Серік Мырзалы философия оқу құралы


ХХ ғасырдағы христиандық философия



Pdf көрінісі
бет250/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   422
Байланысты:
2 (1)

ХХ ғасырдағы христиандық философия
ХХ ғ. христиандық философия әлеуметтiк зұлымдықтың негiзгi үш 
себебiн көрсетiп, оларды кiнәлайды. Бiрiншiден, ол – жаратылыстану 
ғылымдарында қалыптасқан «әлем дегенiмiз – өз негiзiнде өмiр сүрiп 
жатқан болмыс» деген қағида. Екiншiден, либерализм ұрандарының 
негiзiнде қалыптасып ағарған, Құдайдан бас тартқан мемлекет. 
Үшiншiден, коммунизм (Бұрынғы Кеңес Одағы мен басқа социалистiк 
елдер) бүкiл байлықты мемлекеттiң қолына өткiзiп, қарапайым адам-
дарды сол мемлекеттiң құлына айналдырса, капитализм (Батыс елдерi) 
негiзгi жұмысшы халықты тауарға, яғни затқа айналдырады. Жеке 
меншiкке деген адамның құқы – табиғаттың заңы, адам жеке меншiкке 
жету үшiн жұмыс iстейдi, мiне, осы тұрғыдан христиандық философия 
әсiресе коммунизм идеясын қатты сынға алады.
Христиандық философияның негiзгi мәселесi – ол болмысты тану 
болып есептеледi. Е.Жильсон оны былайша тұжырымдайды: «егер екi 
философ болмысты түсiнуде екi жақта болса, онда барлық жағынан да 
олар бiр-бiрiне қарама-қарсы.
Бұл философия «болмыс» (esse) және «дүниедегi бар», өмiр сүрiп 
жатқанды (ens) бiр-бiрiнен айырады. Болмыс санаты тек қана мәңгi, 
абсолюттi, құдiреттi өмiр сүрiп жатқан Құдаймен теңелсе, нақты 
бұл дүниеде өмiр сүрiп жатқан заттар – жаратылған, өтпелi, олардың 
болмысқа тек қатысы ғана бар, яғни уақытша келген.


353
Нақтылы дүниеге келген заттардың «өмiр сүруi» (existentia) мен 
мән-мағынасы (essentia) бар. Олар бiр-бiрiмен қосылып, сонымен қатар 
бөлiнiп жатады. Бұл дүниеде өмiр сүру, яғни болмысқа қатысты болу 
дегенiмiз – жаратылғандықтың белгiсi. Екiншi жағынан, мән-мағынаға 
ие болу дегенiмiз – нақтылы, белгiлi зат болумен тең, олай болса, 
ол әрқашанда шектелген, өтпелi, ол – жалпы болмыс емес, тек қана 
нақтылы болмыс. Жак Маритеннiң айтуына қарағанда, әрбiр болмыс 
өмiр сүру мен мәндiлiктен тұрады. «Мәндiлiк бұл зат не деген сұраққа 
жауап берсе, мысалы, тас, «өмiр сүрудiң» қоятын сұрағы тiптi басқаша: 
Ол бар ма, яғни дәл қазiр өмiр сүрiп жатыр ма, әлде жоқ па? Олай болса, 
бұл дүние кездейсоқ оның шеңберiнде әрбiр заттың болуы да, болмауы 
да мүмкiн. Нақтылы дүние тәуелдi, өз-өзiне жеткiлiксiз, тек қана Құдай 
толыққанды кемелiне келген болмыспен тең», – деп қорытады өзiнiң 
ойын Ж.Маритен.
Адам дене мен рухтан тұрады. Ол өзiнiң материалдық қажеттiліктерiн 
мемлекеттiң шеңберiнде әлеуметтiк пенде ретiнде өтесе, тұлға ретiнде 
ол Құдайға тәуелдi. Сондықтан бұл философия адамның материалдық 
мәселелерге (бiр жағынан, жетiспеушiлiкке, екiншi жағынан, оның 
көптiгiне) көп көңiл бөлгенiн жаратпайды. Өйткенi адам – зат емес, ол 
тұлға. Олай болса, жердегi тәртiп рухқа тәуелдi болуы қажет. Адамның 
жеке өмiрi өзiнiң шеңберiнде жабылып қалмай, басқа адамдарға ашық 
болуы керек.
Христиандық философияның негiзгi мәселелерiнiң бiрi – сенiм 
мен бiлiмнiң арақатынасы. Бұл мәселенiң дiни шешiмiн алғаш рет 
Ортағасырда Ф.Аквинский тапқан болатын. ХХ ғ. дiни философия осы 
шешiмдi бұлжытпай орындап, қадағалап отыруға тырысады. Ол шешiм, 
бiлiмге қарағанда, сенiмнiң басымдылығы. Дiни сенiм мен ақыл-ой 
арқылы дүниетану – бiр-бiрiне қарсы емес, бiрiн-бiрi ығыстырмайды, 
керiсiнше, бiрiн-бiрi толықтырады, олар бiр өзенге құятын екi бұлақ 
сияқты. Сенiмнiң түпкi қайнар көзi – Құдайдың адамға берген аяны, 
оның ақиқаттығына еш күмән келтi-руге болмайды. Ақыл-ой арқылы 
дүниетану – жаратылған пенде – адамға берiлген үлкен сый. Бiрақ 
қайсыбiр адам шектелген, соңы бар пенде болғандықтан, оның бiлiм-
тануы да сол сияқты, ол бәрiн бiле алмайды. Олай болса, ақыл-оймен 
табылған бiлiмдi әрқашан құдiреттi түрде берiлген сенiм ақиқаттарымен 
салыстырып, бақылап отыруымыз қажет. Олардың ойынша, ол, әсiресе 
ХХ ғ. ғылыми-техникалық революцияның жетiстiктерiн сараптау үшiн 
аса қажет.
Осы тұрғыдан олар ХХ ғ. ашылған ұлы ғылыми жаңалық-
тарды Киелі кітаптың негiзгi қағидаларымен салыстырып, олардың 
«ақиқаттығына» баға бередi. Мысалы, ХХ ғ. екiншi жартысында астро-
физика саласында ашылған бiз өмiр сүрiп жатқан дүниенiң пайда 


354
болуы мен жасы жөнiндегi «үлкен жарылыс» теориясын алайық. 
Алғашында материя «сингулярлық», яғни орасан зор қысымның 
негiзiнде «нүктелiк» жағдайда өмiр сүрген. Ал оның өзi 13 млрд. жыл 
бұрын «үлкен жарылысты» тудырып, бiздiң галактикадағы жұлдыздар 
жүйесiнiң қалыптасуына әкелдi (Құс жолы). Жарылыстың күшi сондай 
орасан зор болғандықтан, осы уақытқа дейiн жұлдыздар бiр-бiрiнен 
алыстап, кеңiстiкте ұшып барады. Оны астрофизиктер: «Бiр-бiрiнен 
қашып бара жатқан галактика», – дейдi. Бұл теорияны қарапайым 
адамның санасына енгiзу өте қиын, өйткенi нүктеден, практикалық 
түрде, жоқтан бiздiң галактика сияқты орасан зор Дүние пайда болды
Ойлап қараңызшы: Күннiң iшiне 1 млн. жуық жер сияқты планеталар 
сыйып кетуi мүмкiн. Ал Күн – қарапайым орташа жұлдыз. Ал олардың 
саны тек біздің галактикада ғана 200 млрд. артық!!! Осының бәрi 
«нүктеден» пайда болды!!
Христиандық философияның бұл ғылыми жаңалыққа бер-
ген бағасына келер болсақ, олар бұл ашылған жаңалық Құдайдың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет