Серікбаев Димаш 2 курс гмк-201 Тақырып:Қазақстанның 2017-2021 жылдар аралығындағы еңбек нарығының көрсеткіштеріне талдау



Дата27.02.2023
өлшемі61,33 Kb.
#70169
Байланысты:
Серікбаев Димаш №2СРС


Серікбаев Димаш
2 курс
ГМК-201
Тақырып:Қазақстанның 2017-2021 жылдар аралығындағы еңбек нарығының көрсеткіштеріне талдау

Жалпы нарықта болып жатқан процесстердің,оқиғалардың,өзгерістердің айнасы – еңбек нарығы десек қате айтқанымыз емес.Еңбек нарығы – тауар ретінде жұмыс күшін қолданатын экономикалық қатынастардың жиынтығы, онда еңбек жалақыға айырбасталады.Яғни, бұл қызметтердің ұсынысы мен қызметтің әртүрлі салаларындағы жұмыс күшіне сұранысқа негізделген ерекше экономикалық қатынастар. Еңбек нарығы ел экономикасының ажырамас бөлігі болып табылады.


Қазақстан экономикасының тұрақсыз салаларының қатарына еңбек нарығын қосуға толықтай негіз бар.Әсіресе,соңғы он жылдықта еңбек нарығы мен оның көрсеткіштерінде көптеген ауытқулар мен өзгерістер орын алды.Әлемде жаһандану процесі жоғары қарқынмен жүріп жатқан кезде геосаяси картадағы елдердің экономикасы қатар өзгеріп отыратыны белгілі.Тек бір ғана Covid-19 пандемиясының өзі барлық дерлік елдің экономикасын өзгертіп жіберді.Экономикадағы өзгерістер Қазақстанды да айналып өтпеді және де ол өзгерістер еңбек нарығын да қамтыды.Дәлірек айтқанда,жұмыстың жаңа түрлері пайда болды және форматы өзгерді,нарыққа қойылатын талап біршама күшейді,т.б.
Аталмыш талдау Қазақстанның 2017-2021 жылдар аралығындағы еңбек нарығындағы бірқатар көрсеткіштерге орай жүргізілді.






2017

2018

2019

2020

2021

Жұмыс күші, мың адам

9 027,4

9 138,6

9 221,5

9 180,8

9 256,7

Халық санындағы жұмыс күші үлесі, пайызбен

69,7

70,0

70,1

69,2

69,3

Жұмыспен қамтылған халық, мың адам

8 585,1

8 695,0

8 780,8

8 732,0

8 807,1



Жалдамалы қызметкерлер

6 485,9

6 612,5

6 681,6

6 686,6

6 710,2

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлер

2 099,2

2 082,5

2 099,2

2 045,4

2 096,9

Жұмыспен қамту деңгейі, пайызбен

66,3

66,6

66,7

65,9

66,0

Жұмыссыз халық, мың адам

442,3

443,6

440,7

448,8

449,6

Жұмыссыздық деңгейі, пайызбен

4,9

4,9

4,8

4,9

4,9

Жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар, мың адам

3 927,3

3 907,3

3 934,0

4 076,8

4 093,3

Халық санындағы жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдардың үлесі, пайызбен

30,3

30,0

29,9

30,8

30,7

Еңбек нарығының негізгі индикаторлары

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес 2021 жылы жұмыс күшін құраған адамдар саны 9 млн 256 мың адамды құрады және өткен жылмен салыстырғанда 1,2 %-ға өскен.Қазақстандағы еңбек нарығы өсу қарқыны төмен нарықтардың бірі болып табылады. Қазақстанның қазіргі еңбек нарығы бейресми және көлеңкелі жұмыспен қамтудың жоғары үлесі, жұмыссыздардың әлсіз әлеуметтік қорғалуы, мамандығы бойынша жұмыс істемейтін азаматтардың үлесінің өсуі, еңбек ресурстарының төмен ұтқырлығы және т. б. ерекшеліктерімен ерекшеленетін нарық болып табылады.2017-2021 жылдар аралығында жұмыс күшін құрайтын адамдар саны бар болғаны 229 мың адамға ғана өскен. Бұл еңбек нарығындағы өсімнің тұрақсыз әрі екенін көрсетеді.




Дағдарыстан шыққаннан кейінгі алғашқы жылы,дәлірек айтқанда 2017 жылы елде жұмыссыз халық саны 442 мыңға жетті және өткен жылмен салыстырғанда жұмыспен қамтылғандар саны арта бастады.Берілген мәліметтерге қарай отырып,мына жағдайды байқаймыз:ЭКСПО-2017 көрмесінің болуы себебібен 2017 жылы жалдамалы жұмысшылар саны 2,3%-ға артқан,бұл басқа жылдармен салыстырғанда әлдеқайда көп.
2018 жылы еңбек нарығында айтарлықтай өзгерістер болмады,барлық көрсеткіштер бірқалыпты өсіп отырды.Жұмыс күші 1,2%-ға,жұмыспен қамтылғандар 1,3%-ға,өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 4,3-ға және жұмыссыздық 1,0%-ға өскенін байқалады.Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны көрсеткішінің өсуін 2018 жылғы Салық кодексінде енгізілген жеңілдіктермен байланыстыра аламыз.
Коронавирус пандемиясымен есте калған 2019 жылы жұмыссыздар саны біршама қысқарды және жұмыс күші мен жұмыспен қамтылған халық көрсеткіші сәйкесінше өсті.9 млн 221 мың адам жұмыс күші құрамын толықтырса,соның 8 млн 780 мыңы түрлі орындарда жұмыс істеді.
Пандемиядан кейінгі 2020 жылға қарайтын болсақ, COVID-19 індетіне қарсы вакцинация деңгейінің өсуімен қатар жағдайдың бірқалыпқа келуі экономиканың жаһандық ауқымда қалпына келуіне де әсер еткенін көреміз.Ал бұл өз кезегінде еңбек нарығының қайта жанданатынын көрсетеді. Десе де,бұл тұста өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны күрт азайып кетті,оның басты себебі ретінде карантин шараларын айта аламыз.
Және соңғы 2021 жылы жұмыс күші саны да,жұмыспен қамтылғандар саны да соңғы жылдардағы шырқау шегіне жетті деп айта аламыз.Сонымен қатар,жалдамалы қызметкерлер саны да артты.Аталмыш 3 саладағы көрсеткіштер бірқалыпты түрде орта есеппен 1%-ға өсті.Бірақ осы көрсеткіштерге сәйкес өз кезегінде жұмыссыздар саны да арта түсті және соңғы жылдардағы өзінің рекордты мәніне жетті,яғни 449 мың адам жұмыссыздар санатына қосылды.
Аталмыш 2017-2021 жылдар аралығында өзгерістер тек еңбек нарығының индикаторларында ғана емес,жалақы мөлшерінде де орын алды.Елдің ЖІӨ-нің өсуі,экономиканың біртіндеп қалпына келуі орташа айлық жалақының қоса өсуіне әкелді.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет