Серік Мырзалы философия оқу құралы


онда өмiрден айырылады, сыртқы өмiрге қызықса, онда Құдайдан



Pdf көрінісі
бет257/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   422
Байланысты:
2 (1)

онда өмiрден айырылады, сыртқы өмiрге қызықса, онда Құдайдан 
айырылады. Бұл қайшылықты шешу үшiн жаңа интегралдық 
(integratio – латын сөзi, толықтырамын, шашылғанды жинаймын деген 
мағына бередi) йога қажет», – деп қорытады Ауробиндо. Оның негiзгi 
мақсаты – өмiрден қашпау, Құдай мен Табиғатты ерiктi де жетiлген 
адам өмiрi арқылы бiр-бiрiне қосу болып табылады. Ол үшiн адам 
белгiлi бiр жүйеге келтiрiлген қызу iс-әрекет арқылы өз iшiндегi құпия 
жатқан дарындарды сыртқа шығарып, жетiлу жолында универсалдық 
трансценденттiк болмыспен қосылуы қажет.
Жоғарыдағы көрсетiлген тұрғыдан Ауробиндо «Мая» iлiмiн сынға 
алады. Көне үндi философиясында «бұл дүние – Мая – ұлы сағым» 
деген iлiм болатын. Шынына келгенде, Табиғат – сағым емес, ол 
Құдайдың күш-қуаты арқылы жүрiп жатқан шығармашылық болмыс. 
Сондықтан адамның жан дүниесi өзiнiң бөлек болмысын қолдаудан 
гөрi, өзiнiң құдiреттi күшпен бiрге өмiрмен де байланысын көрсетiп, 
оларды өз табиғатында бiрiктiруi қажет. Рухани өмiр мәңгiлiктiң 
аясында болғандықтан, ол өтпелi дүниеден де қашпай, материалдық 
өмiрге қайтып оралып, оны өзiнiң толыққанды өмiр сүруiнiң құралы 
етуi керек.
Егер «Хатха-йога» дененi жетiлдiруге бағытталса, «Раджа-йога» 
адамның iшкi өмiрiн жетiлдiредi. «Үштiк жолы» Еңбек, Махаббат, 
Бiлiмнен тұрады, ол iшкi рухани өмiрдiң құрамдас бөлшектерiн пайда-
ланады. Олар: ерiк, жүрек, ақыл-ой.
Ауробиндоның «интегралдық йогасында» дәстүрлi йогадағыдай 
қатаң тәртiп, iс-әрекеттердiң бiрiнiң артынан екiншiсiнiң келуi т.с.с 
жоқ, сондықтан әр адам өз табиғатына сәйкес әдiстердi қолдана алады. 
«Интегралдық йогамен» қайсыбiр адам, қандай төменгi дәрежеде болса 
да, айналыса алады.
Сөйтіп, Ауробиндоның негiзгi идеясы – руханият пен материалдық 
өмiрдi бiр-бiрiмен ұштастырып, қазiргi дүниеден ләззат алуға 
ұмтылған, соның бiтпейтiн жарысына түскен адамзаттың көпшiлiгiне 
алаңдаушылықпен қарап, оны Құдайдың жолына сiлтеу болса керек.
ХХ ғ. Шығыс философиясының құрамдас бөлiгi ретiнде Африка 
континентiнде пайда болған философиялық тебiренiстердi де келтiруге 
болады. «Оянып жатқан» континенттiң iрi ойшылы ретiнде «негритюд» 


364
iлiмiнiң негiзiн қалаған Леопольд Седар Сенгорды айтуға болады. 
Оның бүкiл шығармашылық жолын қамтитын негiзгi ой – Африка 
мәдениетiнiң адамзат рухына қосқан үлесi, қара адамдардың ерекше 
дүниесезiмi мен дүниетанымын көрсету болды. Оның бәрiн ол негри-
тюд ұғымымен бередi. Оның ойынша, негритюд дегенiмiз – қара адам-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет