Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет156/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

«Ол, әсілі, ұран үшін айтылған қызыл сөз емес-ті. Шын-
дығында, Қанекеңнен өзге республика жұртшылығында, ғылым 
ие лері арасында да бірде-бір адам Қазақстан ғылымының өсу 


404
Медеу СӘРСЕКЕ
көкжиегін нақ сондай жете біліп, болжаған жоқ. Туған халқы ның 
рухани қабілетіне, сол қарсаңда қа уырт өсіп жетілген қыздары 
мен ұлда ры ның дарын күші мен білімінің мүмкіндігіне шексіз сен-
ген ол жұрт алдында ешбір қай мықпай, арман-ойын бекем үнмен 
жа рия етті де, сол күннен былай көкейкесті ісін жү зеге асыруға 
кірісті...»
ІІ
Қаныш Имантайұлы Алматыға ауысқан ға дейін де бірталай 
ғылыми еңбек жариялаған. Олардың жалпы қарамы – 44. Дені 
геологиялық барлау, кен зерттеу жа 
йында. Бәрі де ғылыми 
атақ алу үшін емес, зерттеліп отырған кеннің өмірге қажеттілік 
мәнін көпшілікке жария етуді көздеп немесе даулы мәселелерге 
ғалымдар назарын аудару ниетімен жазылған. Аспирантура, док-
торантура тәрізді жоғары мектептерде оқуға мұршасы келмеді. 
Рас, білімін көтеруге құштар еді. Амал қанша, Ұлытаудағы мәнді 
ізде ністер алды-артына қаратқан жоқ. Сол себепті дархан өмір 
«аспирантурасында» білімін терең 
детіп, ауыр жұмыс үстінде 
шыңдалды. Енді міне, ғылыми-зерттеу инс ти ту тында істейді, оған 
қоса КазФАН жетек шілігіне тағайын далды. Қарауында ондаған 
ғалым бар, кейбіреулері – ғылым доктор ы, профес сор, академик, 
коррес 
пондент-мүшелер. Оларға кейде әкімшілік жолмен жөн 
нұсқауға тура келмек. Қайсыбірі бетіне ашық айтпаса да іші-
нен: «Осыны ескертіп тұрған қа рапайым ин женер емес пе?» деп 
күмәндануы анық. Де мек, ғылыми атақ туралы да ойлану мұ рат...
1942 жылы Қ.И. Сәтбаев екі монография жария еткен-ді. 
Алғашқысы – «Кеңес Одағын 
дағы мысқа құнарлы құмдауыт 
кендер». Бұл еңбекті жазуға Қаныш Имантайұлы он бес жыл 
талмай әзірленді. Ұлытау өңіріндегі барлау шылық қызметінің 
қорытындысы, әрі бір ғана Жез қазған ауданы емес, бүкіл Одақ 
көле 
міндегі құмдауыт мыс кендерін қамтыған іргелі зерт 
теу. 
Екінші монография – «Қазақ станда қара металлургия өндірісін 
ашу мүмкін діктері». Бұл – қазақ даласындағы темір кендеріне 
ғылыми шолу жасап, олардың өндірістік көлем-қуатын саралап, 
ең сүбелі де үміттісін даралап көрсеткен зерттеу. Түп мақсаты – 
атында тұр, республикада қара металлургия комбинатын салуға 
ғылы ми дәйектеме беру...
Бұл да қазақ геологының сонау 1928 жыл дан, Ұлытау-Жезқаз-
ған алқабының жер асты қазынасын жан-жақты ақтарған кезі-


405
ШЫҒАРМАЛАРЫ
нен беріде әр түрлі басылымдарда жария еткен ғылыми еңбек-
терінде, мақалаларында айтып келе жатқан келелі мәселе. Қо-
рытынды еңбегінде ол бұл іске кең тұрғыдан келіп отыр: Атасу мен 
Қарсақбайдың, Жезді мен Кентөбе, Төрткөл, Тоғай (Қарқаралы 
маңы), Абаил (Оңтүстік Қазақстанда) кендеріндегі темір мен 
марга нец қорларын негізге алып, үлкен өндіріс ашуды сөз еткен... 
Бұл мәсе лені ол анығында 1937 жылы көтерген-ді. Бірақ қолдау 
көрмеді. Ал қа зір? Батыс шека радағы қара металлургия алыпта-
ры жау қолына көшіп, ауыр өнді рістер сапалы құ рыш қа ділгерлік 
сезініп отырған қысыл таяң кезеңде осы мәселенің назарға ілігіп, 
жоба лаушы мекемелерді қызықтырарына ол шү 
бә ланған жоқ-
ты. Бұл ойын геолог респуб лика үкіметіне мәлімдеген. Үкімет 
адамдары оны қара металлургия наркомы И.Ф. Тево сянның на-
зарына жеткізеді. Тынымсыз Сәтбаев үшін бұл да аз, «Ұсыныс 
енгіздім, міндеттен құтылдым!» деп қол қусырып қарап отыруға 
бола ма? Монографиясын қосып, Қазақстанда қара металлургия 
комби натын салу мүм кіндігін нақтылы айғақ тармен дәлелдеген 
мәлімдеме жазып, КСРО Ғылым академиясының Орал, Батыс 
Сібір және Қазақстанның табиғи қорларын қорға ныс қажетіне 
пайдаланумен шұғылданатын комиссиясына табыс етеді.
«Қалауын тапсаң, қар да жанады» дейтін мәтел, тегінде, осын-
дай өнегеден туған. Геологтың ұсынысы бұл жолы бірден мақұл-
данды. Сәтбаев мәлімдемесі бойынша жедел тексеру жүрді де, 
небәрі төрт айдан соң, яғни 1942 жылдың 25 сәуірі күні Халық 
Комиссарлар Кеңесі Қазақстанда қара темірді құрышқа айнал-
дырып қайта қорытатын зауыт салу, соның негізінде болашақта 
үлкен металлургия комбинатын тұрғызу туралы қарар қабылдады. 
Оның құрылысы биыл басталуға тиіс және қысқа мерзімде салы-
нып, соғыс қажеті үшін өнім беруі шарт!..
Сол көктемде-ақ үкімет комиссиясы Қа ра ған дыда бас қосады. 
Темірді қорыту кө мірсіз жүрмейді. Оған және жо ғары сапалы 
кокстелген көмір керек. Сол себептен де болашақ болат алыбы-
ның орны – үшінші отын қоймасы, Қара ғанды маңы болсын деп 
келісілген-ді. Құ рыш құятын өндірістің екінші қажеті – су, ол 
да мол болуы шарт. Орталық Қазақстаннан, әсіресе Қарағанды 
төңірегінен ондай дария көзін таба алмайсың. Ескі әдісті, Қар-
сақбай мен Жезқазғанда қол данған амал дарды еске түсіруге тура 
келді. ҚазФАН ғалымдары әзірлеген үш түрлі ұсыныс 
тан ко-
миссия Нұраның Самарқан көліне құятын, Қарағанды ГРЭС-іне 
салын 
ған тоспаның жағасындағы қыратты таң 
дады. Жасанды 


406
Медеу СӘРСЕКЕ
көлдің желке сіндегі биік шоқы ТЕМІРТАУ деген бейнелі атауға 
ие болып (техникалық құ жатқа Қаныш Иман тайұлының қолымен 
бұрынғы Жауыр тау аты, сірә, жадағай сөз болғандықтан, өзгеріп 
түскен), болашақ комбинаттың атына тір келді. Бұдан соң комис-
сия жаңа комби натқа шикізат беретін кен орындарын ара лауға 
аттанбақ болатын. Алайда?..
Қаныш Имантайұлының аяқ-қолы бүрі 
сіп, ауырып қалды. 
Бұл жолы тіпті қатты жығылды. Арнаулы ұшақ оны Алматыға 
алып ұшты. Дәрігерлер консилиумы тез жиналып, ішек ісігі жай-
лы былтырғы болжамды тағы да қайталаған... Көрер жарығы 
әлі де мол екен, сол күндерде Алматыда жүрген мәскеулік бір 
білгір науқасты қарап: «Кә дімгі соқырішек тің созылмалы түрі... 
Тездетіп операция үс те ліне!» деген. Шы нында да сол кінәрат екен.
Соғыс басталар қарсаңда Қ.И. Сәтбаевтың «Жезқазған 
ауданының кен қазбалары» атты ғылыми еңбегі жарық көрген. 
Оның не 
гізі – 1927-1928 жылдарда «Жаңа мектеп», «На 
род-
ное хозяйство Казахстана» журнал 
да 
рында жарияланған 
шағын мақалалар. Содан бері зерттеу ұлғая түсіп, осы өлкенің 
қазба байлықтарын терең талдап, жан-жақты көрсеткен үлкен 
монографияға айналды. Осы еңбегі үшін Қаныш Иман 
тайұлы 
1942 жылы Сталиндік сыйлыққа ие болды.
Соғыстың ауыр жылдарында шынайы бағасы мәлім болған, 
Отанның сол күндегі ең жоғарғы мемлекеттік сыйлығымен 
баға ланған ғылыми еңбек иесінің абырой-атағы, әрине, биікке 
шығандап, үрдіс көтерілген: «Қазақстан түсті металлургиясын 
өр кен детуде ерекше еңбек сіңірген, Ста линдік сыйлықтың лау-
реаты Сәтбаев жолдастан үлгі алыңдар!..» – деп ша қырған-ды 
Қазақстан КП(б) Орталық Коми теті, республиканың Совнаркомы 
мен Жоғарғы Кеңесінің төрал 
қасы 1942 жылғы үн 
деу хатын-
да. Сол үндеуде Қаныш Имантайұлының есімі Мәскеу түбін де 
қаһармандық көрсеткен жиырма сегіз батыр қазақстандық тар мен 
бірге аталған...
«ПРАВДА», 17 шілде, 1942 жыл, «Ғы лым жарағы»:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет