366
II БӨЛІМ. ФИЛОСОФИЯНЫҢ
НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ХIII тарау. Болмыс ілімі (Онтология)
§ 1. Болмыс ұғымы
Таяуда ғана өткен жақын тарихымызда философия пәнін оқуды
«материя» ұғымынан бастау дәстүрі болған. Өйткені ол маркстік
философияның, жалпы алғанда, бүкіл материалистік бағыттың
негізінде жатқан ұғым болатын-ды. Мұндай жағдайда сонау көне
заманда пайда болған «болмыс» ұғымы ескерусіз қалатын. Алайда бұл
көзқарасқа бүгінгі таңда өзгерістер еніп, философия пәнінің ең шегіне
жеткенінше көлемді ұғымы –
болмыс санат жүйесіне енгізілді. Оның
негізгі себебі,
болмыс ұғымы материя ұғымынан гөрі, көлемі жағынан
кең: материя мен рухты
бірдей қамтиды, өйткені дүниеде кең түрде
алып қарағанда екі-ақ нәрсе өмір сүреді, ол, бір жағынан,
материя,
яғни өлі және тірі табиғат болса, екінші жағынан, материалдық емес –
идея, сана, рух. Уақытында ұлы И.Кант айтып кеткендей, Құдайдың
барлығын, я болмаса жоқтығын ешкім ешқашанда дәлелдей алмайды,
ол – ашық сұрақ. Бірақ дүниеде өмір сүріп жатқан тірі адамның жан
дүниесі, сана-сезімі, рухы барын ешкім де теріске шығара алмас.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, болмыс ұғымының қайнар көзі
дүниеде «болу», «өмір сүруге» келіп тіреледі (салыстырыңыз: орыс
тілінде «бытие» – «быть», ағылшын тілінде «beіng» – «to be» деген
етістіктен шыққан). Олай болса,
болмыс ұғымы – дүниеде өмір сүріп
Достарыңызбен бөлісу: