Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет4/245
Дата26.12.2023
өлшемі3,61 Mb.
#143991
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   245
«Біз төменде қол қой ып, таңбаларымызды бердік. Үшбу хатны 
қазыға Баянаулаға, Диуан мах кә мәсін жері Ақкелінге ағаш үйлер салып, егін 
екпекші болдық, соның бәрін біз бес жылға келтірмекшіміз, есептеп бізге 
үшбу бұйрық болғаннан бастап. 1851 жылғы октябрьдің 17 күні. Управитель 
Мустафа Шор ман ұғлы, Әбуғали Шорманұғлы... Сәт бай Шөтік ұғлы қолым 
қойдым...»
«Егiн екпекшiмiз…»
деген уәждiң астарында жайылым мен шабындығы 
мол Ақ келiн қорығын иемдену амалы тұрғандығын ескерту лазым: себебi, 
үкiмет егiн екпекші шаруаға жер бөлуге қолдау көрсетіп, алғашқы жыл-
дары алым-салықтан босатқан; құ 
рал-жабдық сатып алуға қаражат та 
берген… Әсілі, бұл амалдың орыс заңына жүйрік Мұса Шорманұлының 
ақыл-кеңесімен жүзеге асқаны сөзсіз. «Павлодар уезі» кітабының 
122-бетінде жарияланған мына дерек те осы қарекеттен туған: «
54 года 
тому назад потомки Малкозы 
(Осы өңірге Төртуыл елін бастап келуші 
Олжабай Малқозыұлының бастапқы атақонысы – М.С.)
 были вытеснены из 
Аккелинских гор, которых захватил Муса Чорманов, добившийся к этому 
времени звания старшего султана, благодаря своей энергии и выдачи двух 
киргизских героев, братьев Тайжана и Сейтена 
(Ағайындылардың әкесі – 
Сәти мырзаның туған ағасы Азнабай Ақмырза баласы, Мырзағұлдан тарай-
тын алты ұлдың үлкені. Демек, Мұса Шорманов Ресей өкіметіне жатты емес, 
немере ағаларын ұстап берген – М.С.
), принимавших очень видное участие в 
движении Кенесары... Богатый, влиятельный хищник нередко захватывает 
пастбища, принадлежащие другому роду. Муса Чорманов, например, в быт-
ность свою султаном, поселил на кочевьях рода Тайкельтыр свыше ста ки-
биток своих родичей из рода Каржас...»
– деп алмағайып уақыттың өрескел 
қиянатын бүкпесіз жария еткен.
Жоғарыда келтірілген құжат Сәти мырзаның немересі Шор-
ман әулетiмен қоса, Шөтiкұлы Сәтбайдың да Қызылтау қола-
тындағы алғашқы қонысын тастап, 1851-1853 жылдарда Баян-
ауланың күнбатыс бөктерiндегi Ащы өзенi 
нiң кеңқолтық бо-
йына түпкiлiктi орныққанына куәлiк ете дi. Шорман бидiң қара 
шаңырағы суы көк 
темде айран-асыр жайылып, қаулап өс 
кен 
шалғыннан ұсақ мал көрiнбейтiн кең қорық тың ту ортасында-
ғы Аралтөбе қолатына, ал Сәт бай ауылы алты шақырым түс-
тiкке, Айырық өзенiнiң жағасындағы Обалы биiгi 
нiң етегiне 
қоныстанады. Сірә, Баянаула орманынан кесiлген қарағай үй де 
сол кезде бұрал ған. Сәтбай Шөтiкұлы бұл қарсаңда отыз жас та, 
бiрнеше баланың әкесi атанған шағы. 
Обалыдағы жаңа қоныс Сәтбай отбасына қайырлы болды: 
1855 жылы ол төртiншi мәрте әке атанып, нәрестенің есiмiн 


12
Медеу СӘРСЕКЕ
Жәмiн қоя ды. Шәмшiқамар атты кенже қызы үш жылдан соң 
туыпты. Сәтекеңнiң шөбересi Fалым 
тай Fазизұлы Сәтбаевтың 
(1912-1999) осы кiтап иесiне ұсынған жазбаша естелiгiнде үлкен 
атасының осы балаларды екi әйелден көр гендiгiн ескерткен... 
Осы ауылдың көшбасшы ақсақалы ту ра лы екі дерек Қ. Исабай мен 
С. Байжан жа рия лаған «Қажыға барған қазақтар» кi та б ын да келтiрiл-
ген: алғашқысы – баянаулалық тәуеп етушiлердiң 1901 жыл дың 31 жел-
тоқсаны күнi Ресейдiң шекара кеденiне берген ресми қолхаты; екiншi құ-
жат – Ақке лiн болысынан Меккеге аттан ған сегіз адамның тiзiмi, үшеуi –
75 жастағы Иса Шорманов, 80 жастағы Сәтбай Шөтiкұлы Сатаев және 74 жас-
тағы Алтыбасар Жыл қыбаев сол сапардан туған жұртына оралмаған, үшеуі 
де Меккеде опат болған.
ІІІ
Әлиманың денсаулығы ораудан тұрып, жай лауға шыққан соң 
да оңала қоймаған. Әлбетте, дiмкәс ананың омырауы нәрестенi жа-
рыта алмаған. Балпаңдай толық, ұзара өскен қарын шашы қалың, 
басы бақырдай үл кен, көзiн аша алмай, жарыққа сығырая қараған 
қызылшақа нәрестенi тұңғыш рет жерден көтеріп, кiндiгiн кескен 
Кiшi ауылдың байырғы қоңсысы, жылқышы Қасеннiң келiншегi 
Мейiз деген мейірманды кiсi екен. Ауыл иесінің айтуымен сол ана 
омыраудағы өз пер зентi нiң аузынан жырып, кiшкентай Қанышты 
да емiз ген-міс. 
Әкесi кексе, шешесi саркiдiр тартқан шағында жарық дүниеге 
келген сәби, әрине, бүкіл ауылдың еркетотай сүйiктiсi болған. 
Шыр еткен дыбысы шықса-ақ қолдан-қолға көшiп, үл кен-кiшi 
жабыла өбектеп, есi қалмай күтеді. Әсiр есе анасы. «


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет