272
мұның өзi экзистенциалдық философияның негiзгi мәселесiне жатады.
Бiреулерден кеменiң тақтайының қалыңдығы төрт саусақтай екенiн
бiлген Анахарсис: «Кемешiлер өлiмнен төрт саусақтай қашықтықта
жүзiп келе жатыр», – деген екен. Мұндай ғажап ойлар мен адам
күтпейтiн салыстырмалар, әрине, Анахарсистiң өз заманының ғұламасы
болғанын көрсетедi.
Анахарсис грек елiнен тәлiм-тәрбие алып, өз елiне қайта оралып,
сондағы игерген бiлiмiн өз елiне қолдануға тырысады. Бiрақ оның
реформаторлық идеялары қалың бұқараның қолдауын таппай, ақырында
оны көре алмаған бiреудiң қанды жебесiнен қазаға ұшырайды. Соңғы
демi үзiлерде ол: «Эллада жерiнде менi ақылым қорғап едi, өз елiмде
қызғаныштың құрбаны болдым», – деген екен.
Философиялық ой-пiкiр бүкiл дүниежүзiлiк деңгейде б.з.д. VII-V ғғ.
пайда бола бастаған кезде, бiздiң бабаларымыз да аса кемеңгер дана
тұлғаны – Анарысты тудырды. Олай болса, бiз сол заманнан берi бүкiл
дүниежүзiлiк рухани көштен қалмай, тарихи халықтардың арасында өз
орнымызды алдық. Оны бiз әрқашанда мақтан етуiмiз керек.
Достарыңызбен бөлісу: