Ибн-Халдунның мемлекеттің пайда болуы мен
өмір сүруі жөніндегі ілімі
Мемлекеттің пайда болуы, өмір сүріп, соңында күйреуі Ибн-
Халдунды өте қызықтырып, оның терең ойларын туғызған. Мемлекет,
әрине, мүлік пайда болған кезде дүниеге келеді. Оның өзегін уақытында
өте биік дәрежеде ұйымдасқан, ауызбірлігі биік ру, я болмаса тайпа
құрайды.
Бірақ уақыт өткен сайын мемлекет басшысы сол мемлекеттің басқару
жүйесін құрайтын өзінің туыстарынан бірте-бірте алшақтай бастайды.
Олардың орнына басқа топтардан адамдар тартылып, неше түрлі
басымдыққа ие жағдайлар жасалып, оларға басқару істері тапсыры-
лады. «Осы сәттен мемлекеттің күйреуі басталады», – деген ойға келеді
Ибн-Халдун. Оның себебі – сол мемлекеттің негізін қалаған ішкі бірлігі
мол алғашқы ру, я тайпа қуылғаннан кейін, оның орнына келген адам-
дар тек жалақы үшін ғана қызмет етеді. Егер мемлекет үстіне қауіп
төнсе, ол үшін жан-тәнін беретін адамдар олардың ішінде тым аз.
Ибн-Халдун – мемлекет пен өндірістің, бүгінгі сөзбен айтқанда,
экономикамен өзара байланысын терең зерттеген ойшыл. Оның
жасаған бұл мәселе туралы кейбір тұжырымдары бүгінгі біздің хал-
жағдайымыздан көшіріліп алынғандай.
«Мемлекеттің өз табиғаты, өндірістің де өзінікі бар. Мысалы, тауар-
лардың бағасы өндіріске жұмсалған қаражатқа, оны әкелуге кететін
ақшаға, нарықтағы сұранысқа және басқаларына байланысты», –
137
дейді ойшыл. Оның сыртында қажетті түрде салынатын салықтар да
өндірелетін тауарлардың бағасын өсіреді.
Мемлекет, әрине, салықсыз өмір сүре алмайды. Ол бүгінгі
мемлекеттің басына келген кешегі көшпенділерге тәтті өмір сүру
үшін, әскер ұстап, шекараны күзетіп және ел ішінде өзінің саяси
қарсыластарымен күресу үшін керек. Мемлекет, бір жағынан, салықтың
көлемін өсіруі мүмкін, екінші жағынан, экономикаға тікелей араласып,
ішкі және сыртқы сауданы бақылауға алып, одан пайда табуы мүмкін.
«Салық үлкен болса, онда халық әлсірейді, сонымен бірге
мемлекеттің өзі де әлсірейді», – дейді Ибн-Халдун (біздің үкіметке осы-
дан 500 жыл бұрын өмір сүрген Ибн-Халдуннан дәріс алса жөн болар
еді). Елдегі бай адамдар мемлекеттегі өздерінің алтынын алып, басқа
жаққа кетеді. Қарапайым адамдардың өзі де тамақ, киім іздеп, дүниенің
төрт жағына қаңғып кетеді. Ал мұның бәрі де мемлекеттің өзін жояды,
өйткені мемлекет – қоғамның бітімі (формасы), ал оның материясы – ол
сол елді құрайтын, оның өндірісінде істейтін адамдар.
Сөйтіп, мемлекет күйреді. Бірақ ол мемлекет атаулының бәрінің
де жойылуы емес. Оның орнына басқа мемлекет бітімі келіп, ол да
тарихтағы өзінің қажетті сатыларынан өтіп, өз орнын жаңа мемлекетке
береді.
Ибн-Халдун бойынша, әр мемлекеттің өз өмір сүру ғасыры бар.
Оның ұзақтығы, орташа алғанда, үш ұрпақтың өміріне тең. (Кеңес
мемлекетінің пайда болып күйреуін алайық, ол үш ұрпақтың шеңбе-
рінде болды. – С.М.) Бірінші буын сол мемлекеттің негізін қалап,
өздерінен гөрі жалпы мемлекеттік мәселелердің қамын ойлайды. Екінші
буын жаңа пайда болып жетілген мемлекеттің жинаған байлығын
пайдаланып, рақатқа батуға тырысады, үшінші буын сол мемлекетті
әлсіретіп, оны титықтауға дейін жеткізеді.
Сонымен, мемлекет пен цивилизацияның дүниеге келуінің негізгі
себебі – бір. Ол – өндірістік дамудың негізіндегі байлықтың, артық-
шылықтың пайда болуы. Мемлекет өздерінің адамдарынан ақша
жинап, басқарып отырған адамдарға жұмсайды. Ол байлық қарапайым
адамдардан шыққан мемлекеттік лауазымды адамдарға, одан қалса,
астанадағы солармен байланысты адамдарға жұмсалады.
«Қайсыбір мемлекет пен цивилизацияның әлсіреп құруының
алғышарты – ел басқарған адамдардың аса қымбат заттарға ие
болуға ұмтылуы, өмірден барынша ләззат алуға тырысуы, өйткені ол
қымбатшылықты туғызып, салықты өсіріп, экономиканы күйретеді.
Мемлекеттің соңғы сатыларында мораль саласында азғындаушылық
ашық көрінеді. Адамдар бұзылып, бір-бірін алдайды, бір-біріне жау
сияқты қарайды, қулық-сұмдық кең етек алады. Соның бәрі тек
байлыққа жетуі үшін жасалады», – дейді Ибн-Халдун.
138
«Егер адамдар үйлерінің алдына жеміс ағашын отырғызбай, сауыр
ағашын (кипарис) отырғызса, онда – ол болашақ күйреудің нышаны.
Өйткені сауыр ағашының жемісі де, жақсы иісі де жоқ, оның тек әсем
түрі ғана бар», – деп ой салады Ибн-Халдун.
Сөйтіп, Ибн-Халдунды ұқыпты оқыған адамға бүгінгі таңдағы
болып жатқан күрделі үдерістерді жете түсінуге жол ашылады.
Ибн-Халдун сонау көне замандағы ой-пікірден бастап, біздің заманға
дейінгі біршама қоғамды терең зерттеп, өзінің артына мол өшпес із
қалдырған. Ол – қазіргі «әлеуметтік философия мен саясаттанудың
Достарыңызбен бөлісу: |