атасына барды. — Туған атасына барды. Мана шу куйнинг шохиди булиб хозир хам Абайнинг қабри
бошига тумонатдек халқ йиғилиб қолибди. — Осы күйдің куəсі боп қазір де Абай қабірінің басына
қалың елдің өзгеше көп-көп жаны жиылып қалыпты…
Түркі тілдерінің көне дəуірлерінде де жай септеу мен тəуелдеулі септеу тұлғаларының өзіндік
ерекшеліктері болғаны белгілі. Көне ескерткіштердегі оғлыма, түркіме, қызыма, апама сөздерінде
барыс септігі тəуелдеулі сөзден кейін жалғанатын -а, -е қосымшалары болса, будунумқа, елімке,
оғлумқа сияқты мысалдарға барыс септігі қосымшасы тəуелдеулі сөз болса да -қа, -ке түрінде
жалғанып тұр.
Барыс септігі қосымшасының жалғануындағы түркі тілдерінде көзге түсетін елеулі ерекшеліктің
бірі — есімдіктердің барыс септігіндегі тұлғасы.
Есімдік сөздердің септелуінде, əсіресе жіктеу, сілтеу есімдіктерінің септелуінде, септеу
жүйесінің заңдылығынан біраз ауытқып кететін орындары бар. Бұл ерекшеліктер негізінде
есімдіктердің бойында көне формалар мен көне грамматикалық көрсеткіштердің молырақ сақталып
қалуымен тікелей байланысты.
Жіктеу есімдіктерінің барыс септігіндегі формасы көне жазбалар тілінде де, қазіргі түркі
тілдерінде де ерекшелігімен көзге түседі. Қазіргі қазақ тіліндегі маған, саған түріндегі қолданыс көне
мұраларда баңа, маңа, саңа, маа, мана, маға, манға, маға, саһа, санға, саа [6] сипатында болып
келсе, қазіргі түркі тілдеріндегі қолданысты төрт топқа ажыратуға болатын сияқты:
Маңа, саңа түріндегі қолданыс (фонетикалық варианттарымен): əзербайжан — мəнə, сəнə; чуваш
— мана, сана; түрікмен, ұйғыр — маңа, саңа; татар — миңа, сиңа; тува — меңээ. Мага, сага түріндегі
қолданыс (фонетикалық варианттарымен): ноғай, құмық, қырғыз, шор — мага, сага; хақас — маға,
саға; алтай — меге, сеге. Маған, саған түріндегі қолданыс: қазақ, қарақалпақ — маған, саған. Менга,
сенга түріндегі қолданыс: өзбек — менга, сенга. Осыларды топтай келгенде, байқалатын басты
ерекшелік мен, сен сөздерінің кейбір тілдерде түбір күйін сақтаса, кей тілдерде ма, са ретінде өзгеруі.
Бұл жіктеу есімдіктерінің шығу төркінімен байланысты екені белгілі. Себебі жазба мұралар арқылы,
зерттеушілердің еңбектері арқылы мен, сен сөздерінің ма, са тұлғаларында болғандығы бізге мəлім.
Маңа, саңа түріндегі қолданыстар көне жазбаларда кездесетінін жоғарыда айттық, ал мана, сана
сипатын фонетикалық сəйкестікке, яғни түркі тілдерінде орын алған н-ң алмасуларына жатқызуға
болатын сияқты.
Мен, сен жіктеу есімдіктерінің барыс септіктегі мага, сага, меге, сеге сипаты ма, ме, са, се
түбірлеріне жалғанған барыс септігінің нақты көрсеткіші. Бұл, əсіресе, өзбек тілінде анық көрінеді.
Аталған тілде ешбір өзгеріссіз мен, сен есімдіктеріне -га барыс септігінің қосымшасы жалғанып тұр:
менга, сенга.
Қазақ, қарақалпақ тілдеріндегі қолданыс өзіндік ерекшелігімен көзге түседі жəне бұл туралы
зерттеушілер пікірлері əр түрлі. Бұл туралы Ə.Ибатов өзінің «Қазақ тіліндегі есімдіктердің
тарихынан» деген еңбегінде мынандай түсінік береді: «... Бұл келтірілген пікірлерді жүйелей
келгенде, негізінде үш салаға топтауға болатын сияқты; 1) барыс септік жалғауы басында -ғару
болған да, кейіннен -ғар формасына түсіп, одан -ған түріне ауысқан. Сонда -ғару>-ғар> -ған боп
қалыптасқан; 2) барыс септік жалғауының соңғы н дыбысын ингредиент деп тану, бұл негізінде
Достарыңызбен бөлісу: |