экзистенция (өмiр сүру) мен эссенция (мән-мағына) ұғымдарының
осы философияның негiзiнде жатқанын байқаймыз. Егер бүкiл жану-
арлар әлемiндегi тiршiлiк өзiнiң мән-мағынасымен бiрге бұл дүниеге
келер болса, адам ең алдымен бұл дүниеге келiп, неше түрлi қиын-
қыстау жағдайлардан өтiп барып, көп уақыттан кейiн ғана өз өмiрiнiң
мән-мағынасына ие болады. Яғни адамның өмiр сүруi оның мән-
мағыналыққа жетуiнен анағұрлым алда жүредi. Мысалы, Африкада,
я болмаса Амазонканың бойында өмiр сүретiн қолтырауын жағаға
шығып, жұмыртқалап, оларды ыстық құмның астына көмедi. Уақыты
келген кезде, жұмыртқалардың қабығы жарылып, iшiнен кiшкентай
қолтырауындар жер бетiне шығып, шөлге қарай емес, дереу суға
қарай жүгiредi. Қолтырауын осылайша миллиондаған жылдар бойы
өмiр сүрiп жатыр. Ол өз мән-мағынасымен бiрге өмiр сүруге келедi!
Ал дүниеге келген сәбидi алар болсақ, ол анасыз өмiр сүре алмайды,
оны көп жылдар бойы тәрбиелеп өсiру қажет, содан кейiн ғана ол өз
өмiрi жайлы сұрақтарды алдына қойып, өмiрiнiң мән-мағынасын ашуға
тырысады.
Экзистенциализм философиясында «шекаралық ахуал» деген
санатқа көп көңiл бөлiнедi. Ол – өмiр мен өлiмнiң екi арасында қалу,
үрей мен алаңдау, түңiлу мен қынжылу, уайымдау мен қамқорлық
т.с.с. Тек осындай адам өмiр сүруiне қауіп төнген жағдайда, оның
жан дүниесi терең сiлкiнiске ұшырағанда, «өмiрде болу» тебiренiсiнiң
негiзiнде ғана адам тез пiсiп-жетiлiп, өз өмiрiнiң қайталанбайтын
ерекше қалыптасатын мән-мағынасын терең аша алады.
Экзистенциализм философиясы адамның ерiктiлiгiне ерекше көңiл
бөледi. Ерiктiлік – «қажеттiктi тану», я болмаса «табиғи дарынды
iске асыру» емес, ол экзистенциямен, яғни өмiр сүрумен тең. Адам
дегенiмiз – өзiн-өзiнен жасайтын пенде. Ол – өзiнiң өзiндiк жоспар- бағдарламасы. Бұл дүниеде еш нәрсе адамды билей алмайды. Адамның
себебi тек өзiнде ғана, ол өзiне – «Causa sui». Ал ерiктiлік дегенiмiздiң
өзi – таңдау. Адам ерiктi пенде ретiнде ойына не келсе, соны iстей
алады. Бiрақ, сонымен қатар ол өз iстерiне жауапты өзi ғана беруi
қажет. Сондықтан Ж.-П.Сартр: «Ерiктiлік дегенiмiз – адамға артылған
адамгершiлiктiң ауыр жүгi», – деген болатын. Адам тек өз iсiне
ғана емес, басқаларға да жауапкершiлiктi. Ол өз-өзiн жете түсiнудiң
арқасында басқалардың да терең сырын өзiне аша алады.
Адам экзистенциясының iргетасты ерекшелiктерiнiң бiрi –