Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет139/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   422
Байланысты:
2 (1)

Гельвеций (1715-1771 жж.) де осы көрсетiлген тұрғыдан мораль 
мәселелерiн қарап, адамның қайсыбiр ләззат алу формаларының 
негiзiнде сезiм толқыны жатыр, ал кейбiр адамдардың өзiмшiлдiгiне 
келер болсақ, оны тәрбиенiң негiзiнде түзеуге болады деген пiкiр 
айтады.
Гольбах (1723-1789 жж.) өзiнiң «Табиғат жүйесi» деген көлемдi 
еңбегiнде: «Өзiмен-өзi өмiр сүрiп жатқан табиғат дүниедеге барлық 
құбылыстардың себебiн құрайды», – деген батыл да терең пiкiрге 
келедi. Табиғат дегенiмiз – орасан зор шеберхана. Материяның негiзгi 
өмiр сүру тәсiлi – қозғалыс. Ал тарту мен инерция – материяның ең 
терең табиғи қасиеттерi.
Өзiнiң әлеуметтiк философиясында ғалым адамдарды азаматты-
лыққа, заңға көнуге, елдi қорғауға, қайсыбiр саясаттағы озбырлыққа 
қарсы күресуге, жоғары мәдениетті басқару жүйесiн орнатуға 
шақырады.
Мораль саласындағы негiзгi құндылықтарға ол iзгiлiк, ақиқат, 
зерденi жатқызып, тек соларға ғана табынуға болады деген пiкiрге 
келедi. Ол қайсыбiр дiни көзқарастарды қабылдамай, дiни надандықтан 
арылуға шақырады.
Дидро (1713-1784 жж.) – ұлы француз ағартушыларының бiрi. Оның 
басшылығы мен ұйымдастыру қабiлетiнiң арқасында ХVIII ғ. «Француз 
энциклопедиясы» басылып шыға бастады (салыстырыңыз: Қазақ совет 
энциклопедиясы ХХ ғ. 70 жылдарында жарық көрген). Онда сол кезге 
дейiн жиналған ғылыми деректердiң негiзiнде дүниеге жаңа көзқарас, 
жаңа саяси, құқықтық, гуманистiк идеялар дүниеге келiп, кеңiнен 
қоғамда тарала бастайды. Ол француз халқының рухани жаңаруына 
өзiнiң өшпес iзiн қалдырды.
Негiзгi еңбектерi: «Табиғатты түсiнудегi ойлар жөнiнде», 
«Д’Аламбердiң Дидромен сұхбаты», «Материя мен қозғалыстың 
философиялық принциптерi» т.с.с.


200
Егер француз ағартушыларының көпшiлiгi деистiк көзқараста болса, 
Дидро өзiнiң философиялық көзқарастарында таза материалистiк 
бағытқа көшедi.
Дүниедегi субстанция бiреу ғана – ол материя, ал оның себебi 
өзiнiң iшiнде, сондықтан оны түсiнiп, тану үшiн ешқандай Құдай 
идеясы керек емес. Материяны ешкiм жаратқан жоқ, ол өзiнiң даму 
заңдылықтарының негiзiнде мәңгiлiк өмiр сүрiп жатыр. Дидро мате-
рияның өмiр сүру тәсiлiн қозғалыстан көредi, сондықтан оларды бiр-
бiрiнен ажырата алмаймыз. Бүкiл табиғат мәңгi қозғалыста, бiр нәрселер 
жойылып, екiншiлерi оның орнына келiп жатыр. Дидроның ең тамаша 
ойы: ол материяның өзiндiк iшкi күштерiн мойындап және оның қайнар 
көзiн iшкi қайшылықтардан iздейдi.
Адам мәселесiне келер болсақ, Дидро оны басқа тiршiлiктер сияқты 
өзiнiң қалыптасу, жетiлу тарихынан өттi деген пiкiрге келедi. Адамның 
санасы Құдайдың оған берген сыйы емес, ол – материяның даму 
жолында пайда болған құбылыс. Ол тiршiлiктiң күрделену жолында 
пайда болады.
«Қоғамдық шарт» теориясына сүйене отырып, Дидро корольдiң 
билiгiнiң Құдай берген билiгi жөнiндегi сол кездегi кең тараған пiкiрге 
қарсы шығып, оны әшкерелейдi. Ол конституциямен шектелген монар-
хияны жақтап, ағарған билiктiң қажет екенiн көрсету жолында талай 
ойларды қозғайды.
Адамның өзiмшiлдiгiн мойындағанмен, Дидро оны ақыл-оймен 
тежеп, басқалардың да мүдделерiн түсiнiп, адам өзiн-өзi тежей
шеңберлей алатын дәрежеге көтерiлуi керек деген гуманистiк ойларды 
келтiредi. 
Қорыта келе, бiз француз ағартушыларының философия тарихын-
дағы алатын ерекше орнын тағы да атап өткiмiз келедi. Олардың 
айтып кеткен көп ойлары осы күнге дейiн өзiнiң өзектiлігiмен бiздi 
таңғалдырып, iшкi дүниемiзде шабыт оятып, жаңа ой-пiкiрлердi туды-
рады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет