Серия «Филология». №2(110)/2023 25 doi 10. 31489/2023Ph2/125-131 Әож 82. К. А. Толеубаева, А. М. Смагулова



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата27.09.2024
өлшемі435,26 Kb.
#145929
1   2   3   4   5
 aizada220513@gmail.com


К.А. Толеубаева, А.М. Смагулова 
126 
Вестник Карагандинского университета 
лардағы поэтикалық ерекшеліктер жан-жақты кешенді сараланған. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкіл-
дерінің бірі — Оралхан Бөкейдің «Атау кере (Қауіпті будан)» және Әлібек Асқаровтың «Батқан күн-
нің бояуы» повестеріндегі драматизм мәселелеріне көркемдік талдау жасалынды. Зерттеу барысында 
саралау, теориялық талдау және жинақтау әдістері қолданылды. 
Нәтижелер мен талқылау 
Драматизмді әдебиеттің әр жанрынан кездестіруге болады, әсіресе оқиғасы шағын, кейіпкерлері 
аз повестен, әңгімеден айрықша аңғаруға болады. «Повесть — эпикалық проза жанрының бір түрі. 
Повестке оқиға тізбегін баяндау, хроникалық әңгімелеу тәсілі тән» [23; 430]. Академик З. Қабдолов 
повестке мынандай анықтама береді: «Әңгімеге қарағанда, повестің көлемі де үлкен, сюжеті де күр-
делі, ондағы өмірлік тартыстардың оқиғаларға тұтаса басталуы мен байланысы, шиеленісі мен шеші-
мі де әлдеқайда табиғи, заңды. Оқиғаларға қатынасатын қаһармандар да біреу емес, бірнешеу, кейде 
тіпті ондап саналады. Персонаждардың ішкі-сыртқы бітім-бейнелері бедерлі, арақатынастары арна-
лы, әжептәуір өріле, өрістетіле, қалыптасу даму үстінде көрсетіледі» [24; 327]. Қазақ әдебиетінде 
өзіндік дәстүрі қалыптасқан жанр десек те, жаһандану үрдісінің ықпалымен көркем әдебиеттің қар-
қынды даму барысында повест жанры да жаңару, жетілу үстінде.
Повестің ең басты негізгі қасиеті ондағы драматизмнен көрінеді. «Драматизм (лат. drama – әре-
кет) — адам өмірінің, адам мен оны қоршаған қоғамдық және табиғи ортаның арақатынастарының 
қайшылықтары мен қиғаштықтарын бейнелейтін категория. Шындықты өз күрделілігі мен қайшы-
лықтарында суреттеу арқылы реалистік өнер өмірдің драматизміне, адамдардың тағдыры мен тауқы-
метіне терең бойлайды. Өмірдегі қайшылықтардың ерекше эстетикалық формасының белгісі ретінде 
өнерде адамның қарама-қайшы іс-әрекеттерін, идеяларын, талпыныстарын, алауыздықтарын суреттеу 
формасы ретіндегі драмалық тартыс — драматизмнің толық және шоғырланған көрінісі болып табы-
лады. Шынайы өнерде драмалық конфликт өзінің тереңдігімен қатар идеялық және әлеуметтік маңы-
зымен, өткірлігі және шиеленісімен көзге түседі, демек ол шығарманың адамға эстетикалық әсерін 
күшейтеді» [25; 142]. 
Әдебиеттің проза жанрындағы драматизмді зерттеген адам академик Р. Нұрғали. Ғалым драма-
тизмді әдеби-эстетикалық категория дейді де, әдебиеттің барлық жанрларында кездеседі және оның 
жалпылық және жинақтаушылық сипаты бар ұғымдардың қатарына жатқызады [26; 28]. Яғни драма-
тизм философияның бір саласы, категория философия ғылымынан туындайды. Ал эстетика — әсем-
дік туралы ғылым. Әдебиет — сөз өнері ретінде эстетикалық қасиеті бар екені айдан анық. Образ 
және образдылық әдебиет ұғымдарының маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Егер кеңінен 
қарастырсақ көркем образ өмір шындығын әр қырынан көрсету үшін өнер саласында ғана қолданы-
латын тәсілді сипаттайтын эстетикалық категория. Қандай шығарма болсын драматизм кейіпкерлер-
дің түрлі пікірлерінің қарама-қайшылығы, адалдық пен тоғышарлықтың күресі, адам мен қоғамның 
ширыққан қарым-қатынасы десек, драматизмнің шығармадағы ірі қозғаушы күш екендігін байқай-
мыз.
XX ғасырдың жетпісінші-тоқсаныншы жылдарындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бі-
рі — Оралхан Бөкейдің «Атау кере (Қауіпті будан)» хикаясын зерделегенде ұстанатын негізгі бағы-
тымыз — повестегі әйелдер образдары — Нүрке кемпір, Айна, Бекзат. Нәзік жандылардың жұмбаққа 
толы ішкі дүниесінің тылсым сырларына бойлау — кез келген жазушы қалам тарта бермес шеберлік 
белгісі. Оралхан Бөкейдің осынау шығармасындағы, жалпы шығармашылығындағы десек те артық 
емес, өзге кейіпкерлерінен өзіндік дара келбетімен ерекшеленген қаһарман — Нүрке кемпір қазақ 
болып кеткен орыс қария. Орыс ұлтының өкілі екендігін көзінің көкшілдігі мен жүзінің сарылығы 
суреттелген портреттен аңғармаса, келініне өткенінен сыр шерткен, оқырманды мұңға бөлер, қилы 
тағдыры ұзақ монологынан аңдамаса, білмегенге бұл кісі — нағыз қазақ. Қазақшаға судай болғаны-
мен қоймай, мұсылмандық парызы — күніне бес мезгіл намаз бен жылына бір рет оразаны қаза қыл-
ған емес. Осы орайда, шығармадағы кейіпкердің ішкі көңіл-күйін білдіретін толғау сөзі, кейіпкерді 
сөйлету тәсілі болған монологтан үзінді келтірсек: «Мен Еріктің әкесі Қандауырға тұрмысқа шыққан 
жылы, жарықтық атамыз, атын атауым әдепсіз болар, қайын атамды айтамын, – деп пысықтай түсін-
дірді, — Меккеден оралып, қажы атанып қайтқан. Үркердей үш келінін бірдей, оның ішінде мен де 
бар, мұсылманша оқытып, хат танытты. Мен сол күннен бастап бес уақыт намаз оқып, шариғаттың 
шәлісін жамылдым. ...Алғашында мен қазақ тілін жарытып білмейтінмін, мұқым ауыл балалары шүл-
дірлегенімді қызық көріп, сөйлете беруге әуес еді» [27; 40]. Тіпті, келіні Айна да осы үйдің босағасын 
алғаш аттаған күні енесі жайында білмегендіктен алдынан шыққан орыс әжеге «здраствуйте» деп сә-


Көркем идея және драматизм 
Серия «Филология». № 2(110)/2023 
127 
лем берген. Сонда енесі таза қазақ тілінде: «Қадамың құтты болсын, қарағым! Қосағыңмен қоса аға-
рып, бақытты ғұмыр кешіңдер!», – деп алақанын жайып зулатып бата беріп, құшақтап бетінен сүйіп 
еді. 
Орыстың ішіндегі төменгі жақтан ауып келген аса діншіл (ырымшыл) бөлігі кержақтар «руы-
нан» шыққан Нюра Фадеевнаның қазақтың ержүрек жігіті Қандауырға деген ғашықтық сезімі қызды 
әке-шеше қарсылығына қарамастан сүйгеніне тұрмысқа шығуға итермелейді. Махаббаттың ғаламат 
күші адамның дінін, ділін, тілін де өзгерте алады. Зобалаң жылдары небір залымдардың зұлымдықта-
рына да осы махаббаттың құдіретімен шыдас берді. Жарына таңылған «Халық жауы» деген жала се-
бепті түрмеде отырды, талай қарсылыққа да көнді. «Уһ, Аллам-ай, ол да бір зауал болды ғой, – деп 
тағы күрсінді Нүрке кемпір, — айтып-айтпай не керек, құсалықпен өткен жылдарды сықтап жыла-
ғанмен көз жасың таусылмайды екен» [27; 111]. 
Нүрке кемпірдің бойындағы күллі әйел затына тән мейірім-мәрхамат, кешірім-кеңшілік, жан-
жүректен жанашырлық таныту, қайтарымын күтпей қайырымдылық қылу қасиеттері шығарманың 
шырайын кіргізе түскен. Оралханның бұл сәтті кейіпкері — Таған секілді бейбақ данышпандар мен 
Ерік секілді қауіпті будандар қаптаған қайран қазақ халқының Анасы. 
«Сіз... апа, сіз орыс та, қазақ та емессіз... сіз басқа бір... ұлтсыз... жер бетінде жоқ ұлттың өкілісіз. 
Ол ұлттың аты — аяулы ана. Әттең, сіздей адам жалғыз-ақ па деп қорқамын... айнаның шамның сәу-
лесімен боталаған жанары жасаурай, енесін қатты қысып құшақтады» [27; 45]. Оқырман жадында 
хикаят кейіпкерлерінің психологиялық портретін қалыптастыратын қарым-қатынастар көрінісі іспет-
тес диалогтар Нүрке — Айна, Нүрке — Таған т.б. кейіпкерлер қатынастары.
Ата дінінен шығып, мұсылмандықты қабылдаған, ана тілін ұмытып, қазақ тілінде сайраған Нюра 
Фадеевна өзінің емес, Құдайдың қалауымен орыс болып жаралғандықтан, бақиға аттанар шағында 
еркінен тыс мистикалық түрде қайта айналып қазығын табады. Автор Нүрке кемпірдің өзгеше өлімі 
арқылы ұлы сақ Анарыстың мына тәмсілін тәлім еткен: «Үйіңде де, түзде де өз еліңнің Тәңірісіне 
құлшылық ет». «Нюра екі саусағын біріктіріп алды да шоқына бастады... Ананың сүтімен рухына сің-
ген сенім түптің-түбінде бәрібір жеңіп шыққан еді. ...Әне, Нюра Фадеевнаның алдынан ескі діндар-
лар, староверы жұмағының есігі айқара ашылған... Ол мәңгілікке сапар шекті» [27; 211]. Момын мұ-
сылман, түрі сары, жаны нағыз қазақ Нүрке ана дүниеге ақыр аяғында старовер-орыс болып аттанды. 
Бұдан кейіпкердің ішкі коллизиясын, санасы қабылдаған дін мен бейсаналық деңгейінде қалып қой-
ған өзі үшін қастерлі сенімінің драматизмі көрініс тапқанын аңдаймыз. Әйгілі жазушының соңғы да 
соны шығармасы болған «Атау кере» повесін оқып-зерделегенде көкейге түйгеніміз: Оралханның 
образды санаңнан өшпестей етіп сомдауы, әсіресе жұмбағы көп әйел жанының нәзік сырларына бой-
лауы — оның ерекше дарын иесі екенінің кезекті дәлелі деп түсінеміз. 
Тілінде әдемі юмор анық аңғарылатын Әлібек Асқаровтың өзі социализм хикаясы деп атаған 
«Батқан күннің бояуы» повесінен алынған төмендегі үзікте адам жанының ерекше күйін, эйфориялық 
бақытын байқататын қимылдарын байқаймыз.
«Смағұл мұғалім мектепке келгенде шешенсіп, тұлғаланып кететін. Өзінің сабағын соншалықты 
тартымды әрі қызғылықты етіп өткізуші еді. Ал әлгіндей шет ел туралы әңгімені бастап берген кезде 
көзі ұшқындап, құлақ-шекесі қимылдап, жайнап шыға келетін. Құлақ естіп, көз көрмеген алыс жер, 
бөтен ел жайында өзі барып келген, тірі адамның аузынан есту біз үшін де бір ғанибет» [28; 20]. 
Смағұл ағайдың «көзінің ұшқындап, құлақ-шекесінің қимылдап», белгілі бір тұрақсыз қалып-
күйде болуы адам жанының қайшылыққа жақын екенін дәлелдей түседі. Мұнда ойшыл Панеций ілі-
міндегі әрбір индивидке тән үш бетперденің соңғысы, яғни мамандық (география пәнінің мұғалімі) 
бетпердесі көрініс табады, сонымен бірге бұл кейіпкердің жаны сүйетін ісі болған соң жүзінен қаса-
қана емес, шынайы, бейсаналық екпіндегі қуанышын бағамыз. Келесі мысалға назар аударайық.
«Көсе қараның қасынан өтіп кетіп, арғы бұрыштағы бос үстелге тарттым. Ол жерге де қимыл-
қозғалысы құныс маймылға ұқсаған сырықтай біреу құнжыңдап енді ғана жайғасып жатыр екен... Бұл 
кісінің алғаны мен ойлағандай шай емес, қызыл-күрең шарап болып шықты. Өзінің беті біртүрлі қа-
райыңқырап ісіп, көзінің айналасы домбығып тұр екен. Сақарға салған сүйектей құп-қу, тым арық. 
Бет-жүзі шалбар-шалбар, салынып ішетіні көрініп-ақ тұр. 
...Мен ағайды енді таныдым. Танығаныма алғашында қуанғаныммен, соңынан өкінгендей ме, 
әйтеуір бір-екі ұдай сезімде қалдым... Бұл кісі бізге баяғыда алтыншы, жетінші, сегізінші кластарда 
сабақ берген «география ағай», яғни Смағұл мұғалім болатын.
Ақылы азық, сөзі сусын болған менің қайран ұстазым! Енді қарашы, қазан ұрған қауындай қау-
қиып қалған мына ұсқынсыз кеспірін!» [28; 7]. 


К.А. Толеубаева, А.М. Смагулова 
128 
Вестник Карагандинского университета 
Алынған үзіндіден бұрынғыдан көп өзге Смағұл ағайдың бейнесін оқимыз. Яғни алғашқы үзік-
тегі образ-кейіпкер — өз ісіне берілген адал жан. Кейінгі үзіндідегі Смағұл ағай өмірінің бар мәнін-
дей ұғынған жұмысынан айырылған соң зор депрессияға шалдығып, ішкі әлемі шаршау тартады: 
күндіз-түнін тек ішкілікпен алданумен өткізеді. Бейненің бұндай жүдеуі жүзінен көрініс береді, де-
генмен автор-кейіпкер оның бойынан бұрынғы жақсы мінезінің қалдығын аңғарады. Көркем мәтін 
қиығы жүздің өзгермелігі мен бейненің тұрақтылығын байқатады. Төмендегі алғашқы екі кесінді де 
соны айғақтай түседі.
«Ағай басындағы қалпағын шешіп, үстелдің шетіне ысырып қойды. Енді байқадым, ағайдың 
толқындаған қою қара шашы боп-боз, өзі сиреп жұқарған. Көптен жуылмағасын майланып ұйыса жа-
бысып жатыр» [28; 240-241]. 
«– Сен ұшқыш болсам деуші едің ғой? – деді ағай... 
— Оқасы жоқ, – деді ағай тұқшиған күйі басын шұлғып. — Әлі жассың, өмірің әлі алдыңда... 
Тек көкірегіндегі отты өшіріп алмасаң болады. Басқа дүниенің бәрі орнына келеді әлі» [28; 241]. 
Бір айтарлығы, Әлібек Асқаров жазушылық өнердегі қилы шеберлікті қисынымен игерген. Ке-
мерінен асып төгілмейді, орынсыз әсіреқызылға берілмейді, шығармадағы тіл шұрайын, өмір шыра-
йын жеріне жеткізе құлпыртатын жерде әсте де кейін шегінбейді. Жалаң баяндау мен жайдақ ұран-
шылдықты маңайына жолатпайды, жанына дарытпайды. Иә, оның эстеттігі көзді алдайтын көпіршік, 
іші қуыс, сырты даңғаза жылтырақ емес, өмірдің қаз-қалпындағы шынайы, мағыналы көрінісі. Баян-
далып, тәптіштеп түсіндіріліп емес, сөз суретімен көркем бейнеленіп берілген өмірдің өз көрінісі. 
Сылдыраған сұлуына ынтықпайды, қазақтың жалпақ тілінің қаймағын қалқиды. 
Автордың «Социализм хикаясы» айдарымен басылып шыққан «Батқан күннің бояуы» автордың 
көркемдік әлемін жарқырата ашып тастағандай. Себебі Бюффон айтқандай, стиль дегеніміздің өзі 
адам ғой. Осыған орайластырсақ, қаламгердің биік интеллектісі, зергер зерлегендей зерделі парасат-
мәдениеті нақ осы әңгімелерінен әдемі танылғандай. Бұдан әрі тереңдей қозғасақ, осынау жоғары 
шығармашылық ізденіс интеллектісі жазушыны социализм тақырыбын қазақ қаламгерлері арасында 
бірінші болып қоясын ақтара, індете қаузауға жетелеген. Социализм бұл арада жазушының тақырыбы 
ғана емес, оның кейіпкері. Көзкөрген, көңіл сүзгісінен өткен жақсы танысы. Повесте осы кейіпкердің, 
яғни социализмнің тұтас бейнесінің мөлтек эскиздері жасалып, кейінде бұлдырап қалып бара жатқан 
образы тайға таңба басқандай етіп мүсінделеді. 
Әрине, социализм деген үлкен қоғамдық формацияның, тарихи категория ұғымының түгел си-
патын шағын әңгімелер топтамасында толық айтып жеткізу мүмкін емес, ол — мақсат та емес. Ол 
үшін ондаған, бәлкім, жүздеген хикаят, романдар жазылуы керек болар, жазылған, жазылып та жатыр 
делікші. Біздің авторымыз бәз біреулердей социализмді сыпыра мақтау немесе жек көре жамандап 
қара күйелеш етіп көрсету ниетінен де аулақ. Иә, ұнатсақ та, ұнатпасақ та сол бір заман біздің тағ-
дыр-тарауымыз, халқымыздың тағдыр-талайының үлкен бір кезеңі болып қалды. Шындығына келсек, 
біздің бір кездері сүйікті болған Советтер Одағымыз социалистік қоғамда өмір сүріп жатырмыз деп 
жалпақ жаһанға өңешін жырта жар салса да, шынайы социализмді құра алмаған еді. Шоң жазушы 
Шыңғыс Айтматов сол кездердің өзінде бір сапарынан оралғанда: «Нағыз социализм Швеция мен 
Норвегияда екен» деп айтқаны есімізде. Бұл орайда Асқаров ұлы Шықаңмен үндес шығып, еліміздегі 
кемелдену тұрмақ, көктемей қалған социализм келбетін келістіре суреттеген демекпіз. Айтпағымыз, 
осы ретте ізгі де игі ниетті утопиядан шыққан социализмнің еш кінәсі жоқ; кінә арман-аңсардағы сол 
ізгілікті қоғамды құра алмаған құрып қалғыр жүйеде. Автор бізге осы ақиқатты көркем сөзінің десте-
лі кестесімен ұқтырғандай. Хикаяттағы сандаған характерлер мен тағдырлар келмеске кетіп бара 
жатқан қоғам денелерінде қалдырған дерттен айықпай, келе жатқан заманмен, иллюзиясыз шындық-
пен коллизияға түскен, өліарада сарсаңға түскен жандар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет