Серікбай Әйгерім Лексикология туралы түсінік



Дата24.03.2022
өлшемі16,38 Kb.
#28670
түріҚұрамы
Байланысты:
Лексикогия


Серікбай Әйгерім

Лексикология туралы түсінік

Лексикология тілдегі барлық сөздердің жиынтығын,сөз байлығын зерттейді. Тілдің негізгі сөздік құрамының мәселелерін түгел қамтып, оны егжей-тегей түсіндіруді мақсат етеді. 

Лексикология - сөзді және сөздердің жиынтығы-тілдің сөздік ќұрамын (лексикасын) зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалық бірлік ретінде қарастырылады.Лексикалық бірліктердің жиынтығынан тілдің сөздік құрамы,яғни,лексикасы құралады. Лексикалық бірліктертің жиынтығынан тілдің сөздік құрамындағы сөздер алуан түрлі болғанымен, олардың бір-бірімен байланысты.Осыған байланысты, лексикологияда тілдің сөздік құрамы лексикалық жүйе ретінде құралады да,сөз тілдің лексикалық жүйесінің элементі болады.

Лексикология-грек тілінің lexis «сөз» және logos «ілім» деген сөздерінен жасалған.

Лексикология сөзді зерттейді . Жалпы сөзді грамматиканың негізгі саласы-сиктаксис және морфология да зерттейді. Алайда, екеуіде сөзді әртүрлі тұрғыдан зерттейді.



Лексикология тіліміздегі сөздерді қарастырғанда, оның мағыналық жақтарын да, құрамын да, шығу тегін ,тарихын да, зат немесе құбылыстың ұғымының нақты бір сөзбен аталу себептерін де, жер, cy, елді мекен және py, ел, халық аттарын да, жануарлар мен зоологиялық атауларға байланысты сөздерді де қарастырады.

Лексикологияның негізгі салалары:

1)Этимология – сөздің шығу тегін, қалай пайда болғанын зерттейді;

2)Семантика – сөздердің мағынасын зерттейді;

3)Лексикография – тілдегі сөздерді жинақтап, әртүрлі сөздіктер құрастырады.

4)Ономасиологияда сөздік қор мен сөздік құрам және оның элементтері тексеріледі.



5)Фразеологияда – тұрақты сөз тіркестері зерттеледі.

6)Терминогия – әр түрлі ғылым, өнер салаларындағы арнаулы сөздерді зерттейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет