Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет147/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   244
...Жезді материалы біз үшін мүлдем тү 
сініксіз және ұшы-
қиыры жоқ жөнсіз дауға душар болып отыр. Алматыда, тіп-
ті Қаз геология басқармасының өзінде әлденеше ірі, беделді гео-
лог қызмет істейтін дігіне қарамастан, ұсынылған есеп Атасу 
төңірегінде сәтсіз барлаумен масқара бол ған, сөйте тұра көкірек 
керу ден та й ынбайтын әпербақан геолог Е.-ге (хатта геологтың 
есімі толық көрсетілген – М.С.) экспер ти заға берілген. Басқа 
сарап шылар да геологияда өзіндік пікірі жоқ, беделі төмен маман-
дар... 
Жезді материалы 1942 жыл дың ақпан айының 23-і күні ТКЗ 
мәжілісін де қаралады. Мәжіліске Ал ма тыда тұра тын бірде-бір 
беделді геолог шақырыл ма ған. Жасырын өткен бұқпа мәжілістің 
ше шімі де таңырқарлық: қорды есептеу әдісі дұрыс емес, ол басқа 
жолмен қайта жа салуы керек...»


378
Медеу СӘРСЕКЕ
Көлемі тоғыз парақ бұл хатты бастан-аяқ келтіру – қазіргі за-
ман оқырманы үшін, бәлкім, қажет болмас. Тек ескерту парыз: 
сарапшылар нұсқаған бес түрлі күдік ке хат жолдаушы жан-
жақты және нанымды ай ғақ тармен жауап беріп қана қоймай, 
жаңа кен орнын танытқандай нақты дәлелмен иланымды тұ жы-
рым айтқан. Бүкілодақтық геология қыз метінің басында отырған 
үлкен әкімге жолданған хаттың жазылу мәнері де еріксіз ойлант-
қандай. Демек, Қаныш Иман тайұлы әбден ашынған, сыпайылық 
сақтауға, сірә, құлқы соқпаған. Төмендегі үзінді соған дәлел:
«...Әлбетте, мұндай тантық бел ле т ристи камен қолы бос, 
еріккен адамдар ғана шұғылданады. Әйтпесе қиын-қыстау күн-
дерде қиыннан жол тауып, көп нәрсені үнемдеумен жасалған же-
дел барлауға сон шама шұқшиып, кен қорын есептеу әдет тегідей 
әлденеше ай емес, өте қысқа мер зім де орындалғанын ескермей, 
соны да тілге тиек, сыныққа сылтау іздеп, қайткен күнде 
есепті құлатуға тырысу  ар-ұяттан біржола безген... жауапкер-
шіліктен, жұмыс үшін жаны ауырудан мүлдем кет кен бейшара 
қуыскеуделердің тірлігі де мек пін... Сіз мына сорақылыққа назар 
аударыңыз: кен қуаты 7-8 сан тиметр кө теріңкі көрсетілген деп, 
әрине, геолог У... сияқты «білгір» мамандар, анығын айтқанда, 
солақай да сорлы кәсіп шілер ғана жаза алады. Сол се бепті біз 
ТКЗ-ның қасаң қағидаға сүйе ніп, шектен тыс сақтық ойлау-
дан туған сүйкеме тұжырымын тек қана жалаң формализм, 
жауапкершіліктен қашу деп білеміз. Мұның шынайы аты  
өмірдің күнбе-күнгі тала бын түсінбеу!..»
ІІ
Хат жедел жөнелтіліп, Свердловтан хабар күтіп жүргенде өмір 
ділгерлігі бұл тартысқа мүлдем тосын төрелік жасады.
Соғыс жылдарында Қазақстан КП(б) Орталық комитетінің 
түсті металлургия бөлімін бас қар ған АХМЕТ ӘДІЛОВ Қарағанды 
облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің 1989 жылғы 10 наурыз 
күнгі санында жариялаған есте 
лі 
гінде осы жайтты тәптіштей 
әңгімелепті: 
«1942 жылдың басы болатын. Бір күні Ор талық комитет-
тің бірінші хатшысы Н.А. Скворцов шақырып: «Жаңа ғана 
И.В. Ста лин қол қойған шұғыл жеделхат алдым. Барлық рес-


379
ШЫҒАРМАЛАРЫ
публикалар мен облыс тарға, өлкелерге жолдапты: марганецке 
бай кен орнын жедел таппасақ, хал өте мүшкіл депті; жауға 
тойтарыс беретін қарулар, әсіресе танкілер шығару мүлдем 
тоқтауы мүмкін... Ал, не істейміз?» Ға лым дар мен, геологтар-
мен ақылдаспай қа лай жауап бересің? Солармен сөйлесейін де дім. 
«Ендеше, жедел кіріс!» Алматыда тұ ратын геолог, металлург 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет