Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет154/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

«...Тұтқиылдан басталған алапат соғыс бұрын түсіңе кірмейтін шаруа-
ларды мойнымызға артты. Бір күні академия қызметкерлерінің балала-
рын қайда жі бере рімізді білмей сасқалақтап қалдық. Төралқада көптеген 
қалалар аталды. Қазақ достарымның қонаққа барын бере тін игі дәстүрлері 
ойыма түсіп, Қазақстанға жеделхат жол да дық. 
Екі күн өткен жоқ, Қазақстанның Мәс кеудегі өкілдігінен бір жолдас 
теле фон соғып:
 Жолдас Ульяновская, Қазақ КСР Совнаркомының төрағасы Оңдасынов 
жолдастың тапсырмасы бойынша сөй лесіп тұрмын,  деді.  Ол кісі маған 
бала лар ды ғана емес, көшуге тиіс барлық ака демиктерді қабылдауға қазақ 
елінің әзір екендігін ескерт деді, Қазақстанның қай өңірін қалайсыз?..
 Балаларды Бурабай көліне жіберуге болмас па екен?  дедім мен.  
Тиісті ақшаны қайда аударамыз?
 Мен сізге Оңдасынов жолдастың сә ле мін жеткізіп тұрмын,  деп қай-
та лады әлгі жолдас,  Бурабайды қаласаңыз, мейлі, солай-ақ болсын. Оларды 
Кеңес Одағының респу б ликасы қабылдағалы отыр. А, ақша туралы тап 
қазір сөз қозғаудың қажеті қанша?
Бұл сөзді мен ешқашанда ұмыт пай мын. Ұмытуға бола ма?!»
Көп ұзамай егде академиктер ғана емес, ғылым ордасының 
төралқа құрамы түгелдей дерлік, тарих, экономика, жағрафия 
инсти туттары да Алматыға қоныс аударды. Орыс ғылымының 
мақтаныш жұлдыздары атан 
ған академиктер – металлург 
А.А. Байков пен И.П. Бардин, ғұлама геолог В.А. Обручев, энер-
гетик Г.М. Кржижановский (соңғы екеуі және бір топ егде ғалым 
Бурабайда тұр ған), кенші Л.Д. Шевяков пен А.А. Ско чин ский, 
химик Э.В. Брицке, агрономия біл гір лері Д.Н. Прянишников пен 
Н.В. Ци цин, атақты жолшы В.Н. Образцов, топырақ зерт теушісі 
Л.И. Прасолов және ондаған білім 
паз Алатау баурайында бас 
қосып, ежелгі жұмыстарымен емін-еркін шұғыл данды.
Жас зерттеушілер үшін бұл – іздесе тап тыр мас жағдай: тілеген 
көмекті дер кезінде аласың; ұзақ хаттар жазып иә ақыл-кеңес 
естимін деп алыс сапарға аттанудың да қажеті жоқ. Филиал бас-
шысы да (Қ.И. Сәтбаев филиал төралқасының жетекшісі болып 
1943 жылы ресми бекіген) бұл жайында: «Іздегенге сұраған де-
ген осы, – дер еді әзіл-шыны аралас, – уақытша сәтсіздік бұл 
кісілерді қолымызға берген екен – оны өзімізге пайдаланбау ақы-
мақтық болмақ!..»
Әрине, ең алдымен қонақ ғалымдарды қамқорлыққа бөлеу 
керек. Тұрмысы келіс пеген кісі ғылыми жұмыспен алаңсыз шұ-


401
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ғылдана алмайды. Тұтқиыл соғыс бұл кісі лерді жайлы үйінен, 
бауыр басқан қала сы нан, өмір-бақи үйренген ортасынан айы рып, 
кіріптар жағдайға душар етті. Көпшілігі – егде кісілер. Оларды 
ең алдымен қамқорлыққа бөлеп, ерекше күту керек! Алматының 
пәтер жағдайы мәз емес, бірақ қысылып-қымтырылсақ, әрбір 
қызмет кердің үйінен қонақтар үшін жеке бөлме, жатын орын та-
былады. Ал кексе академиктерге Медеу шатқалындағы демалыс 
үйлерінен тұрақты орын бөлінді.
– Жағдайыңыз қалай? Қалай орналас 
тыңыз, бізден нендей 
көмек тілейсіз? Барын қонаққа ұсыну – қазақ халқының ежелгі 
дәстүрі. Мұны бұзсақ – елдіктен кеткеніміз! Күні ертең ұялып 
жүрмейік, тегін де, сіз соны ойлаңыз!..
Әлдеқалай бір шаруамен келген ғалым Қа ныш Имантайұлы-
ның мына лебізінен соң шексіз алғыс білдіре отырып, бұйым-
тайын айтады. Онысы көбіне әлдеқандай ғылыми әдебиетті алыс-
тан алдыру иә алдағы зерттеу жайында. Кейбірі кабинет иесінің 
ақжар қын пейілін арқаланып, әлдебір ұсақ-түйекті қайдан таба-
рын білмей жүргенін айтып, ақыл сұрайды. ҚазФАН төрағасы 
қонақтың тұрмыс тауқыметіне байланысты өтінішін де аяқасты 
етпейді. Әлдекімді шақырып, тауып беруге қолма-қол тапсыр-
ма береді. Қызметкерлердің қайсыбірі оңашада реніш білдіріп: 
«Қанеке, осы кісілерге қағаз, қарындаш, темекі иә қолшатыр 
іздеп қашанғы жүгіре міз?» – десе, Қаныш Имантайұлы ойын-
шыны аралас: «Әй, жігіттер, қызықсыңдар сендер! Үлкен кісіге 
қызмет көрсеткеннен мүгедек болған қазақты әзірше көр 
гем 
жоқ. Мұндай кері кеткеннің сөзін қойыңдар, ақылдарың болса, 
академиктердің ақ батасын ала беріңдер!» – деп жымияды да 
тағы жұмсайды.
Қазақстандық академик Н.П. ПАВЛОВТЫҢ естеліг інен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет