсем, тәртiпке келген ғарышты тудырғанында. Осы сыртқы әсемдiкке
адамның iшкi рухани өмiрiнiң «бақтары мен көгорайы» сәйкес келуi
керек, – деп өзiнiң моральдық философиясын қорытады А.Шефтсбери.
Осы замандағы екiншi көрнектi ағылшын философы – Бернард Ман-
девиль (1670-1733 жж.) А.Шефтсберидiң моральдық философиясының
iргетастарын аударып тастап, оған қарама-қарсы жатқан идеяларға
келедi. Негiзгi еңбегi – «Аралар туралы ертегi».
Араның ұясында байлық пен қайыршылық, күнбе-күнгi той-
думан мен ауыр еңбек қатар өмiр сүрiп жатыр. Онда бәрi де саты-
лады. Ашқарақтық, тәкаппарлық, көреалмаушылық, алдап-арбау қай
жерде болса да кең етек алып, бәрi де баюға тырысып жатыр. Осының
нәтижесiнде араның ұясында гүлдеу, жақсы өмiр сүру байқалады.
188
Күндердiң бiр күнiнде барлық аралар моральдық жолға, iзгiлiкке
бетбұрыс жасайды. Сол сәтте ұяда таңғаларлық өзгерiстер пайда бола
бастайды. Байлық пен той-думан келмеске кетiп, ұя бiрте-бiрте әлсiреп,
соңында құриды.
Бұл ертегiден шығарған Б.Мандевильдiң қорытындысы: бiр
жағынан, жақсы өмiр сүрiп, екiншi жағынан, адал болу мүмкiн емес.
Оның негiзгi себебi – адам өзiнiң терең табиғатына сәйкес өзiмшiл, тек
өзiне болғанын қалайды. Әрине, мұндай идеяны Б.Мандевиль тарихта
бiрiншi болып айтып отырған жоқ, оның алдында Т.Гоббс та осындай
пiкiрде болған. Бiрақ, оның ойынша, адамның моральдық тұрғыдағы
терiс жақтары қоғамның өмiр сүруiне кедергi емес, керiсiнше, оны
күшейтiп бiрiктiредi. «Бiздiң бұл дүниедегi зұлымдық дегенiмiз,
моральдық, я физикалық тұрғыдан алсақ, шынына келгенде, – ұлы
принцип, соның арқасында бiз әлеуметтiк пенделермiз, егер зұлымдық
күндердiң бiр күнiнде жойылса, онда қоғам күйреп, тiптi ыдырап кетуi
мүмкiн», – деп қорытады Б.Мандевиль.
Егер А.Шефтсбери моральдың қайнар көзiн адамның табиғатынан
шығарса, Б.Мандевиль, керiсiнше, «мораль – қоғамның туындысы, ал
моральдық құндылықтарды тудырған – ұлы тұлғалар» деген пiкiрге
келедi. Олар адамдарды өздерiнiң құштарлықтарына тосқауыл қоюға,
қоғамдық жалпы мүдделердi биiк дәрежеде ұстауға үйреттi.
«Моральдық құндылықтардың пайда болуы туралы зерттеу» деген
еңбегiнде Б.Мандевиль қоғамға әлдебiр зұлымдықтың қажеттiгi мен
пайдалылығынан гөрi, оларды жеңу, ауыздықтаудың мәнiн баса айтып,
моральдың пайда болуының қайнар көзiн содан көредi. Әрине, оның
мұндай көзқарасы өз заманындағы және болашақ ойшылдарға өзiнiң
зор әсерiн тигiзiп, әртүрлi пiкiрлердi туғызды.
ХVIII ғ. ағылшын ағартушыларының жалпы деистiк және
материалистiк бағытына қарсы шығып, идеализм жолын қорғаған епи-
скоп Джордж Беркли (1681-1753 жж.) болды. Ол өзiнiң философиясын
«Дүниедегi барлық өмiр сүруші – жалқы» деген қағидадан бастайды.
Ал жалпы дегенiмiз – ол жалқының нақты қорытылған бейнесi ғана.
Дерексіз жалпы ұғымдар сөздердiң негiзiнде жатқан жалпы идеяларды
көрсетедi деген жалған пiкiрдi басшылыққа алып, көп философтар,
ойшылдар алданады. Ал, шындығында, сөз жалпы идеялардың белгiсi
емес, керiсiнше, көп нақтылы заттардың белгiсi. Осындай қағиданың
негiзiнде Д.Беркли дерексіз жалпы ұғымдардың керек еместiгiн, әсiресе
философиядағы материя ұғымының зияндығын, неше түрлi дау-дамай-
ларды туғызатынын көрсеткiсi келедi.
Д.Берклидiң философияда жасаған екiншi қадамы – Дж.Локтың
бiрiншi және екiншi сапалар деген iлiмiн сынап, таным үдерісінде адам
189
тек қана өзiнiң түйсiктерiнiң әртүрлi қосындыларымен кездеседi деген
пiкiрге келуi. Яғни Д.Беркли зерттелiп жатқан заттардың қасиеттерiн
адамның түйсiктерiмен теңедi. Мысалы, шиенi алсақ, ол қоңыр-қызыл
түстi, дөңгелек, жұмсақ, қышқыл-тәттi. Осы түйсiктердiң бәрiн алып
тастасақ, онда шиеден не қалады? «Ештеңе», – деп жауап бередi
Д.Беркли. «Шынына келгенде, нысан мен түйсiк – бiр және оларды бiр-
бiрiнен ажыратуға болмайды», – дейдi ойшыл.
Мұндай көзқарас философияда солипсизмге (solus – латын сөзi,
«жалғыз өзiм» деген мағына бередi) әкеледi: яғни дүниеде мен ғана
өмiр сүрiп жатырмын, ал бүкiл әлем, басқа заттар мен адамдар менiң
түйсiктерiмнiң әртүрлi қосындылары ғана деген пiкiр тудырады.
Мұндай ерсi пiкiрден аулақ болу үшiн, Д.Беркли: «Дүниенiң өмiр
сүруiн мойындаудың негiзi жеке адамның санасында ғана емес, соны-
мен қатар басқа адамдардың да дүниенi қабылдауымен байланысты», –
деген пiкiрге келедi.
Ал көп адамдардың дүниедегi белгiлi бiр заттар жөнiндегi ортақ
пiкiрi, олар жөнiндегi ортақ пiкiрлерi, бiр-бiреуiмен келiсiмi Құдайдың
құдiреттi күшiнде жатыр. Сонымен, қорыта келе, Д.Беркли алғашында
тек қана жалқыны мойындап, материалистiк көзқарастан бастап,
келесi сатыда субъективтiк идеализмге жетіп, соңында теологиялық
көзқарасқа келiп тiреледi.
Достарыңызбен бөлісу: |