Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет140/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   244
болу міндетін баса ескертіп: «Бірақ бұл үшін,  деді ол,  сіздерге 
іскер де зиялы басшылар керек. Филиалды білікті кадр лар мен 
то лық тырып, ұйымдастыру ша ра ла рын жа сау қажет...»
Қазақ КСР Совнаркомы сол мәжілісте-ақ филиал басшыларын 
түгел дерлік жаңа 
ла 
ған: төралқа бастығының орынбасары бо-
лып та рих ғылымының кандидаты, соған дейін Қазақстан КП(б) 
Орталық Комитеті идео ло гия хатшысының көмекшісі міндетін 
ат қар ған Ғ.О. Бұзырбаев тағайындалған-ды; ал жанама са рапшы 
ретінде комис сияға қатысқан инже нер Сәтбаев филиалдың ғы-
лыми кеңе сіне мү ше болып қайтадан сайланған...
Арада жыл өткен жоқ, өзі аяусыз сынап, олқылықты тез арада 
түзеуді талап кеткен қосымша баяндамашыға фи лиал жетек шілі-
23-0196


354
Медеу СӘРСЕКЕ
гі жүктеліп отыр. Рас, был тырдан бері біраз жұмыстардың басы 
қа райыпты. Кейбіріне өзінің де қатысы болды. Бірақ басқарушы 
кеңестің жаңа құрамы көп іске белсенді түрде ара ласа алмаған. 
Ғылыми жұ мыс ты қайыра ұйымдастыру, қайсыбірін тың нан бас-
тау – қашанда күрделі іс. Шынтуайтын айтқанда, қисапсыз қа-
жыр-қайрат, тынымсыз еңбек керек! Ал қазір соғыс тау қы метіне 
байланысты бүкіл жұмысты май дан талабына орай шұғыл өз гер ту 
қажет. Зерттеуге ұзақ мерзім тілейтін ізденістерді тоқтата тұрып, 
қажет болса ғылыми-теория лық жұмыстармен шұғылдануды да 
бейбіт күндерге ысырып, ақыл-ойды, қай рат-жі герді майданға 
қолғабыс етер нақты ізденіске жұмсау шарт. «Мысалы, бота ника 
секторы іргелі зерттеулерін азайтып, дәрі-дәрмек жаса 
латын 
өсімдіктерге көбірек көңіл аудар 
са, – деген-ді Қаныш Иман-
тай 
ұлы өзі өткіз 
ген алғашқы мәжілісті қорытын 
дылағанда. – 
Агротехниктер республика жерінің топы рақ картасын тездетіп 
әзір 
ле 
сін. Өйт 
кені келесі көктемде астық егілетін жер көлемі 
бірнеше есе ұлғаяды. Ал зоолог тар таяу күндерде үкіметке терісі 
қымбат аңдарды немесе тамаққа жарамды түз тағы ларын аулай-
тын аймақты нұсқаған нақты ұсыныс берсін!..»
«Қаныш Имантайұлына мен кездейсоқ жағдайда жо-
лықтым, деп сыр шертіпті тағы бір қазақстандық акаде-
мик И.Г. ГАЛУЗО. – Екеуіміз азық-түлік дүкенінде кезік тік. 
Кезекте тұр едім, бейтаныс қазақ азаматы менен бір нәрсе 
туралы түсінік сұрады. Нақты не жайында екені есімде жоқ, 
алматылық емесін бірден аңдадым. ...Зо олог екенімді білген соң 
ол ерекше іл ти пат білдіріп: «Бәрекелді, мұныңыз тіпті жақ сы 
болды!..» деп жымиды. Сон соң зоо ло гия саласы нан әрнені сұрай 
бастады: Қа зақ станда аңның қандай түрі кәсіпке пай да лы, олар 
қалай бағаланады, дүниежүзілік жәрмең кеге шығарарлық қым-
бат аңдар бар ма, балық кәсіпшілігі қандай жағдайда?.. Геолог-
тың өз кәсібіне қажеті шамалы ілім ге осыншама ден қойып, 
ықылас білдір геніне таңданға ным сонша, келесі күні аса білім дар 
кен бар лаушыға кездейсоқ кезік кенім жайында әріптестеріме 
сүйсіне әңгімелеп едім, бір жол дас: «Сірә, ол кісіңіз  біздің фил-
иалды басқаруға шақырылған геолог Сәтбаев бо лар», – деді...
Бірнеше күннен соң филиал жетекші 
сі 
нің кабинетіне ша-
қырылдым. Бұл жолы ұзақ әңгімелестік. Қа ныш Иман тайұлы 
зоология ғылымдары 
ның түр 
лі саласына ынтызарлық білді-


355
ШЫҒАРМАЛАРЫ
р іп, әр алуан мағлұмат сұрады. Парази толог екенімді білген соң 
әңгіме міз бұрынғыдан да қыза түссін... Содан бір күні ол КазФАН-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет