Якут тілінде де сегіз септік болғанымен, басқа түркі тілдерінде қолданылатын ілік септігі жоқ.
М.Томанов бұл туралы: «Түркі тілдерінің ішінде ілік септік жалғауы кездеспейтін — якут тілі. Якут
Көне ескерткіштердегі септік жалғауларының қазіргі түркі
...
Серия «Филология». № 2(74)/2014
25
береді. Якут тілінің бұл ерекшелігі, монғол тілінің ықпалы деп түсіндіріледі. Якут тілінің қалыптасу,
даму тарихында монғол тілінің ықпалының басым болғандығы белгілі. Ондай ықпалдың нəтижесі
бұл ыңғайда ғана емес, тілдің басқа салаларында да байқалады. Сонымен, бұл жағынан якут тілі —
түркі тілдерінің ерекше түрі», — деп атап көрсетеді [4]. Сондай-ақ якут тілінде ілік септігінің
болмауы түркі тілдерінің тарихында аталған септіктің болмауына да қатысты деген пікірлер де бар.
Бұл туралы: «Есть все основания предполагать, что родительный падеж на ранних стадиях
существования тюркского праязыка полностью отсутствовал. Его заменила так называемая изафетная
конструкция. Из современных тюркских языков только один якутский сохранил это древнейшее
состояние, поскольку в нем отсутствует оформившийся родительный падеж», [5] — деген
зерттеушілер пікірі ілік септігінің тарихына қатысты мəліметтердің бірі болып саналады. Ілік, табыс
септік жалғауларының жасырын түрде де кездесуі жəне меншіктілікті -нікі/-дікі/-тікі жұрнақтарының
беретінін ескерсек, пікірлердің мүмкін екендігін де көруге болады.
Түркі тілдерінде ілік септік қосымшасының ерекшелігінің бірі есімдіктердің септелуіне қатысты
көрінеді. Мен, сен, ол сөздерінің ілік септігіндегі тұлғасы қазақ тілінде -н дыбысының түсіп қалуымен
байланысты: менің, сенің, оның. Осы қолданыстың басқа түркі тілдеріндегі көрінісін айтпас бұрын
көне жазбалардағы қолданысқа зер салсақ, көне ескерткіштерде мен, сен есімдіктерінің септелу үлгісі
бенің, менің түрінде кездесетіндігін көруге болады.
Қазіргі түркі тілдерінде мен, сен, ол сөздеріне ілік қосымшасы жалғанғандағы негізгі формасы
менің, сенің, оның (фонетикалық өзгерістерімен) тұлғасына келіп саяды:
мəн-мəним, сəн-сəнин, о-онун
(əзербайжан); мин-минем, син-синең, ул-аның (татар); мен-мээң, сен-сээң, ол-ооң (тува), мен-мениң,
сен-сениң, ол-оның (түрікмен);
мен-меним, сен-сенинъ, ол-онынъ (ноғай) т.б.
Барыс септігі. Ескі түркі жазбаларында барыс септігі бет алысты, мекенді білдіріп, мына
жалғаулар жалғану арқылы жасалады:
-а, -е. Барыс септігінің бұл көрсеткіштері жіктеу есімдіктері мен тəуелдік жалғаулы сөздерге
жалғанады: оғлыма-ұлыма, түркіме-түркіме, қағаныма-қағаныма, ініме-ініме, қызыма-қызыма;
-ға, -ге, -қа, -ке: йерке-жерге, будунқа-халыққа, тағқа-тауға, бегімке-бегіме, оғлумқа-ұлыма,
йірімке-жеріме;
-ғары, -гері, -ғару, -геру, -қару, -керү, -ңару, -ңерү. Барыс септігінің осы жалғаулары көне
ескерткіш жазбаларында жиі қолданылған: қағанғару-қағанға, ебгерү-үйге [6; 121].
Кейбір ғалымдар барыс септіктің бұл тұлғасын құранды жəне -ру аффиксінен тараған деп біледі
де, -ру қосымшасына кейбір сөздердің құрамында ертеден келе жатқан өлі тұлға ретінде қарайды.
Шынында да -ру, -рү қосымшалары жалғанып, істің бағытын, бет алысын көрсететін кейбір сөздер де
кездеседі. Мысалы: баңару (маған қарай), ебгерү (үйге қарай) [7; 101].
Достарыңызбен бөлісу: