Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет150/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

«...бұдан былай Жездіде кеннің бар-жоғы жайында ешқандай 
күмән болмасын, ол сәтті бар лаумен біржола шешіл ген; ал 
марганец қоры осы қарқынмен жұ мыс істегенде ондаған жылға 
сөз айтпайды; кеннің негізгі көлемі – тереңде және бар лаушы 
геологтар кейіннен нұсқаған теріс тік-шығыс қанатта; таяу 
күндердің басты мақ саты – браунитті көптеп алуға дайындық 
жа сау; себебі, 1944 жылы жоспар тағы да өседі; Кузнецк комби-
наты да марганец шикізатын осы жерден алады; соған орай 
Жезді кеніші не қосым ша берілетін техника жабдықтары және 


391
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жұмысшы қарамы бірнеше есе артады; ең соңында, – деп атап 
көрсетілген, бүгінде мұрағат құжаты боп қалған, жол арасы өте 
жиі басылған, көлемі 22 бет хаттамада, – кен өндіруді больше-
викше ұтымды ұйымдас тырып, кеншілер ұжымын қарқынды 
ең бек ке жұмылдыру орнына – ұсақ-түйек желеу іздеп, өнбес 
дау ұйымдастырған кеніш басшылары Михайлов, Горланов, 
Курсанцев, Писанко жолдастардың жөнсіз әрекеті – ақтауға 
болмайтын сорақы дәрменсіздік! Есімдері аталған жол дас тар 
өз кінәларын толық мойындады. Олардан енді нақты еңбек 
күтеміз. Ал өз сөздерінде тұрмаған жағдайда... майдан талабы-
на сай қатаң шара қолданылатыны ескертіледі».
Сол күнгі мәжіліске Жезді кенішінің учас ток бастығы, жас ин-
женер Әбдірахман Тоқтыбаев та қатысқан. Мәжіліс аяқтал ғанда, 
Қаныш Имантайұлы кенші инже нерді қасына шақырып:
– Әбе, – дейді Сәтбаев өзінен үлкенді ғана емес, кішілерді де 
солай атайтын әдетімен Тоқтыбаевқа қадала қарап, – Жездінің 
келе шек тағдырынан хабардар бола жүрсін деп сізді мәжіліске 
шақыртқан мен едім. Әлде неше сағат бойы қырық пышақ болған 
айтыс 
қа қатыспай, артқы қатарда тып-тыныш отырғаныңыз 
қалай? Туған жердің тағдыры толғантпаған, ол туралы ойланбаған 
жігітті қайтіп азамат дейміз? Мұныңыз не?
Қақ-соқпен жұмысы жоқ Әбдірахман төмен қарайды. 
– Жә, бұл әңгімеден ештеңе ұқтыңыз ба? – деп В.И. Штифанов 
та кеншіні тақымдайды.
– Мәскеулік мамандар болмаса, әсіресе Бирман мен профессор 
Каниболоцкий жолдастар қатыспаса, білмеймін, Жездінің жан а-
засын шығара жаздадық білем...
– Иә, кеніш басшылары біздің дала сырын біл мейді, оларға кі-
нә жоқ, ал осында туып-өскен сендердікі не? – деді Қаныш Иман-
тайұлы сәлден соң. – Жә, осының бәрін сізге не үшін айтып отыр-
мын, әңгіменің түп-төркінін сездіңіз бе, Әбе?..
– Сезгенде қандай! Тәжірибе аз, ойлаған жеріңізден шыға ал-
май қалсам ше?..
Қазақ кен-металлургия институтын Әбді 
рах 
ман Тоқтыбаев соғыс бас-
талған жылы тәмамдаған. Оған дейін Қарсақ байдың ФЗУ-ын бітіріп, шах-
тыда істеп жүріп, Қанекең нің ақылымен институтқа жолдама алып, Алма-
тыға аттанған. Институтты бітірген соң екі жыл дай Қырғызстанда, сирек ме-
талл шикі за тын өндіретін кеніште инженер болады. Би ыл күзде ол Қа ныш 
Имантайұлынан хат ал ған: туған жерінде марганец кені ашыл ғанын, тілесе 
сол жерде де еңбек етуге бола тынын есіне салыпты...


392
Медеу СӘРСЕКЕ
Өзі үшін ерекше қадірлі ұстазы жақын келешекті меңзеп
келелі сөз бастап отыр. Салған жерден не дейді?..
– Басшы болуға тәжірибең кемдеу екені рас. Бірақ өмірден 
көрген-білгеніңді ескер сең, Әбе, жас та емессің. Тегінде, сендей 
сақа жігіттерге кішірейе берген де жараспайды. Солай ма, жолдас-
тар? – деп Сәтбаев қасында үнсіз тұрған жез қаз ғандық геологтар-
ға тұнжырай қарады. – Қыс қасы, Әбе, бұл кеніштің тағдырын 
қолыңа біржола алуға әзірлен. Жезді – туған жерің. Туған жердің 
әр тасын мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын тасын да 
малта демек. Ал мы нау – браунит кені, көріп отырсың, ал тыннан 
да қымбат қазына болып тұр бүгінде. Демек, оның тағдырына сен-
дей атпал азамат тар ие болу керек!..
* * *
...1967 жылдың 12 маусымы күні Жезді кеніші өнім бере 
бастағанына ширек ғасыр толған мерекесін атап өтті. Салтанатты 
жиынның алғашқы сөзін кен басқарма сы ның байырғы директоры 
Әбдірахман Тоқты баев бастаған:
– Өзінің жиырма бес жасқа шыққан екін ші мүшеліне Жезді 
кеніші ондаған миллион тонна сапалы ферромарганец өндірумен 
келіп отыр. Қайталап айтамын, жолдастар, оңдаған миллион тон-
на! Біздің ұжым үшін бұл – соңғы шек емес, алдағы жылдарда 
шұғылданар кең көлемді жұмыс тары мыз дың бастамасы ғана... 
Бүгінгі мерей лі кеште мен Жезді тағдырына тікелей қа тысты екі 
адам ның есімін ерекше атағым ке леді: олар – Қаныш Имантайұлы 
Сәтбаев пен Иван Федо 
рович Тевосян!.. Отан тағдыры ұрыс 
майданындағы аумалы-төкпелі шай қас тар да шеші ліп жатқан 
қатерлі күндерде бұл екі адам қазақ даласының ту қиырын дағы 
елеусіз қазынаны көп маманнан бұрынырақ және көрегендікпен 
болжап білді. Білді де, қа 
уіпке бастарын тігіп, стратегия 
лық 
қымбат кеннің тұсауын кесті. Міне, соның дә лелі: іргелі Жезді 
ауданының орта лы ғы мыз, сән-салта наты өзіне жарасқан қаламыз 
бар, те мір жолы, асфальт жолы, байыту фабрикасы, кен қоймасы, 
аумақты өндіріске иеміз... Бір кезде маған Қаныш Имантайұлы: 
«Әбе, бұл кеніште ата сақалың аузыңа түсіп, шал бол ғанша еңбек 
етесің!..» – деген еді. Шы нында да солай болды: сақал-мұрты 
ағарған кексе атандым; ал кеніште Жез ді тұр ғын да рының екінші 
ұрпағы жұмыс істей бас тады...


393
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Содан беріде оқтай зымырап он даған жыл өтті. Өздерін білгір 
санаған сарап шылар мен шеттен келген кенші ма мандар бірер 
жылда тақа бітеді дескен Жездінің қаратасын жергілікті жұрттың 
төртінші, бесінші ұрпағы қазып, өмірлік кәсіп жасап отыр. Соған 
да, міне, алпыс жылдан асты. Қаныш Имантайұлы тұсауын кескен 
кен көмбесі ХХІ ғасырдың өндірісі санатында өмір сүріп отыр...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет