Серік Мырзалы философия оқу құралы


ғылым, өнер, дін, мораль, құқықтық нормалар



Pdf көрінісі
бет264/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   422
Байланысты:
2 (1)

ғылым, өнер, дін, мораль, құқықтық нормалар т.с.с. айтылады.
Енді субъективтік және объективтік рухтың өзара байланысы 
туралы заңды сұрақ пайда болады. Әрине, жеке адамның тұлға 
болып қалыптасуында қоғамдық сананың, яғни объективтік рухтың 
маңыздылығын асыра түсіну өте қиын. Дүниеге келген сәби ананың ақ 
сүтімен бірге оның сүйіспеншілігін, әлди-әлди өлеңдерін, неше түрлі 
ертегілерін бойына сіңіріп, тілі шығып, өсе келе балабақшаға, мек-
теп, жоғары оқу орнына барып, тәлім-тәрбие алып, тұлғаға айналады. 
Сонымен қатар пісіп-жетіле келе, оның бойында жаңа идеялар, туын-
дылар пайда болып, оларды жарыққа шығарып, қоғамдық сананы ары 
қарай дамытады. Тек бұл арада айта кететін нәрсе, өкінішке қарай, осы 
уақытқа шейін адамзаттың көпшілігі қоғамдық сананы пайдаланады 
да, тек элитарлық (elіte – франц. сөзі, қоғамның үстем білімді, өнерлі 
азшыл тобы деген мағына береді) аз топ қана оны ары қарай дамы-
тады. Осыған өкінген ХХ ғ. ұлы испан философы Х.Ортега-и-Гассет 
халық бұқарасын тобырға теңеп, қазіргі кездегі рухани дағдарыстың 
себептерін «тобырдың көтерілісінен» көреді. К.Маркстің ойынша, тек 
қана жер бетінде коммунизм орнаған кезде ғана, әр адам жан-жақты 


373
дамып, шығармашылық деңгейге көтеріліп, қоғамдық сананы дамытуға 
қол жеткізеді. 
Қоғамның рухани болмысын талдауда әдебиетте «абсолюттік 
рух» деген ұғым да кездеседі. Көбінесе оны философия тарихында 
Құдайға әкеліп тірейді. Гегельдің ойынша, абсолюттік рухқа «өнер», 
«дін», «философия» жатады. Өнер арқылы абсолюттік рух өзін толық 
еріктіктің негізінде алдайды; дін арқылы өз-өзіне беріліп қабылдайды; 
тек философия сатысына жеткен кезде ғана өз-өзін ұғымдар арқылы 
жете түсінеді, сондықтан Гегельдің ойынша, философиядан биік рух 
жоқ, ол – рухтың ең биік сатысы.
Қорыта келе, біз болмыс ұғымының өз бойына бүкіл әлемді (мате-
рия мен рухты, субъект пен объектіні), олардың өзара байланысын 
қамтитынын байқадық. Бұл – шегіне жеткенінше кең ұғым, сондықтан 
оның мазмұны да жиырылған түрінде оның ішінде жатыр. Енді біз 
оларды өз қисынының негізінде «сыртқа шығарып» жайып, талдауы-
мыз керек, сонда ғана оның астарында жатқан ұғымдардың жүйесі бол-
мыс жөніндегі ілімді толыққанды суреттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет