Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет142/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

«Сол күндерде ерім үйге өте-мөте шар 
шап оралатын-ды. 
Әсіресе қарау ын да ғы ұжымның өзі жария еткен тың міндет-
тер ді орын дауға аса құлшынбай, жігерсіз кіріскеніне ол қат ты 
күйзелген-ді,  деп есіне алады Таисия Алексеевна. – Қарсақбайда 
тұрға 
ны 
мыз 
дағы шай үстінде иә демалып оты 
рғанда ұзақ 
әңгімелесетін кештеріміз де ұмыт болды. Тек ертеңгілікте үйден 
ерте рек шығатын едік те, қазіргі М. Төлебаев атындағы көшенің 
ортасындағы аллеяда ширек сағат таза ауа жұтып, тауға қарап 
тамашалап отырып, кешегі күннің тауқыметін еске алатын-
быз...»
Ұйымдастыру шаралары нәтижелі болды. Түсті және сирек ме-
талдар металлур гия сы, көмір және тыңайтқыш заттар хи мия сы, 
минералогия зертханалары ашылып, шлих т әзірлейтін шеберха-
на мен спект р лік анализ кабинеті жасақталып, қауырт жұмыс-
қа кірісті. Геологиялық ізденістер кеңейіп, зерттеу өрісі де ұзара 
түсті.
...Бір күні ғылыми қызметкер В.А. Соко ловты институт дирек-
торы шақырып:
– Ванадий кенін табу керек, Владимир Алексеевич, – деді. – 
Үкімет тапсырмасы деп біліңіз. Жедел іздеу қажет, темір жолға 
жақын, алуға оңтайлы жерде болса тіпті жақсы. Қаржы, адамдар 
жөнінде қам же меңіз. Тек уақыттан ғана қысамыз!..
Отызыншы жылдан беріде қазақ даласы ның ой-қырын ара-
лап, әсіресе түстік өлкесін көп шарлаған байырғы геолог жедел 
тапсыр 
маның стратегиялық мән-мақсатын бірден түсінген... 
Сондықтан да экспедиция жасақ 
тап, жан-жаққа дереу аттан-
дырудан гөрі, қайда барып және қалай іздеудің бағыт-бағдарын 
әбден анықтап алуды жөн көрді. Көңілін алаңдатқан бірнеше 
аудан ның геологиялық картасын алдына жайып қойып, ванадий-
мен ағайындас металл белгілері табылған қыр тыс тарға шұқ шия 
үңілді. Ақыры, ол инсти тут ди рек торы на келіп:
– Қаныш Имантаевич, коллектордан басқа көмекші сұра-
маймын, – деген-ді. – Оңүстік жақ ты шолып қайтуға рұқсат етіңіз. 
Ала тау ды бөктерлеп, Таласқа дейін көтеріле міз...
Келесі күні жолға шыққан қос барлаушы Шымкент пен Жам-
был аралығындағы Шақпақ разъезінде пойыздан түсті де, бағыт-


362
Медеу СӘРСЕКЕ
тарын компаспен түзеп алып жүріп кетті. Көздеп келе жатқан 
төбені олар сол күні-ақ, темір жолдан небәрі бірнеше шақырым 
жерден тапты. Үшінші шурфқа кісі бойы терең 
деген кезде 
барлаушылардың күрегі алғашқы кен белгісіне жолыққан.
– Карнотит! Ванадий жайылған минерал дың ең құнарлысы! 
Мынада кем дегенде оның жиырма пайызы бар!.. 
Геологтар одан әрі қазған жоқ, Алма тыға қайтып оралып, кел-
ген бетте-ақ инсти тут директорына кіріп:
– Шақпақ разъезіне экспедиция жасақ тауға рұқсат етіңіз... – 
деді.
(Геологтың болжамы қайыра тексеруде толық анықталды. 
Талас Алатауының бөктерін 
де соғыс қажетін өтегендей вана-
дий ке ні нің сүбелі қоры жасырынып жатыр екен. Ғалым-геолог 
Владимир Алексеевич Соко ловқа сол еңбегі үшін келесі жылы 
Сталин дік сыйлық берілді).
– Барлауға ғылыми оймен қарау деген осы! Көптеген кен орнын 
барлауға шықпай-ақ, зерттеу деректерін байыптап қарап оты рып 
та ашуға болады, – деп тұжырымда ған-ды Сәтбаев әріптесінің 
жаңалығын институт қызметкерлеріне жария еткенде. – Шын -
ту а й тын айтқанда, Владимир Алексее вич вана дий шикізатын ка-
бинетте отырып аш ты... Бұдан шығатын корытынды: ғалым ата -
нып, геология институтына келдің екен – бағың ды барлауда сы-
наудан бұрын ғылыми болжау мен шұғылдан!..
Зерттеушілердің қайсыбірі орталық қала лардан келген, тағ-
дыр айдап эвакуациямен Алматыға тап болған көрнекті ғалымдар 
да жаңа институтқа шақырылған. 
Солардың бірі – Орталық Қазақстан қыр ты сының білгірі 
Н.Г. Кассин. 1941 жылдың жазын Сарыарқа жонында өткізген 
ғалым-геолог Ленинградқа дер кезінде қайта алмай, Қарағанды-
да кіріптар болып уақытша тұрақтаған. Осы хабарды естіген 
сәтте-ақ Қаныш Имантайұлы жедел хат жолдап, Кассинді Ал-
матыға шақыртады. Николай Григорьевич те кідірмей жетеді. 
Бір ақ, көңіл хошы онша емес: жұ байы Прас ковья Степановна 
жау қоршауындағы қала дан шыға алмай қалған; соған да ұй-
қысы қа шып, жұмыс істеуі қожырапты. «Сіздің мін дет – Георгий 
Цараевич Медоевпен бірігіп, Қа зақстанның құрылымдық карта-
сын жасауға же дел кірісу. Бұл бізге қазір ауадай қажет! Зұлым 
жауға атар оғыңыз, Николай Григорьевич, осы бола ды. Ал қо-
са ғыңыз жө нінде... Тілегіңізді республика үкіметінің назарына 
жеткізейін. Сәті түссе, кім білсін...» – дейді институт директо-


363
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ры білімпаз геолог-ғалымды бірден күрделі зерттеу жұмысына 
жегіп. Кексе адам тұрмыс тауқыметінен тарық 
па 
у 
ын ойлап, 
тиісті жағдай да туғызады. Тұс-тұстан келуші мыңдап көбейген 
соғыс күнде рінде бұл да оңай шаруа емес-ті: сөйтсе де ин с ти тут 
қызметкерлерін өзара ығыстырып, дербес бір бөл менің орайын 
келтірді. Құры лым дық карта жасау – Николай Григорье вичке 
танымал іс. Үйреншікті кәсібіне кіріс кен соң-ақ, ішін жеген 
уайымнан арылып, тығыз жұ 
мыс 
ты өндіре істеген. Уәде ет-
кен соң бас ты ғы да қарап жүрмепті, Қазақстанның Мәс кеу дегі 
өкілдігінің қызметкерлері қа лай да жо лын тауып, ғалымның 
жұбайын Ле нин град қоршауынан алып шығудың ора й ын кел -
тірген: ақырында Прасковья Степановна Алматыға аман-есен 
жетті. Бұл Н.Г. Кас синнің көңіл-күйін бірден түзеп әрі өзін Қа-
зақ стан үкіметіне, мейір банды Қа ныш Иман тай ұлына қарыздар 
санап, жұмысты бұрын ғыдан да еселеген жігермен атқаруына 
мұ рын дық болған деседі. Әсілі, ол құрылымдық карта жасау-
мен ғана емес, институттың бар лық ізденісіне қоян-қолтық ара-
ласып, оған қоса аспирантурада оқитын жас тарға басшылық ету-
ге де барынша атса лысады.
ТАИСИЯ АЛЕКСЕЕВНАНЫҢ естелігі нен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет