271
басқарған атақты Майқы-би бабамыз Анарыстың өсиеттерi деп, ел
билеудiң жолдарын айтып отырады екен деген аңыз халық жадында
сақталған.
Диоген Лаэртий деген көне грек заманындағы атақты философия
тарихшысы Анахарсистiң Афинадағы Солон патшаға алғаш келiп таны-
сып, дос болғаны жайында мынандай аңызды келтiредi. «Қиырдағы
скиф қаласынан iлiм iздеп, ақыл-зердемдi сынатып қайту үшiн, Солонға
келiп тұрмын. Көңiлi қаласа – достыққа жараймын, пейiлi түссе –
қонағы боламын», – деп, Солонның қызметшiсiнен сәлем айтады.
Сонда Солон: «Есi бар ер досты өз елiнен iздейдi», – дептi. Анахарсис
мүдiрместен: «Солон дәл қазiр өз Отанында. Ендеше, өз елiнiң төрiнде
отырып, нелiктен досына дос қоспасқа», – деп жауап қайтарыпты.
Ұтымды айтылған сөздiң ойлы астарына риза болған Солон
Анахарсистi
құшақ жая қарсы алып, олар бiр-бiрiмен дос болып кетiптi.
Грек философиясында
Анахарсистi өздерiнiң
дана жетi баба-
Достарыңызбен бөлісу: