134
қаралығы – ыстықпен, солтүстіктегі адамдардың ақтығы, суықпен бай-
ланысты деген пікірге келеді.
Табиғат – халықтардың мінез-құлқының қалыптасуына, ал жейтін
тамақтары дене құрылысына әсерін тигізеді. Қазіргі ұғымдармен
айтқанда, мұндай көзқарастарды «географиялық себептікке» (детер-
минизм) жатқызамыз. Оны уақытында Кеңес заманында маркстік
тұрғыдан сынағанбыз да. Ал мәселенің терең мән-мағынасына
келер болсақ, онда: «Оның түйіні бар ма?» – деген сұрақ туады. Бұл
сұрақтың біздің бүгінгі өміріміз үшін жалғыз теориялық қана емес,
сонымен қатар іс жүзінде де үлкен мағынасы бар. Мысалы, Қазақстан
қоғамының ерекшеліктері: оның ауа райының қаталдығы (7 ай қыс)
судың аздығы, жер көлемінің адамдардың санымен салыстырғанда кең-
байтақтығы, құм-шөл жерлердің көптігі т.с.с. Реформа барысында бұл
ерекшеліктерімізді ескеріп, басқа елдердің жинаған тәжірибелеріне
үстірт еліктемей, нақтылы саясат жүргізгенде ғана көп мәселелерді
дұрыс шешуге болады.
Ибн-Халдун қоғамдағы жағдайдың бары табиғатқа байланысты
еместігін айтады. Бір ауа райы аймағында өмір сүріп жатқан әртүрлі
халықтар біркелкі өмір деңгейінде емес. Біреулері бай болса, екінші-
лері – кедей.
Ибн-Халдунның даналығы бұл деректі айтып қоюында емес, соны-
мен қатар оның себебіне жету болды. «Біл, ұрпақтардың өмір сүру
айырмашылықтары олардың өмір сүруіне қажетті нәрселерді қалайша
табатынына байланысты», – дейді Ибн-Халдун. Бұл – қоғам өміріне
деген таза материалистік көзқарас. К.Маркс оны 500 жылдан кейін тағы
да ашып, теорияға айналдырған болатын.
Сонымен, ұлы ойшыл қоғам өмірінің дамуын экономика саласымен
тығыз ұштастырады: ол өндіру, бөлу, тұтыну мәселелерімен тығыз бай-
ланысты. Адамдар бәрінің өмір сүру қажеттігі жолында бірігіп, айнала
қоршаған табиғатты өзгерте бастайды, мәдениетті тудырады, соның
негізінде өздері де ғасырдан-ғасырға жетіле береді.
Ибн-Халдун қоғамдағы дамудың негізгі екі сатысын көрсетеді. Оны
ол екі ұғым арқылы береді: бірінші сатысы –
«Бидави», екіншісі –
Достарыңызбен бөлісу: