Жүсіпова Ш., Сәкенұлы Б.- ФКиСк 21-3 тобының студенттері
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., РhD экология, аға оқытушы Оспанова Ж.Х.
Биология пәнінің мұғалімі Сұлтанбекова Ж.О.
Орталық Азия инновациялық университеті
Орталық Азияның табиғи және жасанды су қоймаларының альгофлорасын зерттеу тарихы М.А. Музафаров 1, К.Ю. Мусаев 2, А.Э. Эргашев 3, Ш.И. Коган 4 және т.б. еңбектерінде жарық көрген. Әдеби мәліметтерге сүйенсек Орталық Азияның жасанды су қоймаларында альгофлораның 2681 түрлері, соның ішінде көк-жасыл 540, қызыл 4, жалтырауық 35, диатомды 844, пирофиттер 60, эвгленалы 148, жасыл 1016, харалы 19 түлері анықталған. Табылған балдырлардың ішінде жасыл балдырлар (50,42%) бірінші орынды, ал көк-жасыл балдырлар (18,03%) және біршама ғана бөлігін диатомды балдырлар алады. Орталық Азияның табиғи және жасанды су қоймаларында эндемді альгофлораның түрлері табылған, таксондардың жалпы саны осы уақытқа дейін 75 немесе 2,7% құрайды 5,6: Anabaena ellipsospora, A. hollerbachii, Cylindrospermum gregarium, Oscillatoria karakalpakensis, Trachelomonas assymmetrica, Euglena inflata, Pedinomonas epiphitica, Oocystis uglanii, Navicula crucicula var. obtusata f. turkestanica, N. tuscula f. intermedia және т.б. Олар бірқалыпты таралмаған және әртүрлі флористикалық аймақтарда кездеседі.

Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, жергілікті табиғи суқоймаларының балдырларының түрлік құрамы анықталды.
Ағынды сулардың альгофлорасын зерттеуде судың гидрофизикалық және гидрохимиялық көрсеткіштері маңызды. Оған судың тұтқырлығы, жылу өткізгіштігі, жүйенің инерттілігі, жүйенің созылмалығы немесе серпінділігі, жүйенің қайта қалпына келуі, жалпы минерализация, тұнықтығы, оттегілік режим, сутегі иондарының концентрациясы (рН) жатады.
Балдырлар – фототрофты, хлорофилді ағзалар. Олар барлық табиғи сулы аймақтарда кездеседі, кез-келген ылғалды жерлерде өмір сүреді, басқа ағзамен симбиоз тудырады. Зат алмасу процесіне белсене қатыса отырып, балдырлар көп мөлшерде дамып, аз уақыт ішінде судың химиялық құрамын өзгертеді. Балдырларды зерттейтін ғылым- альгофлора.
Балдырлардың жүйелі топтарға (таксондарға) бөлінуі жоғарғы ранга – бөлімі –негізінен түсімен сәйкес келеді және де негізгі қатарымен байланысты болады. Балдырлар классификациясының 10-түрі ең көп мөлшерде тараған: