Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет137/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   422
Байланысты:
2 (1)

Жан-Жак Руссо
Жан–Жак Руссо (1712-1778 жж.) Швейцариядағы Женева қаласында 
сағат жөндеушiнiң отбасында дүниеге келедi. Негiзгi еңбектерi: 
«Қоғамдық шарт туралы», «Эмиль, я тәрбие жөнiнде» т.с.с.
Адам мәселесi
Руссо адамның табиғатынан өзiмен бiрге туатын екi алғашқы 
нәрсенi байқайды. Олардың бiреуi «бiздi өзiмiздi сақтап, жақсы өмiр 
сүруге ынталандырса», екiншiсi әрбiр сезiмдiк жанның зардап шегуiн, 
өлiп-құруын көргенде, табиғи тiтiркенушiлiктi тудырады.
Егер Т.Гоббс адамның өзiн сақтауға бағытталған ішкі табиғи 
түйсігінен өзiмшiлдiктi (эгоизм) тудырса, Руссо оның өмiрге келуiне 
дейiн көп уақыттың өткенiн көрсетедi. Руссоның ойынша, адамның 
өзiн сүю сезiмi басқалардың зардабын көргенде, оларды аяу сезiмiмен 
теңеледi, көбiнесе соңғы сезiм басым болып, басқалардың қайғы-
қасіретiне ортақ болуға әкеледi.
– Өзiнiң табиғи жағынан алсақ, адам – iзгiлiкке ұмтылатын пенде. 
Егер адам iзгi iс-әрекет жасап, өзiнiң өзiмшiлдiгiмен күресе бiлсе, оның 
бұл қасиетi терең етек жаяды. Бiрте-бiрте iзгiлiкке ұмтылу қажеттiкке 
айналып, адамға рақат әкеледi. Басқалардың алдындағы адамның 
борышы – ол iзгiлiктiң сыртқы көрiнiсi ғана. Ал табиғи сезiмнен 
шығатын басқа адамдарға деген iзгi iс-әрекет – ол ең биiк дәрежедегi 
адамгершiлiк, – деп қорытады Руссо.
Бiрақ адамның басқаларға деген iзгi сезiмiн дамытуға тежеу жасалса, 
ол өзiнiң қарама-қарсылығына айналып, эгоизмдi, яғни өзiмшiлдiктi 
тудырады.
Өркениеттi қоғамдағы адамдардың, бiр жағынан алғанда, адамды 
сүюi, әдiлеттiлiк, iзгiлiкке деген құштарлығы байқалса, екiншi жағы-
нан, ол сыртқы сезiмнiң, өзiмшiлдiктiң шеңберiнде екенiн көремiз. Осы 
бiр-бiрiне қарсы екi сезiм тарихта қалай пайда болды?
Бұл сұраққа жауапты ол адамдардың арасындағы теңсiздiк қалайша 
пайда болды деген сұраққа жауап беру арқылы шешуге тырысады.


197


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет